З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет30/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Дулат 
Бабатайұлының 
шығармашылық 
мұрасы. 
Дулаттың 
«Өсиетнама» жинағы (1880). Дулат Бабатайұлының "Сүлейменге", 
"Бараққа", "Кеңесбайға", арнауларындағы заман күйі, ел мінезі. Ақынның туған 
жер, ата-қоныс жайын толғаған «Ақжайлау мен Сандықтас», «Атақоныс 


67 
Арқадан», «Таудың жарып арасын» өлеңдеріндегі қозғалған адыра қалған ата 
қоныс, қимас мекеннің өксігі. Дулаттың сөз өнері, өлең, ақындық қуат жайлы 
шығармалары. "Тегімді менін сұрасаң", "Сүлейменге", "Сезім бар да, кезім 
жоқ", т.б. өлендеріндегі «сорлаған нөсердей» жыр құйған «сарқылмайтын 
суат», «жыр сауыты», «жібек сөзден», «жыр кесте» өрнектеген ақындық 
жаратылыс. Дулаттың "Еспембет" дастанындағы ел тарихы, елдік, ерлік 
дәстүр. Дулаттың мысал өлеңдері. Дулат Бабатайұлының өлең құрылысы. Тіл 
кестесі.
Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы.  
Мұрат поэзиясының жанрлық сипаты. Көркемдік қуат, құндылығы. 
Мұраттың "Үш қиян'", "Сарыарқа" толғауларындағы елден, жерден айырылу 
сарыны. Мұраттың отаршылдық зардаптарын алдын-ала болжауы. Мұраттың 
"Жалпыға айтқаны" толғауы, "Арғымақ сайлап не керек", "Жігітті көркем 
көрсетші", "Айшықты ала ту тіккен", "Жалп-жалп ұшқан жапалак" өлеңдері. 
Жантөле кызбен айтысы. Мұраттың "Шалгез", "Қазтуған", "Қарасай-Қази" 
жырларының көркемдік алымы, эпикалық дәстүрмен сабақтастығы.
Мұраттанудың қазіргі кезеңдегі мәселелері.
9 ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет 
XIX ғасырдағы оку-ағарту, баспа ісі. Оның әдебиеттің дамуына ықпалы.
Шоқан Уәлихановтың қазақ қоғамының жайын зерделеуі. Әдеби мұраны 
ғылым нысанына айналдыруы.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі. Қазақ әдебиетіне Европа 
үлгісін енгізуі. Оның «Қазақ хрестоматиясы», «Шариат-ул-ислам» еңбектерінің 
қазақтың руханият тарихындағы, жаңа жазба әдебиет тілін қалыптастырудағы 
орны.
Ыбырайдың қазақтың тұрмыс-салт ерекшеліктерін сипаттаған этнографиялық 
жазбалары. 
Ыбырай мұрасының зерттеліп, басылым көруі. Ыбырайтанудың қазіргі кездегі 
көкейкесті мәселелері. 
Ыбырай Алтынсариннің әдеби, ғылами мұрасын зерттеудің ілгері оздырудың 
ендігі талаптары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет