З аман элиталық қазақ мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Хайруллина Аружанның



бет9/10
Дата18.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#83816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.5.Ою-өрнектердің қолданылуы
Қазақ ұлттық ою-өрнегі атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе



сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.
Ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы,нәзік болады.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім түрлері өзгеріске ұшырады. Ұлттық киімнің бояуын, түсін өзгерткенмен түрін, пішінін өзгерту дұрыс емес. Бұл біздің қазақ ұлтына тән ерекшеліктегі ою-өрнек, кие қасиет. Осы киіммен халқымыз тарихи дәуір өткізген, досы, қасы да таныған. Ғасырдан ғасырға дамыған ою-өрнек тілінен шеберлер ойын да, көңіл күйін де, уақыт жағдайларын да жеткізе білген. Әр шебер өзі жасаған ою-өрнегінің қандай ою түріне ұқсайтынын, қандай ат лайық екендігін және ою-өрнекті қай затқа қалай пайдалану керектігін дәл де нақты білген. Әрбір күрделі оюдың өсімдік тамыры іспеттес түбі, түбірі, діңі, тамыры болады. Бұл менің өз ұғымым. Түбірінен бастап өрбіп жайылып, ерекшеленеді, бір-бірімен астасады, сәнді шеңбер жасай отырып «табақ» тектес күрделі ою құрайды. «Табақ» ою түрі – жиегіне су жүргізіп ішіне алуан түрлі ою салу. Қазақ халқының тұрмысындағы көп қолданылатын оюдың атасы қошқар мүйіз өрнектері сан алуан. Ою-өрнек тұрмыстық заттармен қатар құлпытастарға да салымды. Ер адамға құлпытас тұрғызылса, найза, айбалта, ұсталықпен айналысса, құрал-сайман суреттері қашалған. Ал әйелдерге құлпытас тұрғызылса, алқа, сырға сияқты күміс әшекейлер, үкілі сәукеле тағы да басқа заттар бейнеленген.
Б із жоғарыда көрсеткендей көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды.

Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбилеуге қызмет етеді.


Ерте кездегі авторлардың айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массағаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген.
Ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек-орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар әшекейленген. Кесте тігу, тоқымашылық, өру, құрақ құрау өнері, ағаш бетіне күйдіріп ою салу немесе зергерлік, керамикалық, т.б. кең түрде қолданылды. Мұндай алтыннан айрақша күрделі өрнектер салынып жасалған заттар үстем таптың пайда бола бастауын, таптық қауымның өзгере бастауын көрсетеді. Алтыннан нәзік өрнектермен істелген диадема, аңшылықты бейнелейтін көріністер, адам бейнесі, жыртқыш аңдар мен мифтік жанды заттардың өрімделген, ою-өрнектелген күрделі композициясының барлығы, сол кездің өзінде-ақ өнердегі шындық негізді салыстырып қарағанда, техникалық және көркемдік жағынан жоғары қолөнершілікке қолы әлдеқайда ерте жеткендігі байқалады.
Демек, ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде сақталды.
Тек қана ХІХ ғасыр ортасында қазақ халқының Россияға қосылуымен қазақ мәдениетінің орыс мәдениетіне қоян-қолтық араласуы, қазақ қолөнерін қайта өрлетіп, жаңа элементтермен байытты. Түрі жағынан қолөнерінің бейнелеу амалы байыды. Кестелеуге алтын, күміс түсті жіптер мен өрнектеу тәсілі еңгізілді. Күнделікті тұрмыста өндірістік бұйымдар пайда болды. Халық творчествосын шабыттандырып, кестелеудің әр түрлі әшекейлі әдістеріне көңіл

аударыла бастады. Жасампаз халқымыздың архитектуралық сәндік, күнделікті т ұтынатын жасау жиһаздары мен алуан түрлі әшекейлі бұйым нақыштарына қарай отырып, халық шеберлерінің ою, өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне, асқан зейінділік, сезімтал творчестволық тәсілмен тамаша пайдаланғанына көзіміз жетеді. Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ, тарихына бойласақ, ел іші он саусағынан өнері тамған өнерпаз саңлақтарға кенде болағанын көреміз. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа


Қазақта «ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деп киімді айтатын болса, киімнің жарасты да, келуіне киім әшекейлерінің атқарар ролі жоғары болған. Ер адам киімінің негізгі әшекейі – белдік болып табылады. Киімді буынуға арнауының сыртында белдіктің ырымдық, салттық қырларына байланысты, киім әшекейінің бұл түрі де сақ, ғұн, түрік замандарындағыдай күмістеліп, тас орнатылып сәнделеді. Белдіктің қазақ арасында «кісе», «деумент», «күміс белдік», «келер белдік» деген т.б. түрлері кең тараған.
Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы киім үлгілері мен әшекейлерінде кейбір өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Қыздардың бас киімдері тақия мен бөрік - әр түрлі сәнді жапсырма маталармен інжу, маржанмен, күміс шытыралармен, тана мен төбесін шоқ үкі қауырсынымен әшекейлейтін болған. Оларды бұйымға қосып өрілетін маржан мен шытыра шашбаулар тағылған күміс шытыра шолпылар ажарландыра түседі. Оңтүстікте көршілерінің, әсеріне байланысты бұйымның ұшына таралған қара жібектен металл араласқан шашақ тағу дәстүрі болған. Оңтүстік Қазақстан сәукелесі, негізінен, Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан сәукелелеріне ұқсас. Тек қана кейде оның етегіне маржан моншақтардан торша тігіледі. Жетісу сәукелесінің екі жағына қатарластыра маржан тігілген желек бар. Бұл сән-салтанатты бас киімнің екі жағын жаңбарға ұқсас күміс бұршақтай бетмоншақ толықтырып жүр. Көз тартатын бұл дара нұсқа коллекцияның көркі десе болғандай.
Оңтүстік Қазақстанның дәстүрлі өңір әшекейлерінде кестелі әшекейлер өте мол.
Қыздардың мойын әшекейі тамақша – мата өрнекті кестелермен, шытыралармен сәнделген матадан тігіледі. Камзолдың және көйлектердің белі мен жағасы маржан теңгелер қадалған тізбемен және күміс шытыралармен безендіріледі.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет