З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



бет45/48
Дата15.12.2023
өлшемі484,69 Kb.
#138762
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева-emirsaba.org

Тәрбиешінің ассистенті - тәрбиешінің серіктесі (партнеры), ондай адамның
болуы балалардың жеке мұқтаждығын толығымен қанағаттандыруға және шағын
топтардағы жұмыстарды ұйымдастыруға, балаларға белсенділік орталықтарын
таңдауға көмек көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.
Тәсіл - іс-әрекет сипаты, бір нәрсені жүзеге асырудың жолы.
Тексеру парақтары - балаларды бақылаудың қарапайым және тиімді жолдары.
Олар баланы бақылауға жататын және оның жетістігін қадағалау үшін қажетті
жүріс-тұрыс аспектілерін нақтылайды.
Тектілік, тұқымқуалаушылық - адамның физикалық, биологиялық қасиеттері,
оның организмінің нәсілдік ерекшеліктері. Терісінің, көзінің, шашының түрі, дене
бітімі, ойлау қабілеті мен жүйке жүйесінің ерекшеліктері.
Теңеу - объектілерді олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын белгілеу
мақсатында салыстырудан тұратын ой операциясы.
"Тепе- теңдіктің бұзылуы" - баланың эмоциялық тұрғыдан толып кетуі,
сондықтан болып жатқан жағдайды түсінбеуін көрсету үшін үлкен адамға
жіберетін белгісі.
Тифлопедагогика - соқырлар мен нашар көретіндер педагогикасы.
Толықтырма - "Тәй-тәй" бағдарламасының сабақтарына қатысты толықтырма
деп келесілерді атайды: сабаққа жаңа материалдарды кіргізу; материалдарға
өзгерістер енгізу, материалдарды қолданудың жаңа мүмкіндіктерін туғызу.
Трансформация - өзгерістер мен басқа түрге айналулар.
Триангуляция - үнемі қатысушылар туралы жиналған мағлұматтардың әртүрін
біріктіру тәсілі арқылы ғылыми нәтижелерді бекіту немесе растау үшін


92
қолданылатын әдістерге жатады және қолданбалы зерттеу жұмыстарында


пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет