З. А. Мовкебаева (қолы)


Қазіргі психологиядағы тұлғаны зерттеудің негізгі тұрғылары



бет27/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85
2. Қазіргі психологиядағы тұлғаны зерттеудің негізгі тұрғылары.
Қазіргі кездегі психологияда тұлғаны зерттеуде негізгі жеті тұрғыны бөліп қарастырады. Олар:
1 Жеке тұлғаның психодинамикалық теориясы.
2 Жеке тұлғаның аналитикалық теориясы.
3 Жеке тұлғаның гуманистік теориясы.
4 Жеке тұлғаның когнитивті теориясы.
5 Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясы.
6 Жеке тұлғаның іс-әрекеттік теориясы.
7 Жеке тұлғаның диспозиционалды теориясы.
Әр ықпалдың өз теориясы, жеке тұлғаның қасиеті мен құрылымы туралы өз пікірі, оны зерттеудің өзінің әдістері бар. Міне, сондықтан да келесідегідей сызба-нұсқау түріндегі анықтаманы ұсыну қажет:
Тұлға бұл – адам мінез-құлқының уақытша және жағдайланған тұрақтылығын, дара өзгешелігін қамтамасыз ететін психологиялық сипаттамалардың көп өлшемді және көп деңгейлі жүйесі.
Тұлға теориясы – жеке тұлғаның даму механизмі мен табиғаты туралы жорамалдар немесе болжамдар жинағы. Жеке тұлға теориясы адамның мінез-құлқын түсіндіріп қана қоймай, сонымен бірге, күні бұрын болжауға тырысады (Хъелл А., Зиглер Д., 1997).
Тұлға туралы ғылымда осындай жеті тұрақты жауаптар комбинациясы мен жеке тұлға теориясы құрылған. Тұлға теориялары – динамикалық, аналитикалық, гуманистік, когнитивті, мінез-құлық, іс-әрекеттік және диспозиционалды болып бөлінеді.


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

  1. Тұлға дамуының басты көздерінің сипаты қандай (туа біткен немесе жүре пайда болған)?

  2. Тұлғаның қалыптасуына қай жас кезеңі маңыздырақ?

  3. Тұлға құрылымында қандай үрдістер (процестер) басымдық көрсетеді, саналы немесе санасыз?

  4. Тұлға ырық бостандығын меңгерген бе және адам өз мінез-құлқының үстінен бақылауды қандай дәрежде жүзеге асыра алады?

  5. Адамның жеке (ішкі) әлемі субъективті, ал ішкі объективті бола ма, және объективті әдістер арқылы анықталады ма?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет