91
бағалауының көрінісі; бұл таңдау бұрынғы жетістіктер мен жеңілістерді есепке ала
отырып айқындалады.
Талдау (анализ) - затты (объектіні) ойша бірнеше
құрама бөліктерге бөлуден
тұратын ойлау операциясы.
Танымның жеке стильдері- оқу қабілетіне әсер ететін қасиеттер тізімі.
Таңдау- барлық қабылданатын материалдың көлемінен
әлдебір заттар мен
белгілерді бөліп шығарудан тұратын, жеке бастың тәжірибесімен және бағытымен
анықталатын түйсіктің қасиеті.
Таңертеңгі жиын/жиналыс - мұғалім мен оқушылар бір-біріне деген қарым-
қатынасына жауапкершілікпен
қарайтындай етіп, оқыту және әлеуметтік дамыту
жоспарларын бірге қосып жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістемесі.
"Тәй-Тәй" бағдарламасы - Дж. Соростың Орталық және Шығыс Еуропа мен
бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде ашық қоғам құру мақсатында ашқан "Ашық
қоғам институты" қаржыландырып, Джорджтаун университеті жанындағы Сәбиді
Жетілдіру Орталығында 0-ден-12- жасқа дейінгі
балалар мен олардың ата -
аналары үшін құрастырылған бағдарлама.
Тәрбие - баланың жеке басына мақсатты және жүйелі түрде барлық жағынан әсер
ету.
Тәрбие әдісі- тәрбиенің берілген мақсатына жету жолдары.
Тәрбиелеуге саралап қарау - белгілі бір топ оқушыға мақсатты түрде педагогика
тұрғысынан әсер ету (формалдық емес немесе жекеше түрде). Саралап қарау -
оқушыларды жеке тұлға
ретінде жетілдіру мақсатында, тиімді педагогикалық
көмек ету міндетін жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: