З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет3/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
КІРІСПЕ 
 
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы – базалық пән, соның ішінде 
міндетті компонент болып табылады.
Пәнді оқу барысында білім алушылар ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің 
дамуын, қалыптасуын, әдебиетшілердің зерттеулерін, осы кезең өкілдерінің 
өмірі мен шығармашылығын, қазақ әдебиетіндегі рөлдерін, туындыларының 
көркемділігін білуі керек. XIX ғасырдағы қазақ тарихы және қазақ әдебиетін; 
XIX ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері және оның өкілдерін; ХІХ ғасыр 
әдебиетіндегі Қоқан езгісіне карсылык сарын жөнінде; XIX ғасырдағы сал-
серілер жөнінде; Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс күрескері 
жөнінде; XIX ғасырдағы ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы тарихи 
жырларды; XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиетті; XIX ғасырдағы қазақ 
әдебиетін зерттеудің өзекті мәселелерін, алдағы міндеттерін игеруі керек Осы 
пән бойынша оқытылған барлық тақырыптарды толық зерттеп, ойын дәлелді
жан-жақты талдаулармен жеткізе білу дағдысы болуы керек. ХІХ ғасыр қазақ 
әдебиеті мен тарих байланысы, дәстүрлі айтыс өнері, қоғамдық жағдай, сал-
серілер, өнерпаздылық, ақындық ерекшелік, бостандық сарыны, Махамбет, 
Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығы, жазба әдебиетінің дамуы туралы, осы 
кезең әдебиетінің көркем құндылығынан, ғалымдар зерттеулерінен құзыретті 
болуы керек
«Филология» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге арналған 
оқу- әдістемелік құрал кредиттік технология жүйесімен білім алуда қосымша 
құрал ретінде ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелік құралда оқу процесiнiң 
мазмұнын тереңiрек ашу үшiн бағдарлама бойынша оқу материалдары іріктеліп 
ұсынылған және әрбір тақырыптың соңында студенттің білімін толықтыру 
мақсатында анықтамалық мәліметтер берілген. 
Бұл мәліметтер тақырып бойынша қысқаша бағыт-бағдар, мағлұмат берiп 
қана қоймай, студенттiң өзiнiң ой-өрiсiн одан әрi дамытып, ойлану, iздену 
қабiлетiн жетiлдiруге ықпал ететiн механизм болып табылады. Сондай-ақ
студенттердің материалды қаншалықты игергенін өздігінен тексеру үшін тест 
тапсырмалары жеке-жеке тақырыптарға бөлініп ұсынылған. 
Пән бойынша берілетін қосымша материалдар студенттiң берiлген 
тақырыпты неғұрлым терең игерiп, айқын түсiнуiне көмек көрсету мақсатын 
көздейдi. Тақырыпты терең меңгеру үшiн дайындалу барысында тек дәріс 
тезистерiмен шектелiп қою жеткiлiксiз. Бұл ретте студенттiң тақырып бойынша 
өз бетiмен iзденiп, ұсынылған әдебиеттер бойынша қосымша жұмыс iстеуi 
қажет болады. 
Оқу- әдістемелік құрал ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы пәнiнiң 
типтiк оқу бағдарламасы негiзiнде, тиiстi әдiстемелiк талаптарға сай жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет