З. А. Мовкебаева (қолы)


Гуманистік психология өкілдерінің көзқарастарының салыстырмалы талдауы



бет36/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85
4. Гуманистік психология өкілдерінің көзқарастарының салыстырмалы талдауы.
Гуманистік терияның өкілдерінің пікірінше шешуші жас кезеңі болмайды, жеке тұлға бүкіл өмір бойында қалыптасып дамып отырады. Алайда, өмірдің ерте (ранние) кезеңдері (балалық шақ пен жасөспірім) жеке тұлғаның дамуында ерекше роль атқарады. Жеке тұлғада өзін-өзі өзектілеу процесі қандайда бір себептермен қамалып (жабылып) қалған сәтте санасыздық уақытша ғана пайда болатын тиімді (рациональды) процестер басымдылық көрсетеді. Гуманистер жеке тұлға ерік (ырық) бостандығын меңгерген деп ойлайды. Адам өзін, өзінің әрекетін ұғынады, жоспар құрып, өмірдің мәнін (мағынасын) іздейді. Адам - өзінің жеке тұлғасы мен өз бақытын жасаушы (творец).
Адамның ішкі әлемі, оның ойлары, сезімдері мен эмоциялары гуманистік бағыт өкілдері бойынша ақиқат дүниенің тікелей бейнесін білдірмейді. Адамның ішкі дүниесі толық түрде тек адамның өзіне ғана түсінікті (доступен). Адам әрекетінің негізі субъективті қабылдау мен субъективті қайғыру, уайымдардан тұрады. Әр адам шынайлықты өзінің субъективті қабылдауларына сәйкес интерпретациялайды. Тек субъективті тәжірибе ғана нақты адамның мінез-құлқын түсінуде шешуші кілт бола алады.
Жеке тұлғаның гуманистік үлгісінде негізгі концептульды “бірліктер” ретінде мыналар жүреді:

  1. “Шынайы Мен”- ойлар, сезімдер, “осы жерде және тап қазір”, қайғырулардың жиынтығы. (Роджерс К., 1994)

  2. “Идеалды Мен” – адамның өзінің жеке мүмкіндігін жүзеге асыру үшін игергісі келген ойлар, сезімдер мен уайымдардың жиынтығы.

  3. Өзін-өзі өзектілеу қажеттілігі” – жеке тұлғаның өсуі мен дамуын анықтайтын қажеттіліктер (Маслоу А., 1997).

“Шынайы Мен” мен “идеалды Меннің ” едәуір бұрмаланған түсініктер болғанымен де, олардың конгруэнттілігін (сәйкес келуін) өлшейтін тәсіл бар. Конгруэнттіліктің жоғары көрсеткіші “Шынайы Мен” мен “идеалды Мен” арасындағы салыстырмалы үйлесімділікті білдіреді (өзін-өзі жоғары бағалау).
Конгруэнттілік көрсеткішінің төмен болуы (өзін-өзі төмен бағалау) жоғары мазасыздану деңгейі мен депрессияның белгілерін көрсетеді.
Дүниеге келген кезде “Мен” құрылымының құрылым тармақтары толығымен конгруэнтті, сондықтан адам бастапқыда қайырымды және бақытты болады. Қоршаған ортамен өзара әрекет ету және “шынайы Мен” мен “идеалды Мен” арасындағы айырмашылық (ажырау) салдары К. Роджерстің терминологиясы бойынша ақиқат дүниені бұрмалап қабылдауға, яғни субцепцияға алып келуі мүмкін. “Шынайы Мен” мен “идеалды Мен” арасындағы қатты және ұзақ уақыт алатын ажырау психологиялық мәселелерді тудыруы мүмкін.
Өзін-өзі бағалауы жоғары студенттер сәтсіздік жағдайында (мысалы, сынақтан сүрінсе) ұстазбен байланыс орнатып сүрінген пәнін тағы да тапсырып көруге тырысады. Олар екінші рет әрекеттенгенде көрсеткіштері жақсара түседі. Ал, өзін-өзі бағалауы төмен студенттер сынақты қайтадан тапсыру әрекетінен бас тартады, қиындығын асырып айтады, өзін көрсететін жағдайдан қашқақтап, жиі жалғыз өзі қиналады.
Бұл теорияда жеке тұлғаның одақтары (блок) ретінде А. Маслоу бойынша адам қажеттілігінің бес деңгейі тұрады.
“Шынайы Мен” мен “идеалды Мен” арасындағы конгруэнттілік бірлікке жақындаған кезде жеке тұлға тұтастығына қол жеткізуге болады. Жеке тұлға тұтастығы – бұл “толығымен қызмет етуші жеке тұлғаның” негізгі сапасы. Жеке тұлғаның түзетуі мен тәрбиесінің мағынасы жеке тұлға тұтастығының дамуынан тұрады.
Тұтас жеке тұлға, біріншіден, өзінің туыстары және достарымен жақсы психологиялық байланыс орнатуға тырысады және оларға өзінің жасырын эмоциялары мен құпияларын ашуға тырысады; екіншіден, өзінің кім екенін (“Шынайы Мен”) және кім болғысы келетінін (“идеалды Мен”) нақты біледі; үшіншіден, жаңа тәжірибе үшін толық ашық (дайын) және өмірді “осы жерде және тап қазір” сол күйінде қабылдайды; төртіншіден, барлық адамдарға жағымды қарым-қатынасты жүзеге асырады; бесіншіден, өзінде басқа адамдарға деген эмпатияны шындайды, яғни басқа адамның ішкі әлемін түсінуге және оған сол адамның көзімен қарауға тырысады.
Тұтас жеке тұлғаның сипаттары:

  1. ақиқаты дүниені тиімді қабылдау;

  2. мінез-құлықтың өздігінен болуы қарапайым және

табиғилығы;

  1. мәселені, істі шешуге бағытталу;

  2. қабылдаудағы үнемі “балалық”

  3. “қиын” сезімдер мен экстазды жиі басынан кешіру;

  4. барлық адамзат баласына көмектесуге деген шынайы ниет;

  5. терең тұлға аралық қарым-қатынастар;

К.Роджерстің адам табиғатына көзқарасы З.Фрейдтікі сияқты, оның эмоциялық бұзылулары бар адамдармен тікелей жүргізген жұмыстарының негізінде қалыптасқан. Оның көзқарасы бойынша, адам – белсенді субъект, өзінің алға қойған мақсатына сәйкес дамуына қабілеті бар. Оның айтуынша, бүкіл адамзаттың табиғи тенденциясы – тәуелсіздік, әлеуметтік жауапкершілік, креативтілік және кемелдену бағытындағы қозғалыста болуы. Адам табиғатына осындай көзқарас К. Роджерс теориясының түп діңгегі болып табылады, гуманистік бағытпен дәлме-дәл келеді.
Роджерс те, Маслоу да, адамдар өзін-өзі жетілдірудегі потенциалы шексіз деп санағанымен, бұлардың теориясының үш басты айырмашылығы бар.
Роджерс бойынша, жеке тұлға мен оның мінез-құлқы, қоршаған ортаны ерекше қабылдауының функциясы (соған байланысты дамып қалыптасады) десе, Маслоу адамның мінез-құлқы мен тәжірибесі - қажеттіліктер иеарар-хиясымен реттелініп отырады, дейді. Роджерстен бөлек, Маслоу, адам феноменологиясын ерекшелемеген. Екіншіден, Роджерс теориясы, негізінен, психологиялық проблемалары бар адамдармен жүргізген жұмысының нәтижесінде қалыптасқан. Шындығында, Роджерс, адамның өзіндік кемелденуіне негіз болатын терапиялық жағдайларға көңіл бөліп және терапиядан алынғандарын жеке тұлғаның жалпы теориясына ендірді. Маслоу, керісінше, ешқашан терапиямен айналыспаған, және де психология өз назарын ауытқуларды зерттеуден психикалық тұрғыдан сау адамдарға аударуы қажет дегенді қадағалап, айтып отырған. Сонымен, Роджерс, адамдардың туа біткен потенциалын жетілдіруге көмектесетін дамудың нақты формаларын анықтаса, А.Маслоу теориясында адамның толықтай өзіндік кемелденуіне қарай қозғалысын реттейтін даму процестері мүлдем есептелмеген. Маслоу адам өмір сүру желісінің белгілі “күрт өзгеретін кезеңдерінде” қажеттіліктер фрустрациясына ұшырайтынын мойындаса да, оның еңбектері, негізінен, тек ересектерге арналған.
Осындай теориялық ерекшеліктеріне қарамастан, Маслоу да, Роджерс те адамдар негізінен алға қарай ұмтылады және де қолайлы жағдайларда өздерінің туа біткен потенциалын (мүмкіндіктерін) толығымен іске асырып, шынайы психикалық денсаулықты танытады, деп ойлаған.
К.Роджерс үшін, адамның бүкіл өмірлік тәжірибесі өзіндік кемелденуіне қалай қызмет ететініне байланысты бағаланады. Роджерс теориясындағы тірек ұғымдары: өзіндік кемелдену, феномендік бағдар, (әрбір адамның ерекшелігі, оның қабылдау ерекшеліктеріне тікелей байланысты), субъективті тәжірибенің үстемдігі және “Мен”- тұжырымдамасы. Роджерс бойынша, “Мен” тұжырымдамасы нақты “менді” және идеалды “менді” (адамдар қандай болғысы келеді және болуы да керек) қамтиды. “Мен” тұжырымдамасының дамуы, негізінен әлеуметтену процесі арқылы жүреді (мәнді басқалар – ата-аналар, аға-іні, апа-сіңлі, басқа да туысқандар). Әрбір адам үшін ең маңыздысы – оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі (позитивті назар аударылуы).
Сонымен, Роджерс адамдардың туа біткен әлеуетін жетілдіруге көмектесетін дамудың нақты формулаларын анықтаса, Маслоудың теориясында адамның толық өзіндік кемелденуіне қарай қозғалысын реттейтін даму процестері есептелмеген. Осындай теориялық ерекшеліктеріне қарамастан, Маслоу да, Роджерс те адамдар негізінен алға қарай ұмтылады және қолайлы жағдайларда өздерінің туа біткен әлеуетін толығымен іске асырып шынайы психикалық денсаулықты танытады деп ойлаған. Маслоудың гуманистік тұрғысының негізінде жатқан тезис-әрбір адамды біртұтас қайталанбас, ұйымдасқан тұтастық деп қарастыру. Мотивация мәселесі- Маслоудың бүкіл персонологиясындағы ең маңыздысы болып табылады, адамдар өздерінің жеке мақсаттарын іздестіруге мотивтелген. Мотивтелген процестер жеке тұлғанның гуманисттік теориясының діңгегіне ұқсайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет