З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет7/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Бала дамуындағы ауытқулардың диагнозына сай оқыту әдісін дұрыс таңдай 
алу? 
2. Балалардың түрлі даму деңгейіне сай, сыныптар мен топтардағы табысты 
жұмысты қамтамасыз етудің ұсынымдары? 
3. Ауытқулар түріне қалай нақты стратегиялар мен әдістемелік ұсынымдарды 
қолдану тәжірибесі дамуда?  
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Ахмедалиева, 
Д.У. 
Мүмкіндіктері 
шектеулі 
балалармен 
жұмысты 
ұйымдастыру // Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17 
2. Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. // 
Психология, социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б. 
3. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, 
№7, 60-61 б. 
4. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын нормативтік құқықтық 
актілер //www.edugov.kz 
 
5-дәріс. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға 
білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету. 
Жоспар: 
1. Балаларды инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары
2. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға толыққанды жағдай
3. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема 
Дәріс тезисі: Теориялық негіздемесі «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін 
ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған 
жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім - барлығы үшін» түсінігімен бірге 
қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала 
мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен 
теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі 
шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. 
Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің 
бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі 
шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім 
беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді 
қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға 
олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Мүмкіндігі 
шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан 
басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі 
шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» 
туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан 
білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, 
медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш 


22 
заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы 
зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге 
қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың 
басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал ата-
аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала 
отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны 
қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ 
шешімін таппаған мәселелер көп. Орта білім беретін мектептерде педагогтарды 
дайындау, мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді 
мәселелер шешілу керек. Республиканың мектепке дейінгі және бастауыш білім 
беру жүйесінде ерекше қажеттілікті балаларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі 
заманғы қазақстандық әлеуметтік экономикалық жағдайларды, ұлттық білім 
беру жүйесінің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Оның үстіне, интеграция мектепке 
дейінгі білім беру мекемелерінде сезімтал бағдарлама мен кадрлық базамен 
қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асуы қажет, ал әдістемелер баланың 
ерекше мүмкіндіктері мен қабілетіне, сонымен қатар оның дамуындағы ерекше 
қиындықтар сипатына сәйкес болғаны жөн. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның 
«Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық 
мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені 
талқылаған 
халықаралық 
конференциялар, 
түрлі 
семинарлар 
ұйымдастырылуда. Бас сарапшы «Қазақстан инклюзивті білім беруді дамытуға 
дайын» деп есептейді. Бірақ қажетті құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу 
қажет. «Біз алғашқы қадамын жасадық. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді 
дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет 
инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған 
арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп 
отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім 
беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе 
кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип балаларға арналған жаңа 
мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға 
білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы 
ұжым қалыптасқан. Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан 
Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті 
балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді.Оның негізіне 
төмендегідей қатаң тұжырымдар салынған: 1. Балалар отбасы мен 
қоғамдастықтың мүшесі болып табылады. 2. Әр бала білім алуға құқылы. 3. Әр 
баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен 
қажеттіліктері бар. 4. Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және 
дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды. Балаға 
бағдарланған балабақшалар мен мектептер әр баланың әлеуетін ашуға 
ұмтылады, бала бойына адамдардың айырмашылығына шыдамдылық таныту 
дарытылады, отбасымен өзара қарым-қатынасты нығайтады. Дамуында 
ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін 
білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер қажет болады. Оның үстіне педагогтер осы 
балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі 


23 
тиіс. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема - оған 
қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың 
аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету-осының бәрі даму мүмкіндігі 
шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту 
әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар 
туғызады. Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары бар балалармен 
жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі толмайтындығын атап 
көрсетеді. Мысалы, педагогтар (тәрбиешілер), оның ішінде дефектологтар 
баланың оқуы мен даму үдерісіне теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен 
факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, мұғалімдер бала бойындағы 
ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын болуы тиіс.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім 
алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. 
Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі 
мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге 
мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін 
жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым 
– қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға 
кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет