З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


ІV ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет44/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

ІV ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКАСЫ МЕН ЭТИКЕТІ
4.1. Педагогикалық этика - мұғалімнің адамгершілік мəдениетінің 
компоненті 
Педагогикалық этика (әдеп)
-
моральдық нормалар мен 
жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтар негізінде мұғалімнің кəсіби 
қызмет түрлеріндегі мінез-құлқын реттейтін нормалар, талаптар мен 
ережелер жиынтығы. Педагогикалық этика пəні - əдептің педагог 
санасындағы, 
мінез-құлқындағы, 
қатынастар 
мен 
іс-əрекетіндегі 
көріністердің заңдылықтары. 
Педагогикалық этиканың мақсаты - мұғалімнің ақыл-ойының күйін 
анықтау болып табылады. 
Педагогикалық әдеп - этика ғылымының бір бөлігі. Педагогикалық 
əдепке жəне осы терминді қолдану өрісіне анықтама беру теорияда жəне 
педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді:
- жалпы адамзаттың əдептілікті сіңіруі;
- мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;
- мұғалім шеберлігінің бір бөлігі.
Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық əдеп мұғалімнің 
оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен сыпайы қарым-қатынасы, 
олардың қадірін біліп сыйлауы, қайырымдылық, ілтипаттылық
кеңпейілділік, шынайылық, ұстамдылық, байсалдылық, сенімділік сияқты 
мінез сипаттары жəне қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші 
көзқарас бойынша педагогикалық əдеп оқушылармен қажетті қарым-
қатынастар орнату жəне оны сол қалпында ұстай білудегі арнайы кəсіби 
іскерлік ретінде қарастырылады.
Педагогикалық әдеп - мұғалiмнiң əрбiр нақты ic үстiнде тəрбие 
мəселесiнiң ең ұтымды əдiс-тəсiлдерiн қолданып, оқушыларды елiктiрiп 
əкететiн кəсiптiк сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан 
қарағанда педагогикалық əдеп мұғалiмнiң жан-жақтылығының, оның 
идеялық сенiмiнiң, жүрiс-тұрыс мəдениетiнiң, жалпы жəне арнаулы бiлiмiнiң, 
мамандығына байланысты iзденiстерiнiң жиынтығы iспеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет