ІІІ.Зерттеу бөлімі
Ою-өрнектер бейнеленген қолөнер бұйымдары
Ағаштан жасалған бұйымдар
|
Киіз үй
|
Теріден және ағаштан жасалған бұйымдар
|
«Қазақ ері», «Үйрек бас ер», «Құранды ер», тебінгі, үзеңгі ,темір желдіктің қасы, Құр айыл
|
Зергерлік бұйымдар
|
Білезік, сақина, жүзік, сырға, белдік, шолпы, алқа, тұмарша, тұмар, сәукеле.
|
Жүннен жасалған бұйымдар
|
Қиіз, текемет, сырмақ,түскиіз, шымши, аяққап, қалта.Кесеқап, басқұр, ақ басқұр.
|
Өзім жинақтап танысқан материалдың ішіндегі қазір кездеспейтін және қолданбайтын бұйымдарды байқадым. Олар: аяққап, кесеқап.Ал қалта,сырмақ текемет, киіз ауылда көп кездеседі. Сондықтан ұлттық нақыштағы көне ұлттық ою-өрнектерді өз заманымызға лайықтап жаңартуға болады.
Компьютер арқылы да адамның ой -өрісіне байланысты оюдың жаңа түрлерін ойлап табуға болады.Қазіргі заманда көп өнеркәсіп орындары да ашылып жатыр. Онда ұлттық киімдер, аяқ киімдер, қалтаның бірнеше түрін ойлап шығарып жатыр.
ІV.Қорытынды
Қазақ халқының ою-өрнектері туралы мәліметтерді жинақтап, салыстырып, өз зердеме салғанда мынандай қорытындыға келдім.
Біріншіден, ғасырлар бойы сақталған ұлттық ою-өрнектер түрлерімен және атауларымен таныстым.
Екіншіден, қазіргі тұрмыста бұрынғы ою-өрнек түрлері қаншалықты деңгейде бізге жеткенін байқадым.
Үшіншіден, ою-өрнектердің қолданылуы туралы білдім.
Қорыта келгенде, ұлттық ою-өрнектер қол өнеріміздің көрсететін, қазіргі заманымызға лайықтап, дамытып жаңартуға болатын өнер. Осы арқылы өз салт- дәстүрімізді жаңғырта аламыз деп ойлаймын.
Жаңадан көркем- кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендірілді.
Компьютер арқылы да әр адамның ой-өрісіне қарай оюдың жаңа түрлерін ойлап табуға болады.
V.Қолданылған әдебиеттер
1.Ж.Балкенов. Ұлттық ою өрнек. Қарағанды, 1998ж.
2. Қ.Болатбаев. Бейнелеу өнері. Атамұра, 1993 ж.
3.А.Маргулан. Декоративно-прикладное искусство Казахстана. Том. 1-2,
Алматы, 1986 г.
4.Сейт Кенжеахметұлы. Қазақтың мәдени салт-дәстүрі, Алматы, 2006 ж.
5.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
6.М.Ш.Өмірбекова Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Алматыкітап, 2004ж.
7. «Бастауыш мектеп» журналы №10, 2006ж. 38-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |