З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


біріншісін – Тұрмыс-салт айтысы, оның ішінде а) Бәдік; ә) «Жар – жар»; б)



Pdf көрінісі
бет6/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
біріншісін – Тұрмыс-салт айтысы, оның ішінде а) Бәдік; ә) «Жар – жар»; б) 
Қыз бен жігіт айтыстары; в) Қағысулар деп сараласа, екіншісін – Ақындар 
айтысы деп белгілеп, оны а) Дін; ә) Жұмбақ; б) Жазба айтыс деп топтаған. 
Кезінде М. Әуезовтің «қазақ ауыз әдебиетінде айтыстың көне түрі бірнеше адам 
қосылып орындалатын ғұрыптық әндерден басталып, ақындар айтысына 
ұласты», - деген пікірі осыған дәлел.
 «Айтыс» - қазақтың байырғы төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер 
бәсекесі ұғымында қолданып келген. Екі адамның бетпе-бет келіп өнер 
жарыстырып бәсекеге түсуі сөз арқылы да, белгілі бір аспапта кезектесіп күй 
тартысумен де, қолма-қол шығарып айтылатын өлеңмен болуы да мүмкін. 
Мұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» кәнігі шеберлік, алғырлық пен 
тапқырлықты керек етеді. Ерте заманнан ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз 
қадірін қадір тұтып қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде айшықты сөз 
өрнегі ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінін рухани өмірінін 
жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған. Ақындар 
айтысының бәрі дерлік жұрт бас қосқан ойын-сауық, үлкен жиын, ас-тойларда 
өтетін болған. Шаршы топта бәсеке сайысына түскен екі ақынның сөзін сарапқа 
салып, әділ төрелік айтушы да көпшілік, сөз мәнісін білетін көшелі би, 



абыройлы ақсақалдар. Сол себепті екі жақ тапқырлық пен тауып айтқан уәжді 
де аталы сөзін мойындамауға немесе билікті көрер көзге бұрып айтуға ешбір 
қақы жоқ. Екі жақ та «сөз тапқанға қолқа жоқ», «аталы сөзге арсыз жауап 
қайтарады» деген ұлағатты принципті ұстанады. 
Аталмыш өнер түрі халықтың жиналған жерінде өткізіліп, қандай 
тақырыпта болатындығы сол айтыс үстінде анықталған. Сондықтан әр 
айтыскер қарсыласын қалай болса да жеңу, неден сүріндіру амалын 
ойластырып, соған шамданып келді. Әдетте, айтыста көптеген мәселелер 
көтеріліп, бір тақырыптан екіншісіне ауысып отырады.
Ақындар жекпе – жек ұрысқа шыққан батырлардай бір – біріне күш 
көрсетіп, өздерінің мықтылығын айтып, қорқыта сөйлейді. Өз жерінің, елінің 
шыққан ортасының кереметтігін жырлайды. Әрине, жеңу мақсатын көздеп 
келген ақын басқасының мінкемшіліктерін тізе жырлайды.
Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, желқабыз, тапқыр ақын болса да 
шындықтан жалтарып құтылып кете алмаған, оның бәрі де тек шындықпен 
суарылған аталы сөзге тоқтап бас иетін болған. Бұл тартпас уәж, шындыққа 
құрылған бір ауыз сөздің жеме-жемде айтыс тағдырын шешіп кететіні де 
осыдан. Бұл сипаттарымен айтыс өзіміздегі шешендік сөздерді еске салады. 
Айтыс өлеңдерін сан ғасыр өтсе де ұмытпай жадында сақтап, біздің 
дәуірімізге жекізуі, біріншіден, ақындардың талантын қадір тұтуы болса
екіншіден, сол ел, ру мәртебесін қорғаған ақындардың өлең – жырларын кейінгі 
ұрпақтың көкейіне ұялатып, олардың патриоттық сезімін оятудың құралы деп 
санаған. Айтыс ақындардан тапқырлықты, білімдарлықты, өмір тануда сергек 
сезімталдықты және өзгеге ұқсамас өзіндік ерекшелігін талап еткен. Айтыстың 
шешендік сөз сайысы, тәрбие мектебі тапқырлықтың тұғыры болып ерекше 
бағаланады. Ертеде өткен ақындар айтысының дүлділі Біржан мен Сараны
Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Әсет пен Рысжанды, 
Жамбыл мен Құлманбетті және т.б. рулы елдің ар-намысын қорғаушылар 
дейді. 
Айтыс – көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде 
аз, енді бірінде мейлінше мол дамыған. Бұл кездегі жазу-сызудың жоқтығынан, 
ауызекі дәстүрінің мейлінше кең етек алуыннан туған қажеттілік еді. Айталық, 
өмір салты мен әдет – ғұрып, салт-санасы бізбен егіз кешегі көшпелі қырғыз
қарақалпақ алтай елдерінде де айтыс өнері болған, алайда бұл жанр оларда дәл 
біздегідей жетіліп, кемелдене қоймаған. 
Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз 
әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, 
ғылыми негізден айқындап көрсету – әлемдік әдебиеттануда тек қазақ 
әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді. 
Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану 
ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. 
Мұның мәні – қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын 
көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында. 


10 
Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа 
басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, 
дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр.
Сол өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс 
өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан 
дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл 
мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте 
зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген 
зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі 
айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. 
Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын 
өзгешеліктер, әрине аз емес. 
Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, 
мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің 
бәрінің көзқарасы бірдей емес. Әрине, олай болуы мүмкін де емес.
Осы орайда, А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX 
ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі. 
А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен «Жазу жайылған сайын 
айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады» деп хабар береді. Бұл түйін - 
айтыстың, дара ақындар айтысының аса жанданған әдеби үлгі, жаңа көркемдік 
арна екендігін айғақтай түсетін түйін.
Мысалға, Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті үлгілерін 
қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген 
үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен 
айырмашылығын атап көрсетіп берді. Оның арғы-бергі әдебиет үлгілеріне 
қатысын көрсетеді.
Ә.Қоңыратбаев XІX ғасырда туған айтыс поэзиясын беске бөледі. 
Ілгеріде айтысты зерттеушілер әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет