З аман элиталық қазақ мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Хайруллина Аружанның



бет3/10
Дата18.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#83816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын ою-өрнектермен танысу.Асыл мұралар тарихын зерттеу арқылы ою-өрнек түрлерін, жасау жолдарын білу.Келешекте осы әртүрлі оюларды заманымызға лайықты жаңғырту.Ұлттық өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.
Жұмыстың мақсаты:
Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнерін үйреніп, болашақта осы үрдісті үзбей , ата –бабамыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан
дәстүрін дәріптеу. Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы халқымыздың рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру. Халқымыздың бай өнеріне сүйіспеншілік сезімін тудыру.
Мақсатымызға жету үшін мынандай міндеттер жүктеледі:
-Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы материал жинақтау;
-Жинақталған мәліметтерді сұрыптау;
-Қазіргі кезде ою-өрнектер күнделікті өмірде қалай қолданылатынын
нықтау.
Міндеттерді шешу әдістері:
-Ұлттық өрнектердің түрлерін жинақтау;
-Ою-өрнектер бейнеленген қолөнер бұйымдардын топтастыру.
-Ата –аналарымызбен, әжелерімізбен сұхбат жүргізу
-Өзіндік ой топшылау;


Жұмыстың жаңашылдығы:
Халқымыздың мәдени –тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау, ұғыну және шығармашылық қабілетінің дамуы халық шеберлерінің шығармашылық ізденістерін шыңдай түсті.Жаңадан көркем- кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендіріледі.
Компьютер арқылы әрбір оқушы ой-өрісіне қарай оюдың жаңа түрлерін ойлап табуға болады.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Бастауыш сынып оқушылары дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, ана тілі, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.


Негізгі бөлім
2.1. «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою-өрнектермен байланысты болып келеді.Ою-өрнексіз орындалған бұйымдарының айтарлықтай әдемі, көрнекті болмайтыны белгілі. Көркемдік – көңіл көтереді. Ұлттық қолөнер –халықтың ғасырлар бойы көркемдік тәжірибесінің қайнар көзі.
Ұлттық киім, үй жиһаздарындағы әшекейленген әрбір ою терең ой, мағына беріп, өте нәзіктікпен жасалады. Ою-өрнек – адамның ойлау қабілетін дамытып, икемділігін,шеберлігін қалыптастырады. Бұған «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деген дана халқымыздың мақалы дәлел болады.
Ою дегеніміз – бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген ұғымды білдіреді.Ал өрнек деп, әр түрлі ою, бедер бейнені күйдіріп, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауын айтады.Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтылады. Ою-өрнектің барлығына ортақ заң – симметрия яғни, ою-өрнек бөліктерінің бір –бірімен мөлшерлес келуі.
Сондықтан да мұндағы басты мақсатым: бүгінгі күні ою-өрнектерді үйреніп, болашақта осы үрдісті жалғастырып, ғасырлар бойы сақталған ұлттық ою-өрнектерді дәріптеу.Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы ұлтымыздың бай өнеріне сүйіспеншілік тудыру.
Ою-өрнек төртке бөлінеді. Хайуанаттық, геометриялық, ғарыштық, өсімдік бейнесіндегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет