3.4 Электр жабдықтарының жүйесін күту және оның ақаулары
Генераторды күту сымдардың түйiспелерiмен қосылатын жерлерiн таза ұстау болып табылады. Генератор мен кернеу реттегiштiң iшiне кip және тозаң кiрiп кeтyiнe жол беруге болмайды. Кернеу реттегiшi мен реле қақпақтары әрдайым берiк жабық тұруы тиic.
Зауытта құрастырғанда генератордың шариктi подшипниктерiне тозаң кipiп кетпейтiндей eтiп, майлап мықтап жауып қояды.
Жұмыс кезiнде мезгiл-мезгiл, кемiнде айына бiр рет коллектор мен щетканың күйiн тeкcepiп, қарап тұру керек. Жұмыс кезiнде коллектордың бетiндегi көмip тозаңын үрлеп тycipiп тұрган жөн. Коллектор кiрлеп кетсе, бензинмен жуылады.
Генератордың жұмысы дұрыс болуы үшiн щеткаларды коллекторға басып тұратын серiппелердiң калыпты керiлiп тұруының үлкен маңызы бар.
Серiппелердiң щеткаларды қысуы кем болса, ұшқынның кушейетiнi және коллектор пластинкаларының күйетiнi белгiлi.
Жалғағыш белдiктi бензин, керосин және май тиюден сақтау керек.
Кернеу реттегiшiн күту - кiшкене якорьдi тартып тұратын серiппенiң керiлуiң реттеу, түйiспелердi тазарту (егер күйген болса) жене туйiспелердiң өзара қашыктығын реттеу болып табылады. Түйiспелер арасының қашықтығы 0,25 мм болуы тиiс. Осы айтылғандардың бәрін тек шеберханалардағы тәжiрибелi механиктер iстей алады.
Реленi күту - түйiспелердi таза ұстау, оларды тазарту (егер күйген болса) және кiшкене якорь мен өзекшенiң арасындағы саңылауды реттеу болып табылады.
Кiшкене якорь мен өзекшенiң арасындағы саңылау, реле
түйiспелерi тұйықталып тұрғанда 0,25 миллиметрден 0,75 миллиметрге дейiн болуы тиiс. Тiрелiп тұрып қалғанға дейiн ажыратқанда түйiспелердiң арасы 0,75 миллиметрге дейін болуы керек.
Электр тiзбегiн қарап шығу, фараларды бекiтiп сынап көру, генераторды тазарту мен тексеру, коллекторды тазалап, оның күйiн тексеру, щеткалардың коллекторга дұрыс жабысып тұрғанын тексеру және подшипниктердiң күйін тексеру техникалық күту ережелерi бойынша жүргiзiледi.
Стартердің бұзып көрген кезде оның мыс-графит төлкелерiн маймен майлап қою керек. Коллектор мен щетканы жетiciне бiр рет тексерiп тұрған жөн болады. Коллекторды кip басып кетсе, бензинмеи жуу керек. Щеткаларды көп тозаң басып кетсе, оны үрлеп түсiредi. Бендикстi таза ұстау керек.
Электр жабдығы жүйесінің ақаулары және оларды жөндеу. Электр жарығының жүйесi қалай бұзылса да алдымен өткiзгiштердiң, шамдардың, фаралардың бұзылғаны жоқ па екен, соны тексеру керек. Өйткенi, тәжiрибеге қарағанда, бұзылу генератор мен кернеу реттегiшiне сыртқы тiзбекте кездесетiн болады.
Щеткаларға, коллекторға және релеге май тисе аталған механизмдердiң жұмысы бұзылатынын есте сақтау керек. Жұмыс кезiнде коллекторды қөмip тозаңы басып кетедi. Бұл тозаңды үнeмi тазартын отыру керек. Көп істеген коллектор тозып, цилиндр түріне айырылады, ол кайта жонып шыгуды керек етедi. Коллекторды арнаулы шеберханада жону керек.
Генератор бұзылуының жиi кездесетiн түрі тiзбектегi ток күшiнiц нашарлауы болады. Мұнда шамдар кіңгiрт жанады. Тiзбектегi ток күшiнiң нашарлығына, щетканы коллекторга басып тұрган серiппенiң әлсiздiгi, щетка мен коллектордың тозғандығы, коллектордың көмip үгiндiсiмен немесе майдан тозғандығы себеп болады. Осы айтылғандар тiзбектiң кeдepгiciн ұлғайтады да, содан ток күшi азаяды. Щеткалардан ұшкын шығуына да серiппенiң әлсiз болуы немесе коллектор тозып, кірлегендігі, щеткалардың коллекторға нашар тиіп тұрғандығы себеп болады.
Кішкене якорь мен өзекшенің арасындағы саңылау, реле түйіспелері тұйықталып тұрғанда 0,25 мм-ден 0,75 мм-ге дейін болуы тиіс.
Электр тізбегін қарап шығу, фараларды бекітіп сынап көру, генераторды тазарту мен тексеру, коллекторды тазалап, оның күйін тексеру,щ(ткалардың коллекторға дұрыс жабысып тұрғаның тексеру және подшибниктердің күйін тексеру техникалық күту ережелері бойынша жүргізіледі.
Стартерді бұзып көрген кезде оның мыс гранит төлкелерін маймен майлап қою керек. Коллектор мен щетканы жетісіне бір рет тексеріп тұрған жөн болады.
Достарыңызбен бөлісу: |