Тұжырымдама (концепция) - кез келген бір құбылысты түсінудің белгілі бір тәсілі, негізгі көзқарас, ниет. Тұлға - жеке адамды әлеуметтік жағдайларға кірісу жағынан суреттейтін
әлеуметтік маңызы бар сипаттардың тұрақты жүйесі.
Түзету - ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар тұлғаның ақауын түзету,
емдеу, азайтуға мүмкін болса жоюға бағытталған педагогикалық шаралар немесе
құралдар жүйесі.
Тізбектелген аппроксимация - баланың өзіміз қалаған мінез- құлық көрсетуіне
жеткенше оған қойылатын талапты біртіндеп күшейту процесі. Бұл бала үшін
бұрынырақта типтік болмаған мінез- құлықты хаттау үшін қолданылады.
Тіркеу- баланың іс-әрекетін бақылау процесін құжаттау процесі.
"Тіреуші" - тап осы уақыттағы баланың мүмкіндіктерінің деңгейіне сай
келетіндей қылып көрсетілетін көмекті, үлкен адамның немесе баланың
тәжірибелілірек құрбысының модификациялаған кездегі ахуалын суреттейтін
түсінік.
Ү Үйді аралау - ұстаздардың оқушылардың отбасымен, үй жағдайымен танысу
мақсатында оқушылардың үйін аралауы.
Үй тапсырмасы - ол тек қана жалғыз отырып орындайтын жұмыс емес, үй
жұмысын сыртқы дүниемен байланыстыру мақсатында, үйде немесе үйден тыс
жерде, басқа да адамдардың қатысымен жүргізілетін жұмыс.
Үйір болу - уақыт және кеңістікпен сыналатын нақты бір адаммен эмоциялық
байланыс.
"Үлгілеу - оқытудын көрнекілік - практикалық әдісі үлгі үлгіленуші объектінің
(сыныптың белсенділік орталықтарының жоспары) елеулі қасиеттерінің
жинақталған бейнесінен тұрады.
Ф Фасилитатор (ағылшын тіліндегі " 'Гасііііаіе " сөзінен) - дамытуды өзгертудің
бағдарламасын, стратегиясын және тактикасын құрастыруға көмектесетін адам.
Формалдық емес жиналыс - ата-аналардың жоспарлауымен және ұстаздардың
қатысуымен ұйымдастырылған кездесулер.