З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Педагогикалық әдеп - оқушылармен қарым-қатынаста ерекше атап 
өтілетін қасиет. Әдеп - ақылдың, тəрбиешінің жалпы мəдениетінің жиынтық 
көрсеткіші.
Әдеп- мұғалімнің əр уақытта өзін ұстай білуімен, шама сақтай алуымен 
айқындалады. Шегін білу сезімі педагогтың оқушы тұлғасының əртүрлі 
əсерлерден қандай өзгерістерге ұшырайтындығын алдын ала білуге 
көмектеседі. Латын тілінде əдеп «жұғысу» деген мағынаны білдіреді. 
Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері:
- балаларды жақсы көру, өзара сыйластық, қолдау көрсету;
- өзін-өзі жəне баланы құрметтеу;
- мейірімділік.
Педагогтық əдептің басты ерекшелігінің бірі - мұғалім жас буынға


68
моральдық тəрбие беру процесінде қайталау арқылы емес, бүкіл оқу-тəрбие 
жұмысын адамгершілікке тəрбиелеу ісімен тығыз байланысты болмақ. Бұл 
мұғалімнен жауапкершілікті талап етеді [22].
Педагогикалық əдептің тағы бір ерекшелігі - мұғалім жас ұрпаққа 
белгілі бір салада жүйелі білім берумен қатар, өздерінің іс-əрекеті, дүниеге 
көзқарасы, адамгершілік пен ізгілік қасиеттері арқылы оларды мораль 
нормаларына тəрбиелеуі тиіс.
Мұғалімнің кәсіби әдеп сипаты келесі жағдайда көрінеді:
- педагогтың сыртқы келбетінен;
- кез келген орын алған жағдайда жылдам жəне дұрыс бағалай білуі,
сондай-ақ өз тəрбиеленушілерінің тəртібі мен қабілеті туралы қорытынды 
жасауға асықпауынан;
- өз-өзін ұстай білу, қиын жағдайда сезімге жол бермей,
салқынқандылық танытуынан;
- оқушыларына қоятын талаптарының ойға сыйымдылығы мен оларға
деген сезімталдығынан;
- оқушылардың жас жəне жеке-дара ерекшеліктерін жақсы білуінен;
- өз еңбегін сыни көзқараспен бағалай білуінен;
Педагог əр баланың жүрегіне жол тауып, оның жан дүнесінің «құлпын»
аша білуі тиіс. Ол өзінің бір ауыз сөзі бала өмірінде үлкен рөл атқаратынын 
жəне оны өмір бойы есіне сақтап қалатынын білуі керек.
Педагогикалық əрекет жемісті болу үшін педагог əдепті болуы керек
əдепті мұғалім өзінің үлгі-өнегесімен, өзінің бойындағы кемшіліктерінен 
арылу арқылы оқушыларға тəрбиелік ықпал жасай алады. Әдепті болу үшін 
өзінің бойында ілтипаттылық, сенім білдірушілік, əділдік, төзім мен сабыр 
сақтау деген қасиеттерге ие болуы керек. Қателеспейтін мұғалім болмайды, 
егер де мұғалім қателессе, əдепті мұғалім қателігін оқушылар алдында 
мойындайды.
Әдепті жəне қарым-қатынас мəдениетінің негізгі талаптарын білу 
педагогтың өзіне де, өзі оқытып, тəрбиелеп жатқан балаларға да қажетті. 
Мұғалім сенімділік, сыйластық жəне сүйіспеншілік тəрізді сезімдерді тудыра 
білуі керек, оларсыз ұстаздың шынайы беделі болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет