41
адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты болып келеді.
Сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынаста тəрбиелік-қатынас
функциясын жүзеге
асыруда эмпатия мен симпатия ұғымдары кеңінен
қолданылады.
Эмпатия - біреудің (тəрбиеленушінің) орнына өзін қоя білу, оның
мақсатын, уəжін түсіне білу қабілетінің болуы белгілі бір дəрежеде
үйренушінің істерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.
Адамдар
арасындағы қарым-қатынасты зерттеп, эксперименттер жүргізген Дж. Л.
Морено эмпатияны «бірін-бірі сезіну» деп атаған.
Эмпатия
- басқаның қуанышын дұрыс сезіне білу қасиеті. Эмпатия-
мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін
басқа адамдардың орнына қоя алуы. Қарым-қатынас жасаудағы басқаның
куанышын сезіне білу психолог, педагог, өзін-өзі тану пəн
мұғалімдері,
əлеуметтік қызметкерлердің кəсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып
табылады.
Симпатия - бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының
қалыптасуы.
Мұғалім оқушылармен тəрбие жəне
оқыту процесінде оқыту
міндеттерін жəне оқу бағдарлама бойынша қойылған талаптарды орындауда
қарым-қатынасқа түседі. Бұл қарым-қатынастың шегі - оқушыларды оқытуда
білімге, еңбекке, жолдастарымен белсенді, дұрыс қарым-қатынас жасауға
қалыптастыруда педагогтардың саналы түрде қолдауы болып табылады, яғни
орнатылған қарым-қатынас педагогикалық міндетті шешу мақсатында
қолданылады. Бұл жағдайда педагог адамгершілік
қарым-қатынастың
бастапқы жүйесін саналы түрде құрғанда, соның көмегімен мұғалім өзінің
күш-жігері жəне педагогикалық іс-тəжірибесі арқылы тəрбиеленушілердің
белсенділігін басқара алады жəне ол тиімді болады.
Көрнекті орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Оқытушының сөзі
тəрбиеленушінің жан дүниесіне əсер етудегі негізгі құралы», - деген.
Психология ғылымының докторы, профессор А.А.Леонтьев: «Оптималды
педагогикалық қарым-қатынас оқу əрекетінде
оқушының тұлға болып
қалыптасуына мотивациялық, шығармашылық дамуына жақсы жағдай
туғызу, оқуға қолайлы ахуалды ұйымдастыру, ұжымда əлеуметтік,
психологиялық процесті басқару» деп жазды. Демек, педагогикалық қарым-
қатынас тұлға қалыптасуындағы педагогикалық процестің негізгі көзі.
Педагогикалық қарым-қатынастағы
гуманистік бағытты қолдап-
қорғаушы К.Роджерс мұғалімнің оқушылармен арадағы бір-бірін түсіну
мəселесін басты міндет етіп қояды. Р.Бернс: «Мұғалім оқу процесінің
басынан бастап аяғына дейін оқушыларға деген сенімін көрсете білу керек», -
дейді.
Өзін-өзі тану мұғалімі оқушылар тобының, сол сияқты əрбір жеке
оқушының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтау мен
нақтылауға көмектесуі керек. Өзін-өзі тану мұғалімі əр кезде де оқушыларға
оқуға деген ішкі мотивациясын көтеруге, оқушылар сəтсіздікке ұшырағанда
əрқашанда көмекке даяр тұратын тұлға болып табылғаны абзал. Педагогтың
42
осындай рольді орындауы əр оқушы үшін өте маңызды болып табылады.
Мұғалім топтың эмоциялық күйін сезіне білу
мен қабылдай алу қабілетін
дамытуы жəне топтағы өзара əрекеттің белсенді мүшесі болу керек. Сонымен
қатар, мұғалім əр оқушының сезімі мен күйзелістерін түсіне алатындай
дəрежедегі эмпатиялық жағдайға ұмтылу керек .
Қазіргі таңда оқыту технологияларының мəні өз бетінше оқу қабілетін
дамыту болып отыр. Келесі, педагогикалық қарым-қатынастағы дəстүрлі
мұғалім мен жаңа дəуір мұғалімі айырмашылығын бірнеше өлшемдер
бойынша салыстырып көрейік:
Оқушы меңгеруге тиіс білімге мұғалімнің қарым-қатынасы:
- дəстүрлі мұғалім бір рет жəне өмір бойы қабылдаған пəндік
білімдерді, білік пен дағдыларды тасымалдаушы;
- жаңа дəуір педагогы оқушының дамуы үшін, өзін-өзі жетілдіру үшін
жағдай тудыратын қозғаушы күші болып табылады.
Оқушылар білімді игеруге қолайлы жағдайлар:
- дəстүрлі мұғалім оқушыларға білімді өңделген, дайын күйінде береді;
- жаңа дəуір педагогы оқушы қабылдауға байланысты оқушының оқу
ісіне білім алу ортасын қалыптастыруы, шəкіртке білім алу мəселесін шешуге
көмек көрсетуі тиіс.
Оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының сипаты:
- дəстүрлі мұғалім субъектіге объективтік қарым-қатынас жасап,
оқушыға ұстаздық үстемдік етеді;
- жаңа дəуір педагогі субъектіге субъектілік қарым-қатынас жасап,
теңдікте, серіктестік құруға тырысады.
Оқу процесінің нәтижелігі:
- дəстүрлі оқытуда оқушының білімді игеру көлемі, білігі, дағдысы,
жаңа бағытта оқытуда оқушылардың игерген
біліктілігі мен өмірлік
дағдылары бағаланады;
- жаңа дəуір педагогы - бұл пəндік білімнің жүйесін, ғылыми білімнің
əр саласы бойынша білік пен дағдыны игеріп қана қоймай, сондай-ақ оқыту
технологиясының жүйесін, оқушылардың оқу қызметінің біліктілік пен
өмірлік дағдыларды игеруіне бағытталған құралдары мен əдістерін игерген
маман [16].
Достарыңызбен бөлісу: