З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет31/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Адамгершілік қатынастардың сипаты: құндылықты реттеуші жəне
тікелей бағалаушы ұғымына сиапаттама беріңіз?
2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік ұғымын
сипаттаңыз.
3. Адамгершілік моральдық қадір-қасиеттерін атаңыз?
1-тапсырма.«Менен сұрақ, сізден жауап» əдісі арқылы төмендегі
тапсырмалар бойынша білімді жинақтау, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып 
өз ойларыңызды еркін, дəлелдеңіздер. (Жұптас, ойлан, бөліс) Әр студент 
алдымен өзі орындайды, көршісімен ақылдасады, топқа түсіндіреді.
1. Педагогикалық ортада: «мұғалім-мұғалім», «педагогикалық ұжым»,
«педагог-ата-аналар» арасындағы адамгершілік қадір-қасиеттердің ең 
қарапайым нормаларын атаңыз.
2. Адамгершілік қатынаста тəрбиеленушіге педагогтің оң əсер ету
жағдайлары.
3. Эссе тақырыбы: «Адамгершілікке тəрбиелеу-белсенді үрдіс»
3.3. 
«Педагог-оқушы» 
қарым-қатынастары 
жүйесіндегі 
педагогикалық этика
Педагогика ғылымында педагог пен баланың өзара қарым-қатынасы екі 
түрге бөлінеді: субъектілік-объектілік жəне субъектілік-субъектілік қарым-
қатынастар. 
1. Субъектілік-объектілік қарым-қатынас педагогикалық қызметте
субъект ретінде педагог, ал объекті ретінде - білімалушылар болады.
Педагогикалық іс-əрекетте педагог субъекті ретінде белсенділік, өзін-өзі 
тануы, өзін-өзі бағалауы жəне даму қабілетінің жоғарғы деңгейі т. б. мінез-
құлық сипатымен танылады. Субъектілік-объектілік өзара қарым-қатынаста
білімалушылардың тұлғалық қасиеттері қалыптасады: орындаушылық, 
тəртіптілік, жауапкершілік жəне білім алу тəжірибесін жинақтайды, жүйені 
меңгереді. Педагог білімалушылардың мінез-құлық нормалары мен 
ұйымдастырылған қызмет ережелеріне сəйкес қарым-қатынас орнатады. 
Білімалушылар педагогикалық процестің объектісі ретінде педагог 
тарапынан танымдық дамуының қызығушылығын оятуда ерекше 
маңыздылыққа ие болады.
2. Субъектілік-субъектілік қарым-қатынас балаларды ынтымақтастық,
қызығушылық, шығармашылық, білім, білік, дағды қабілеттерін дамытуға 
жəне белсенділік пен дербестік сынды қасиеттерін қалыптастырады. Педагог 
субъектілік-субъектілік өзара қарым-қатынаста өз білімалушыларын жеке 
тұлға ретінде таниды жəне өзара іс-қимыл жеке тұлғаға бағытталады. 
Педагог баланың «Мен» арқылы басқа адамдармен жəне əлеммен өзара 
қарым-қатынаста өз іс-əрекеттерін ұғынуға, өзгелер үшін де, өздері үшін де 
болжай білу қабілеттіліктерін дамытуға барынша жəрдемдеседі. 


47
Өсіп келе жатқан бала тəрбиенің объектісі болып қана қоймай, ол 
тəрбиенің субъектісіне айналуы керек. Бала тəрбиенің субъектісі ретінде 
қоршаған ортаны - танушы, өзінің белсенді іс-əрекеті арқылы өзі танып 
білген ортаға өз тарапынан ықпал жасайтын адам. Өзін-өзі тəрбиелеуде 
міндетті түрде қоғамдық-əлеуметтік мотив арқылы бала қоғам талабына сай 
өмір сүретін, еңбек ететін белсенді жеке адам ретінде қалыптасады [17].
М. Бахтин: «Бала диалогтық қарым-қатынаста ғана басқа субъектімен 
өзара іс-қимыл жасай отырып, өзін басқалармен салыстыру, өзінің таңдауы 
мен өзгенің таңдауын салыстыру арқылы таниды» деп айтқан. 
Білім беру процесіндегі педагогикалық қызметтің ең маңызды міндеті 
жеке тұлғаның үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау, өскелең ұрпақты 
еңбектенуге жəне қоғам өміріне септігін тигізуге жетелеу болып табылады. 
Іс-əрекетті ұйымдастыруда «педагог-оқушы» жүйесіндегі қарым-қатынастың 
негізгі ұстанымдары ізгілікті жəне демократиялық бағытты ұстанған оң 
шешім болып табылады. 
Педагогикалық өзара əрекеттестіктің маңызды сипаттамасы жас 
ерекшелігіне байланысты білімалушылардың жеке тұлғалық сапалық, оның 
ішінде танымдық, эмоциялық-еріктік қасиеттерімен танылады. Педагог өзара 
қарым-қатынасты оқушыға белгілі бір талаптар мен ұсыныстарды қою 
арқылы назарын аудара алады. Бірақ, оқушы əлеміне үнемі араласу педагог 
пен оқушылардың өзара қарым-қатынасын қиындатады. Сондықтан, кейбір 
жағдайларда педагог өзінің күш-жігерін оқушыға емес, оның айналасындағы 
сыныптастары мен достарына бағыттау дұрыс шешім болып табылады. Осы 
орайда əр оқушының сыныптастарының ішінде пікірімен жəне позициясын 
келісетін достары арқылы мұғалім қажетті бағытта оқушы өмірінің жағдайын 
өзгерте отырып, оның өзін өзгертеді [18].
Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау 
əрі маңызды, əрі күрделі мəселелердің қатарына жатады. Бұл салада 
жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған 
тəжірибелердің нəтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен 
тəлімгерлер 
арасында 
қарым-қатынас 
орнатуда 
айтарлықтай 
ерекшеліктермен сипаттап, түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, 
мұндай мəселедегі елеулі жайттың бірі - мұғалім мен шəкірттер арасындағы 
қарым-қатынас жасауда əрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп 
отыратындығы.
В.А. Сластениннің «педагогикалық өзара қарым-қатынастың екі жағы 
бар: функционалдық-рөлдік жəне жеке» деп атап көрсеткен. Басқаша 
айтқанда, педагог пен оқушылар өзара іс-қимыл барысында бір жағынан бір-
бірінің атқаратын қызметі мен рөлін, ал екінші жағынан жеке қасиеттерін 
қабылдайды. Оқушылармен қарым-қатынастағы педагогтың мінез-құлқы мен 
іс-əрекетіне қойылатын нормалар мен талаптарға сендіру мен сенім саналы 
түрде арнайы ойластырылған іс-əрекеттің тетіктері болып табылады (3.4-
сурет). 


48
3.4-сурет. Сендіру мен сенім
Қазірігі таңда ұстаз бен шəкірттер арасындағы қарым-қатынас орнату, 
олардың арасында кездесетін қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан əлі де 
қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мəселелердің қатарына жатады. 
Тəлім-тəрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің 
өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, əсіресе 
шəкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мəн 
беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің 
бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет жəне арнайы білімі болу керек деген 
міндет қойылады. Ұстаз бен шəкірттер арасындағы қарым-қатынас 
күнделікті тəлім-тəрбиенің нақтылы фактілерінен алынады. Шəкірттердің 
жүрегін жарып шыққан пікірлері, олардың жан дүниесін тебіренткен 
мəселелерін əрбір ұстаз, тəлім-тəрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен 
кеңесіп, таразылап көруі қажет. 
Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-əрекеттерін оқушылардың 
ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды 
жəне ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен 
ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен 
мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындалады.
Кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен 
ерекше із қалдырып, оларға күшті əсер ететін тұлға саналатын болса, ал 
ересек балалар мұғалімнің əрбір қимыл-қозғалысына, іс-əрекеті мен сөйлеген 
сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шəкірттерге 
қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. 
Педагогикалық əрекетте қарама-қайшылықтар мен кедергілер əртүрлі 
болып келеді. Олар əрекеттің əртүрлі сферасына қатысты болады. Мұндағы 


49
қайшылықтар ұстаздың шəкірттеріне, өзінің пəнін меңгеру мен ұстаздық 
шеберлігіне, оқу орнына, өзінің əріптестеріне деген қарым-қатынасымен 
байланысты болуы мүмкін.
Педагогикалық жұмыста кедергілердің тууының екі себебі бар:
1) мұғалімдердің өз ісіне немқұрайлықпен қарауы, сондай-ақ олардың
оқу орнындағы білімге сəйкес алға қойған міндеті, мақсаттарын дер кезінде 
орындамауы салдарынан туындайды. Оқытушылардың функционалдық 
қызметіне немқұрайлықпен қарауының нəтижесінде олардың қоғамға, 
ғылымға, адамдарға үлес қоса алмайды. Яғни бұл шəкірттердің сабаққа деген 
қызығушылығының төмендеуінен, білімдерінің төмен болуынан, т.б. 
көптеген қасиеттерінен көрінеді.
2) Ұстаздардың шəкірттермен қалыпты, іскерлік, адамдық қатынасты,
өзінің жұмысына, балаларға деген ерекше махаббаты, жоғарғы білімі болса 
да орната алмауынан туындайды. Мұндай жағдайда оқытушының өзі де 
зардап шегеді. Онда өзінің педагог ретінде шыңдалмағанын сезіну, өзінің 
күшіне сенбеушілік, кəсіпке деген жағымсыз қатынастар туындайды. Осы 
мəселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық жəне 
педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек 
оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау жəне 
айтқанынан қайтпайтын мінез-көріністерінде əрқилы кедергілер мен 
себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мəселенің түпкі 
себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу - тəлім-тəрбие ісінде 
маңызды мəселе болып саналады.
Шəкірттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды талап-
тілектеріне лайықты ұнамды қасиеттерді көргісі келеді. Осы орайда, 
ұстаздың бойындағы сапалар мен қасиеттердің оқушылар үшін қаншалықты 
ықпалды болатындығын белгілі жүйеге келтіріп іздестіру оларды күнделікті 
тəлім-тəрбие істерінің тəжірибесіне ендіріп отыру айрықша маңызды 
екендігіне көңіл бөлу керек [19].
Жасөспірімдік кезең балалық шақ пен ересек адамдар арасындағы 
өтпелі кезең екендігін ескеретін болсақ, бұл кезеңде жасөспірімдердің тек өз 
мұғалімдері мен тəрбиешілеріне ғана емес, өзге адамдарға, айналасындағы 
кісілерге деген өзіндік сын көзқарасы өрістеп, əрбір нəрсенің мəн-жайына 
үңіле қарап, оларды танып білуге деген ықылас-ынтасы арта түсетін кезең. 
Олардың ақыл-ойы өсіп, сана-сезімі оянып дүниетану шеңбері ұлғая бастаған 
кез. Адамның дамып, жетілуіндегі мұндай сапалар жасөспірімдердің 
ұстаздарға деген талап тілегін де күрделендіре түседі. Жасөспірімдер бұл 
кезеңде өздерін ересектер қатарына қосылдық деп санап, үлкен адамдардың 
өздеріне ілтипатпен көңіл аударып, сеніммен қарауды талап етеді. Керісінше, 
үлкен адамдар мен ұстаздары оларға əлі де бала деп қарайтын болса, онда 
олар мұндай талаптарға қарсы шығып, өздерінің қарсылығы мен 
наразылығын сөйлеген сөздері мен істеген істері, мінез-құлықтары арқылы 
білдіреді.
Қарым-қатынаста жасөспірімдер педагогтың тарапынан ерекше зейін 
қойып қарауды талап етеді. Олардың өміріндегі өтпелі кезең, жоғарғы 


50
талаптар, сана-сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа 
қырынан келуге мəжбүр етеді. Өтпелі кезең жасындағы балаларға қатынаста 
көңіл аудармау, қолдау көрсетпегенде туындайтын тартыстарды жиі 
кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін жəне тəлім-тəрбие 
жұмысында соған сай əдіс-амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер 
өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездеседі. Олар бірнеше рет көзге 
түсіп қалғандарды «тəрбиеленуі қиын» балалар қатарына ой салмақтамай 
қосып, өз жұмыстарын да қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған 
жеткіншек мінез-құлқына кері əсерін тигізеді. Мұғаліммен осындай тартысқа 
душар болған оқушының жан дүниесіне үңіліп көрелікші. «Болса да, мұғалім 
мені жек көреді» - деген ой санасына ұялай бастаған оның оқуға ықыласы 
сөзсіз төмендейді, мектепте, тіптен, қай жерде жүрсе де жаңағы қияли ой 
соңынан қалмай, оны бəрін керісінше жасауға жетелейді. Бұл оның мұғалім 
əділетсіздігіне өзінше қарсылық білдіру шарасы екендігіне ешбір таңдануға 
болмайды. Әрине, мұндай күйге ұшыраған оқушының сабақ үлгерімінің 
қаншалықты төмендеп кететіндігін дəл айту қиын. Алайда, бұл орайда 
шындық бар [20].
Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге 
оқушылар тобы, олардың жас жəне өзіндік ерекшеліктері мұғалім мен оның 
оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де əсер етуі жатады. «Педагог-
оқушы» қарым-қатынас жүйесіндегі «ашық» мəселелердің бірнеше түрлеріне 
тоқталайық:
1. Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын
жайттар мұғалімнің білім деңгейі мен оны шəкірттерге тиімді əдіс 
тəсілдермен жеткізе алмай, тəжірибесіздік көрсетіп, оқушыларға серпінді 
ықпал ете алмайды. Сондай-ақ, мұғалім оқушыларға қоятын талабын үнемі 
өзгертіп, қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан 
шəкірттердің тəртібі де нашарлайды. Мұндай кемшіліктер ең алдымен, 
ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргізудегі əдістемелік 
олқылығынан пайда болып, шəкірттер сабақта көп уақытын босқа жіберетін 
болады. 
2. Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты
кездесетін кедергілер мен тартыстар. Баланың өз басына талап қоюы, 
айналасына зер салып, əрбір нəрсеге мəн беруі баланың өсіп жетіле 
бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың ересек адамдармен 
қарым-қатынас жасап, өзінің есейгендігін байқатуы оның адами-этикалық 
жағынан да талап-тілегінің өскендігі деп санау керек. Ересек адамдармен 
салыстырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас 
едəуір күрделі. Өйткені мұндағы бірінші жақ мұғалім толық қалыптасқан, 
мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез-құлқы орныққан адам. Екінші жақ 
оқушылар. Бұлар небары өз ұстазының сезімі мен ақыл ойына ынтыққандар 
ғана. Мұғалім мен оқушының ойлану, түсіну сипаттары да түрлі деңгейде. 
Ұстазға айдай анық құбылыс шəкіртіне нанымды бола бермейді. Кейде 
мұғалім мен оқушы бір құбылысқа, сөзге немесе қылыққа беретін бағалары 
да түрліше. Тіпті, қарама-қарсы мəнде де болуы мүмкін. Ұстаз бен шəкірттер 


51
арасындағы қарым-қатынаста тартыстың туындауына ұстаздық əдістемелік 
тұрғыдан қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре 
алмауы да себеп болады.
3. Шəкірттердің жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен
қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мəн беріп, оларды жете 
бағаламау салдарынан болатын қайшылықтар.
Ұстаздық мамандықтың өзге маман иелерінен басты айырмашылығы 
оның адаммен жұмыс жасап, оның тұлғасының пісіп-жетілуіне күші мен 
қуатын, білімін жұмсауы керек. Соған орай бұл мамандықтың қыры мен 
сыры қат-қабат болып келеді. Ұстаздар мен шəкірттер арасында белең алып 
отыратын кедергілер бір қырынан ұстаздық мамандықтың күрделілігімен 
жауапкершілігінің мол екенін аңғартатын болса, екінші бір жағынан 
қарастырғанда адамның жан-дүниесінің сыры, психикасы аса күрделі 
құрылым екеніне көз жеткіземіз.
Оқыту мен тəрбиелеудің сындарлы теориясына негізделген бүгінгі 
таңдағы мұғалімнің алдына ең алдымен қарым – қатынаста оқушының жан 
дүниесін жақсы білу жəне оқушы өз бетімен білімді меңгеруін түсінуі мен 
бағалай алуы жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Оқушы мұндай 
жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын 
ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» 
(Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту мен 
тəрбиелеу табысты болып саналады (3.5-сурет).


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет