З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



бет42/48
Дата15.12.2023
өлшемі484,69 Kb.
#138762
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Байланысты:
З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева-emirsaba.org

Постнатальдық өмір - баланың туғаннан кейінгі өмірі.
Принциптер - қандай да бір теория, ілім, ғылымның негізгі, бастапқы ахуалы.
Проприоцепторлар - біздің денеміздің барлық жерінде бар және бұлшық еттердің
тонусын, тепе-теңдігін, координациясын, қозу және эмоциялық ахуалын реттейтін
рецепторлар.
Профессиограмма - оқытушының жеке кәсіби қасиеттеріне, дүние тану, жалпы
мәдени, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерінің көлемі мен
құрамына
қойылатын
ғылыми-негізделген
талап-тілектер,
сондай-ақ
педагогикалық шеберлігі мен дағдыларының тізімі.
Психикалық даму - онтогенез бойында баланың психикасындағы санды және
сапалы түрде болатын өзгерістер процесі: баланың әлеуметтік-тарихи іс-
тәжірибені меңгеру процесі.
Психикалық депривация - субъектіге негізгі психикалық мүмкіндіктерді жүзеге
асырудағы жасалатын жағдай немесе психикалық күй.
Психикалық кемістік - адамның психикасы дамуының және жұмыс істеуінің
уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың
салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми
зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ой


90
жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты


оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтар.
Психиканың пренаталдық дамуы - тұқым қуалаушылықпен, сондай- ақ
құрсақтағы ортаның ықпал етуімен анықталатын психиканың туғанға дейінгі
дамуы.
Пікірталас (дискуссия) - кез келген бір даулы проблема немесе сұрақты
бұқаралық түрде талқылау, қарау, зерттеу. Бұл талқылау әдісі барысында көз-
қарастар арасынан ортақ бір пікір таңдап алып, жалпы ұстанымға (позицияға)
келу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет