З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет5/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
 
 
2 ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері 
 
Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса 
құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп 
табылады. Айтыста халықтың әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, дүниетанымы, 
эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу 
тарихтары байқалады. « Ең алғаш тұрмыс – салт жырлары «Жар – жар» мен 
«Бәдіктен» бастау алып, сан алуан асу – кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген 



айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек 
өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып 
отырады.
Айтыстың көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі 
түрі – «Бәдік» айтыстың негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты 
жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақындар 
айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және сол 
бұтақтардың бәрі халықтың өмір – тұрмысын жан-жақты көрсетіп, барынша 
толық бейнелейді. Бәдік айтысынан басқа қайымдасу, жануарлар мен адамның 
айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері 
қалыптасты. 
Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап 
айрықша кең өріс алып, мол серпінімен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың 
көшпелі өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды. Оны тудырған 
да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс – 
тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, 
қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Айтыстың басты ерекшелігі – оның 
суырыпсалмалы түрде орындалуы.
Айтыс қай кезеңдерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың 
назарынан тыс қалмады. Оның әр түрлі үлгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың 
екінші жартысынан бастап В. Радлов, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С. 
Жантөрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин және т.б. жинап, 
жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен дерекрер А. Васильев, А. 
Левшин, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, 
Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, С. Қирабаев, М. Мырзахметов, С. 
Қасқабасов, М. Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады.
Соңғы деректер бойынша қазақ халқының айтыс өлеңдерін екіге бөліп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет