З аман элиталық қазақ мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Хайруллина Аружанның



бет8/10
Дата18.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#83816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Х-Х1 ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.

«Түйемойын» ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен түтас келеді де,»түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.

«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, түскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

«Айыр» ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.

«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбқа үқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.

«Каңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың құрап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқұр бау т.б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек ретінде салынды.
« Қаpma» ою-өрнегі төрттүлік малдың дене мүшелеріне еліктеуден шыққан, және сол мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік бұйымдарда, кесте тігуде кездеседі. «Қарта» өрнегі жүрекке ұқсаңқырап келеді.
«Қабырға» бұл өрнекте қарама-қайшы түстер қатар алынады. Ақ немесе сары фонда қара өрнек жүргізіледі. Бұл өрнек ағаш бетіне бедер түсіруде, кесте тігуде кездеседі және басқұрға да осы өрнектер жиі бейнеленеді.



«Омыртқа» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әртүрлі үйлесімде түрленіп ою композициясының ортасына және жиегінде қолданады.



«Қайнар» ою-өрнегі малды өлкеде өмірге келген, оюдың түстері салкын түстер гаммасынан кұралады. Бүл ою-өрнек жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде пайда болған өрнек мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан тұспалдайды.

Қ орта айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады.


Бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық қоңыр ою-өрнектерімізді, кәзіргі заманда сақтап, жастарымыздың бойына ұялата білу біздің парызымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет