З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


Көкбай – Абайдың талантты әрі әнші шәкірті



Pdf көрінісі
бет24/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Көкбай – Абайдың талантты әрі әнші шәкірті. Көкбай – Абайдың ең 
талантты ақын, әрі әнші шәкірттерінің бірі. Ол Абаймен 1880 жылдан бастап, 
жиырма бес жыл жолдас, дос болған адам. Ол 1886 жылы қазіргі Семей 
облысы, Абай ауданында туған. Көкбай он жасынан бастап он бес жасына дейін 
Төлетай деген молдадан оқиды. Он бес жасында оқуды тастап, бозбалалық, 
ойын-сауық, той-дұман құрып кетеді. Ән-күйге, өлең-жырға құштар, талапты 
жас Көкбай домбыра тартып, ән салып, өлең айтып, ауыл арасының ойын-
сауығынан қалмайтын болады. Жас кезінен ширақ, пысық, өткір тілді, өжет әрі 
тентектеу де болыпты. Кісінің мінез-құлқын, жағымсыз қылығын, ұнамсыз 


60 
жүріс-тұрысын әзіл-қалжын етіп, қолма-қол суырып салып өлең шығаруға жас 
күнінен бейім болады. 
Көкше ішінде Балтай, Қаркүшік дейтін руының биі, атқамінер ақсақалы –
Төребай деген адамды әжуа етіп шығарған Көкбайдың бір ауыз өлеңі елге тарап 
кетеді: 
Көкекте күн ұзайы жазға бастап, 
Болады сонда Төкең үйден қашқан, 
Үйінде жалғыз турам дәм болмайды
Барғанда кісі үйіне сондай асқақ. 
Сөйтіп, Көкібай ауылда ән салып, өлең айтып жүреді де, он жеті жасында 
Семей қаласына оқуға кетеді. Оның орысша оқуға Семейге келуіне үлкен себеп 
болған Әріп еді. 
Ауылдан қашып келіп, орыс мектебінің есігін ашқан Көкбайдың бірінші 
класта, оқу жылының бірінші жартысында оқуға осындай үлгеруі жаман 
болмаса керек. Ал қала баласы Малтабаров бар сабақтан «3» деген бағаны 
алады. 
Көкбай оқуға түскен жылы бұл училищенің әрбір қаласында оқитын қазақ 
балалары болған. Көкбай оқитын үш кластық училищеде оқитын шәкірттердің 
көбі орыс балалары болады. Бұл қазақ балаларының орыс тілін жақсы біліп 
шығуына ерекше пайдалы еді. 
Ауылда бала жасынан домбыра тартып, ән айтып, суырып салып өлең 
шығаруға машықтанған Көкбай, енді қолына қалам алып, өлең жаза бастайды. 
Оқып жүргендегі алғашқы өлеңдері өзімен бір мектепте оқитын, құрбы-
құрдастарына арналған әзіл, мысқыл сияқты өлеңдер болады. 
Көкбай училищеде оқып жүрген кезінде медресеге де түсіп оқиды. Кәмали 
молдадан сабақ алады. Сөйтіп, Көкбай Семей қаласындағы үш кластық уездік 
училищені бітіріп, және медреседе оқып, орысша, мұсылманша білім алған. 
Оқуын аяқтап, елге қайтып келген соң үнемі Абайдың жанында болады. Абай 
өзі жазған көп өлеңдерін бірнеше жыл бойы Көкбай атынан таратады. 
Көкбайдың аты Абай өлеңі арқылы 1889 жылы баспа жүзінде мәлім бола 
бастаған. Көкбай Абайдың өле-өлгенше айырылмас адал досы, ақын шәкірті 
болды. Көкбайдың суырып салып айтқан өлеңдері көп болған. Ондай өлеңдерің 
қағаз бетіне түсірмеген. Тек шәкірттерінің жазып алғандары, ел ауызында 
ұмытылмай сақталғандары ғана бізге жеткен. Сондай-ақ суырыпсалма-
импровизатор ақындық өнерімен қатар әрі қалам қайраткері. Ол ұзақ өлеңдерін 
жазып шығаратын болған. Көкбай уақиғалы үлкен шығармалар жазған, кең 
құлашты эпик ақын. Оның тарихи тақырыпқа арнап жазған үлкен дастаны- 
«Сабалақ». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет