З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



бет47/48
Дата15.12.2023
өлшемі484,69 Kb.
#138762
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева-emirsaba.org

Функция - қызмет шеңбері, міндет.
Ш
Шамамен алынған рефлекс - кез келген жаңа тітіркендіргішке бастапқы
психикалық реакция.
Шеберлік - жеке бір баланың белгілі бір сыныптың тапсырмасын орындау
жолдары, оларды тез және дәл атқаруға мүмкіндік беретін практикалық және
теориялық іс-әрекеттерге дайындығы; ол жаттығулар арқылы қалыптасады, жетіле
келе дағдыға айналады.
Шешім қабылдау - жалпы мақсатқа жетуге бағытталған көзқарастар мен іс-
әрекеттердің серіктесу процесі.
Шығармашылық - нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылық тудыру
болып табылатын іс-әрекет.
Шығармашылық қасиет (креативность) - ойлау қабілетінің ерекше
жасампаздығы, өнерпаздық, өнертапқыштық.


93
І 


Ізгіліктеу (гуманизация) - шығармашылық еңбектің, танымның және қарым-
қатынастың субъекті ретінде жеке тұлғаның дамуына бағытталған әлеуметтік -
оқыту процесі.
Іскерлік ойын - әртүрлі жағдайларда, берілген немесе қатысушылардың өздері
бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік
әдісі (имитация).
Э 
Эгоцентризм адамның басқаның позициясын ұстай алмауы, бүкіл зейінін өзінің
мақсаттары, уайымдары және сыртқы әсерлерге жауап бере алмауына аударуы.
Эйдетизм - бұрын қабылданған заттар мен сахналық көріністердің бейнесін сақтау
және жаңғырту қабілеті.
Экспансия - баланың түсініктерін сөйлемдермен, фразалармен астарлау арқылы,
оның бекуін үлкен адамдардың қолдауы.
Эксперимент - эксперимент жасаушының сыналушының психикалық іс-әрекетін
анықтайтын шарттарды мақсатты түрде туғызып және өзгертетін психологиялық
зерттеулердің негізгі әдістерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет