З. А. Мовкебаева (қолы)


Зигмунд Фрейд – тұлғаның негізгі үш тұжырымды сатысы туралы (ид, эго, супер эго)



бет29/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

3. Зигмунд Фрейд – тұлғаның негізгі үш тұжырымды сатысы туралы (ид, эго, супер эго).
Фрейд жеке тұлғаның негізгі үш концептуальды одағы немесе сатысын бөліп көрсетеді:

  1. ид (ол) – санасыз талаптардың (жыныстық және агрессивті) жиынтығынан тұратын жеке тұлғаның басты құрылымы. Ид қанағаттану принципіне сәйкес қызмет жасайды.

  2. Эго (мен) – ақиқат дүние туралы білімізді білдіретін, психиканың адаммен тікелей ұғынылатын танымдық және орындаушы қызметінің жиынтығы; эго – бұл идке қызмет ету үшін шақырылған құрылым, ол шынайылық принципіне сәйкес қызмет етеді және ид пен суперэго арасындағы өзара әрекетті реттей отырып, олардың арасындағы үздіксіз күрестің алаңы ретінде жүреді.

  3. Супер эго - (жоғары Мен) – адам өмір сүретін ортадағы әлеуметті нормалар, құндылықтар мен адамгершілік құндылықтарынан тұратын құрылым.

Ид, эго және супер эго либидо көлемінің шектеулі болуына байланысты психикалық энергия үшін үнемі күресте (талас-тартыста) болады. Қатты шиеленістер адамды психологиялық күрделі мәселелер мен ауруларға ұшыратуы мүмкін. Осы шиеленістердің күштенуін жою үшін жеке адам санадан тыс қызмет ететін және мінез-құлық түрткілерінің шынайы мазмұнын жасырып тұратын арнайы “қорғаныс механизмдерін” істеп шығарады. Қорғаныс механизмдері жеке тұлғаның біртұтас қасиеттері болып келеді. Олардың ішіндегі кейбіреулері, мыналар: ығыстыру (қиналу келтіретін ойлар мен сезімдерді сананың астына ауыстыру); проекция (өзінің кемшіліктері мен мүлт кету оларға жүктейтін, тиімсіз ойлары мен сезімдерін басқа адамдарға жаза салу); орнын баса тұру (өте қауіп төндіретін объектіден аз қауіп төндіретін объектіге агрессияның адресін өзгертеді, реактивті құрастыру (тиімсіз талаптарды) басу және мінез құлықта оларды қарама-қарсы талаптармен алмастыру); сублимация (бейімделу мақсатында қолайсыз жыныстық және агрессивті талаптануды мінез-құлықтың әлеуметті қолайлы түрімен алмастыру).
Әр адамның өзіне балалық шағында қалыптасқан қорғаныс механизмдер жинағы болады.
Соған орай, психодинамикалық теория шегі бойынша жеке тұлға, бір жағынан: жыныстық және агрессивті түрткілердің жүйесі, екіншіден, қорғаныс механизмдерінің жүйесі болып шығады. Ал, жеке тұлғаның құрылымы арнайы қасиеттер, арнайы одақтардың (сатылардың) және қорғаныс механизмдерінің дара әртүрлі арақатынасын білдіреді.
“Бір адамдар басқа бір адамдарға қарағанда агрессивтілеу боп келуі неліктен?” деп қойылған бақылау сұрағына классикалық психодинамикалық теория шеңбері аймағында: ондай болудың себебі, адам өзінің табиғатында агрессивті құштарлықтан тұрады, оларға қарсы тұру үшін эго мен суперэгоның құрылымы жеткілікті түрде дамымаған деп жауап беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет