3 ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ЗАҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Бүгінгі таңда кез келген бағыттағы зерттеу жұмысы үшін тіл бірліктерінің жүйелілігі, олардың функционалдық-мағыналық қатынасының өзара байланыс желісінің, сыртқы құрылымы мен ішкі мазмұнының, функционалдық қызметінің бірлігі мен диалектикасының, тілдің қоғамдық қызметінің, тілдік таңба мен оны қабылдаушы арасындағы байланыстан, қарым-қатынастан көрінетіндігі жайлы қағидалардың маңызы зор. Тіл білімінде тілдік бірліктердің жүйелілігі, олардың бір-бірімен байланысы тек тілге ғана тән функционалдық-мағыналық қарым-қатынас нәтижесінен туындайтындығы айтылған.
Кез келген мәтінді таңбаның таңбаланушы нысанға қатынасы: таңбалардың өзара қатынасы: таңбалардың оны қабылдаушыға қтнасы тұрғысынан жіктеп қарастырудың мңызы зор. Бұл үшеуі, әрине, бір-бірімен өзара тығыз байланыста екені даусыз. Себебі, үш саланың да нысаны – тілдік таңба, әрқайсысы тілдік таңбаның түрлі қатынасын зерттейді. Мәтіндегі ең басты назар аударылтын нысан – мәтіннің тақырыбы.
Тілді зерттеудің құрылымдық парадигмасында оның қолданылу саласына жете көңіл бөлінген жоқ. Құрылымдық элементтердің қызметі тілдің өз жүйесінің қызметінде ғана қарастырылып келеді. Құрылымдық зерттеулерде тлдің прагматикалық аспектісі көп жағдайда назардан тыс қалады. Прагматикалық лингвистика дәстүрлі зерттеулерде күні кешеге дейін тіл білімі ғылымының міндеті деп есептелмеген көптеген мәселелерді көтеріп отыр. Соның бірі – мәтін тақырыптарының прагматикасы. Мәтін тақырыптарын арнайы зерттеу – тілдің функционалды-коммуникативті табиғатын терең түсінуде, оның нақты біл сөйлеу актісіне орай қолданыс механизмін анықтауға мүмкіндік берері анық.
«Кез келген мәтінде қолданылатын тілдік бірліктердің прагматикалық деңгейі түрліше болатыны белгілі. Іс қағаздарындағы тілдік бірліктердің прагматикалық маңызы туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, тақырыптардың рөлі басты назарда болуы керек. Себебі, жоғарыдағы айтылғандай, іс қағаздарындағы локутивтік акт, ең алдымен, олардың тақырыптары арқылы жүзеге асады. «Прагматический значимым может быть использование единиц разных уровней, от звука до предложения. Прагматика языковых единиц содержательна. Кроме того, умение соотнести языковое явление с тем значением, которое оно получает в конкретном тексте или придает высказывнию в определенной речевой ситуации, - важное условие выбора точных и эффективных языковых единиц для выражения мысли» - деп жазады В. Г. Ким өз еңбегінде [23, 82].
ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап орыс тіл білімінде тақырыптар ерекше тілдік бірліктер ретінде танылып, зерттеу нысанына айнала бастады. Бұл зерттеулерде тақырыптардың номинациялық тәсілдеріне, грамматикалық тұлғаларына, экспрессиялық қасиеттердің берілу тәсілдеріне, синтаксистік ерекшеліктеріне, функционалдық типологиясы мен семантикасына талдау жасалды»[3, 165].
Тақырып туралы қанша айтылса да, жазылса да, оның қызметін толықтай қамту мүмкін емес, себебі, оның мәтіндегі атқаратын ролі соншалықты үлкен. Оның қызметінің сан қырлылығы барлық мәтіндік категориялардың негізгі өзегі ретінде көрінуімен байланысты.
Ақпараттық дәрежесі тақырыптың ономасиологиялық, танымдық, атаулылық қызметін көрсетеді, ол бұл қызметті ономасиологиялық процестің ішкі тетіктерімен бірлесе отырып қатаң тәртіпте орындайды: мәтіннің тұтас ауқымын нұсқап, оның мәні мен мағынасына толық жауап беріп тұрады. Мәтін ешқашан да тақырыпта көрсетілген сөзден қашық кетпеуі тиіс. Әйтпесе тақырып пен мәтіннің арасындағы қалыптасқан белгілі бір заңдылық бұзылады. Өткен ғасырдың 50-жылдары «Өнер психологиясы» деген кітабында Л. С. Выготский тақырыптың мәнін былай деп атап көрсеткен болатын: «Әңгімеге (мәтінге) тақырып тегін қойылмайтын болса керек, өйткені ол сол мәтіндегі ең маңызды оқиғаның ашылуына басты себепкер» [6, 83]. Тақырыптың өзектендірілуі оның «не», «немесе» деп келетін талғаулық мәндегі шылаулар қолданылған кезде анық байқалады. Бір тақырыптың маңызын толықтай ашу үшін екінші сөз бөлігінің келетіндігі осыдан болса керек.
Модальдылық категориясы тақырыптың бойында эксплицитті түрде – яғни эмоционалдық –бағалауыштық сөздерді тура мағынасында қолданған кезде байқалады. Орыс ғалымдары бұған мысал ретінде көркем шығармадан, Н. Карамзиннің «Бейшара Лиза», В. Пратолинидің «Бейшара ғашықтар туралы хикая» атты шығармаларынан дәлелдер келтіреді [23, 90].
Модальдылық категориясы газеттік-публицистикалық жанрларда жоғары мәнге ие әрі ол жұрттың назарын аудару үшін күнделікті қолданылып отырады. Мәселен, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты шыққан мынадай мақаланың тақырыбына назар аударалық. «Әйелдерсіз жер бетінде өмір сүруге бола ма? Жоқ!»; маскүнемдікке қарсы күреске байланысты памфлет – «Әзәзіл арбауы». Сонымен қатар қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» деп аталытн памфлетінің атау кейіннен атақты болып кеткені мәлім. Оның атауын білмейтін қазақ кемде кем деуге болады.
Аяқталғандық категориясы тақырыптың делимитативтік (межелі) қызметінде көрініс табады, бұл бір аяқталған мәтінді екіншісінен бөлектеп тұрады. Ол әсіресе бір әңгіменің соңы мен екінші әңгіменің басы бір бетке орналасқан әңгімелер жиынтығынан жақсы байқалады. Олардаы шектеуші және межелеуші белгі ретінде тақырыптың атқаратын маңызы зор.
Бір шығарманың басы немесе бір бөлігі болып табылатын аралық тақырыптар мәтіннің мүшелену категориясын өзектендіреді. Аралық тақырыптар оқырмандардың қабылдауын оңайлатады, тақырыпшаларды бөліп көрсетеді, мәтіннің композициялық-архитектоникалық мүшеленуінің маңызын белгілейді. Мәселен, ғалымдардың айтуы бойынша Дж. Дос Пассостың «АҚШ» деп аталатын үш томдық жинағының (трилогия) әрбір кітабы барынша күрделі композициялы болуымен ерекшеленеді, ол «сэндвич дәстүрі» (sandwich form) бойынша ұйымдасқан, сюжеттік тараулары деректі және баяндау сипатында ауысып отырады. Тараудың кез келген түрі дербес тақырыптық жүйемен ерекшеленеді: сюжеттері кейіпкерлердің есімдерімен аталады, өйткені баяндау соларға қатысты өрбиді.
Тақырыпта сонымен қатар байланыстылық категориясы да қарастырылады. Бұл мәтінде тақырыптағы сөздердің қайталанып келуі арқылы қарастырылады. Орыс әдебиетінде мұндай қайталау құбылыстары жиі кездеседі. Мәселен, Ю. Бондаревтің, П. Проскуриннің, Фл. О Коннордың, Т. Капотенің туындыларында тақырып пен мәтіннің сабақтастығы қатты қарастыырлған. Бұл тақырыптағы сөздердің гиперсемантизациялануына алып келетін құбылыс. Мәселен, «тағдыр» сөзі П. Проскуриннің осы аттас романының ішінде жиырма рет кездеседі: «Жүздеген адамдардың тағдырлары оның өмірін құрбан қылу арқылы өтті»; «қызының тағдырына араша түсе алмаған өзінің кінәсін ұғынды»; «тағдырдың алғашқы соққысы-ақ оны сұлатып түсірді», «Ресей тағдырындағы өзгерістер», «ауыр ер бақытының тағдыры» және т.б. демек бұл жерден түйгеніміз, байланыстылық категориясы дегеніміз – тақырыптағы белгілі бір тірек сөздің мәтін ішінде қайталанып тақырыптың мәнін ашып тұруы.
Ю. Бондаревтің «Ойын» романында бұл сөз романның екінші бетінде-ақ қайталана бастайды: «Әр кезде, ол шегарадан қайтып келе жатқан кезде ойынға құрылған, шынайы өтпеген өмірдің түйсігі сезілді, және бұл ойынға тойған оған мынадай шешім қабылдау керек болды...» Және әрі қарай: «Ол оның театрға қатысты айтатын сөзін еске алды... және өзі қызыға, құмарлана қатысқан бұл ойын»; «менің жан-дүниеме жат бұл ойын маған не бұйырмақшы», «оның құлмен ойнауымен», «менің ойналып біткен сайқымазағым, менің өміріммен ойыным», «тағдырмен ойнау», «өмір – спектакль, сценарий... ойын»; «өмір ойыншықты өзімен алмастырады»; «Барлық әлем бір арзан қызықтың соңына түсіп, ойнап жүр» [23, 95].
Осылайша тақырыпта берілген сөз бүкіл мәтінді көктей өтіп, бүкіл мәтінде жалғастығын тауып, оларды өзара байланыстырып отыр. Осы бойынша сөздің өзімен бірге семантикалық өзгерістердің де байқалатынын айта кету керек, ол индивидуальдық-көркемдік мән үстеп тұр. Бұл мәнді оқырман ретроспективті түрде түйсінеді, тақырыпқа қайта отырып, мәтіннің аяқталған кезінде сезінеді. Тақырыптан әрі қарай шығарманы оқу басталатын болса, тақырып негізгі ойдың өзіне қайтып келетінін білдіретін «шеңберлі белгі» болып тұр. Бұл қасиетімен тақырып мәтіннің басы мен соңын жалғастырады, яғни байланыстылық категориясын ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен бірге ретроспекция категриясына да себеп болады.
Тақырып жоғарыда айтылғандай, мәтіннің «шеңберлік белгісі» осымен мәтін ашылады да оқырман оқи отырып, осымен жабады. Мәтінмен ажырағысыз бірге бола отырып, тақырып материалдық жағынан одан бөлектенген: басқа шрифтімен теріледі, бірінші абзацтан жоғары тұрады және мәтін мен өзінің арасында сөз ендіруге болады-жанрды көрсету, эпиграф, арнау, алғысөз, автордың біреуге деген құрметі жазылады. Бірақ мұның бәрі көркем шығармаларда кездесетінін есте сақтау керек. Кәсіби-филологиялық қолданысында тақырып мәтіннен оның толық өкілеттті мүшесі ретінде бөлек тұра алады. Өзінің көлеміне барлық көркемдік әлемін сыйдырып, тақырып серіппенің алапат күшін иеленген кейіпте тұрады. Проспекция категриясының өзектендірілуі мен прагматикалығы міне, осы жерден басталады.
Тақырып мәселесінің зерттелуі деген мәселеге арнайы тоқталатын болсақ, В. Г. Адмонидің, П. В. Верховскийдің, Е. М. Галкина-Федорчуктың, И. К. Каншиннің еңбектерінде тақырып мәселесі жалпытеориялық мәселелер шеңберінде айтылады. Б. П. Ардентов, А. С. Попов, Н. И. Тарабасова т.б. ғалымдар тақырып мәселесін атаулы сөйлемге қатысты қарастырады. Бұл ғылыми тұжырымның да белгілі бір деңгейде шындыққа жанасатынын есте ұстау керек сияқты. Өйткені атаулы сөйлем мәтіннің негізгі мәнін атап беріп, оның мазмұнын көрсетіп тұратындықтан, жалпы тіл білімінде зерттеу нысаны ретінде қалыптасқан. Атаулы сөйлем ретінде тақырыптарды топтастыру мынадай негізгі заңдылықтарға сүйеніп жасалған:
Орыс тіл іліміндегі тақырып мәселесіне арналған алғашқы еңбектердің бірі ретінде 1931 жылы жазылған С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты жұмысын атауға болады. 1950 жылдардан бастап орыс тіл білімінде тақырып арнайы зерттеу нысанына айнала бастады. Тақырыпқа қатысты жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының көпшілігі мерзімді баспасөз бетіндегі тақырыптарға арналған. Атап айтқанда, Л. А. Коробованың «Заглавие как компонента текста на материале газетной публицистики ГДР» атты [24], И. С. Стамның «Экспрессивность газетного заголовка и его взаймодействие с текстом» атты [25], В. И. Муренконың «Прагматические функции заглавии научно-технических текстов» [26], Э. А. Лазареваның «Заголовок в газете» атты [27], Н. Н. Портильоның «Семантика заглавии как обособленных образований и как компонент текста» атты [28], А. С. Поповтың «Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие» атты [29], В. П. Вомперскийдің (К изучению синтаксической структуры газетного текста) атты [30] диссертациялық жұмысы және т.б.
Қазақстандық тіл білімінде тақырып мәселесі кеңінен зерттелмесе де, ғалымдар назарынан тыс қалған жоқ. Мәселен, Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) атты және Р. Т. Қожабекованың «Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшелігі» атты диссертациялық жұмысы тақырып мәселесіне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары тіліндегі тақырып мәселесін зерттеуге арналған.
Аталған ғалымдар еңбектерінде тақырып мәселесі түрлі аспектіде қарастырылады. Мысалы, Л. А. Манькова мәтін ерекшелігін басты назарда ұстай отырып қазіргі газет мәтіндері тақырыптарының лингвистикалық типологиясын жасайды. Ғалым еңбегінде Бұқаралық Ақпарат құралдары мәтіндері тақырыптарын қоюдың тиімді тілдік әдістері зерттеледі [31]. С. В. Ляпун «Комсомольская правда» газетіндегі мәтін тақырыптарының лексика-семантикалық және стилистикалық ерекшеліктерін қарастыра отырып, қазіргі газет тақырыптарының лексикалық жүйесінің дамуы мен стильдік жаңару үрдісін анықтайды [32]. В. Г. Костомаров газет мәтіні тақырыптарын жарнамалық қызмет атқарушы тілдік таңба ретінде қарастыра отырып, оларды публицистиканың ерекше жанры ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, белгілі бір кезеңдегі газет мәтіндерінің тақырыптары сол кезеңдегі тілдік ерекшелікті көрсетеді және тілдің эволюциялық дамуында өзіндік роль атқарады [33].
Бірқатар ғалымдардың еңбектерінде газет мәтіні тақырыптарының синткасистік ерекшелігі сөз болады. А. С. Попованың «Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие» атты еңбегінде газет мәтіні тақырыптарының синтаксистік ерекшелігі тарихи аспектіде қарастырылады. Ғалымның пікірінше, газет мәтіні тақырыптары жалпы әдеби тілдің синтаксистік құрылымында кездесе бермейтін өзіндік ерекшеліктерге де ие [29]. Г. А. Золотова тақырыптардың синтаксистік ерекшеліктерін танып білудің үш жолын ұсынады. Олар: 1) тақырыптарда қолданылатын синтаксистік құрымыдардың ерекшелігін сипаттау; 2) тақырыптардың синтаксистік табиғатын көрсететін теориялық мәселенің шешімін табу; 3) тақырыптардың белгілі бір типіне талдау жасай отырып, негізгі синтаксистік бірлікті анықтау [34]
И. Р. Гальперин «Текст как обьект лингвистического исследования» еңбегінде кешенді түрде берілетін тақырыптарды тезис тақырып ретінде қарастырады. Қазіргі тіл білімінде кешенді тақырыптардың құрылысы туралы бірізді пікір жоқ [35]. Г. А. Золотованың пікірі бойынша синтаксистік ортаға тәуелсіз мұндай құрылымдар осы қалпында тұрып-ақ белгілі бір көлемдегі қажетті мағынаны беріп, ойды тыңдаушыға жеткізіп тұр, сондықтан оларды сөйлемнің синтаксистік моделінің белгілі бір типіне жатқызу міндетті емес.
Г.А.Ихсангалиева өз еңбегінде қазақстандық газеттер мен телебағдарламалар тақырыптарына функционалдық-прагматикалық талдау жасайды. Р. Т. Қожабековагың диссертациялық жұмысында 1991- 2002 жылдар аралығындағы қазақ тілді басылымдардан жиналған тілдік материалдарға талдау жасай отырып, баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктерін негізгі зерттеу нысаны етіп алады. Автор: «газет тақырыптарының негізгі өзегін құрайтын прецеденттік атаулар ұлттың тарихымен, менталитетімен, мәдениетімен, саяси және әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты. Сондықтан да олар тұрақты тіркесті тақырыптардың басым көпшілігін құрап, әлемнің тілдік бейнесін, яғни қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. өзгерістер көрінісін бейнелейтін феномен», - деп жазады.
Жоғарыда аталған зерттеушілердің барлығы дерлік өз еңбектерінде мәтін тақырыптарының негізгі ерекшеліктеріне мән бере отырып, тақырыптардың негізгі қызметтерін көрсетуге тырысады, зерттеу нысанының ерекшелігі мен қарастырылатын аспектіге орай тақырыптарға түрлі анықтама береді. Зерттеу жұмыстарының көпшілігінде мәтін тақырыптарының ішкі мазмұны мен сыртқы формасы арасындағы байланыс, мәтін тақырыбының өзіндік сипаты мен ерекшелігі, ең негізгі белгілері көрсетілген. И. Р. Гальперин: «информация, получаемая из каждого виды текста, в какой-то степени предопределяется самим названием данного типа текста», - деп атап көрсетеді. С. Д. Кржижановский: «Как связь в процессе роста разворачbвается постепенно множащимися и длиннящимися листами, так и заглавие, постепенно, лист за листом раскрывается в книгу; книга и есть развернутое до конца заглавие, заглавие же – стянутая до обьема двух трех лов книгах», - деген пікірп айта отырып, мәтін мен тақырыптың ішкі байланысы мен мағыналық бірлігін көрсетеді. Көркем шығарма тақырыптарының функциясы мен құрылымын зерттеуші Н. К. Кожина: «Заголовок способен дать читателю допольнительное к названию представление: о стиле, жанре, композиции и тональности художественного текста, о тех смысловых кодах, которые следует активизировать в читательском сознании для полного восприятия художественого произведениях», - деп жазады. В. С. Мужевтің анықтауынша: «Заголовок – это целостная единица речи стоящая перед текстом, являющаяся названием текста, указывающая на содержание этого текста и отделяющая данный отрезок речи от других».
А. С. Выготскийдің пікірінше, «заголовок является доминантой, которая определяет собой все построение рассказа». А. М. Пешковский: «заголовок представлят собой намек... на содержание или даже сжатое изложение его» деп жазады. Яғни тақырыпты мәтінмен тікелей байланысты элемент ретінде қарастырады. Т. Рахимованың мақаласы тақырыптық кешен мәселесіне арналады. Автор тақырыптық кешенге тақырыпты, тақырыпшаны және мтін ішінде кездесетін тақырыптарды жатқызады. Автор: «Заголовочный комплекс – совокупность более двух-трех и даже десятков заголовков разного характера разной струкуры и с разным назначением», - деп атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше, тақырыптың қызметі – атау, макромәтіннің аты, ал тақырыпшаның қызметі – ақпарат беру, түсіндіру, мтін ішіндегі тақырыптардың қызметі – бөліп көрсету, бағыт-бағдар беру болып табылады.
Тақырыпқа қатысты жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып, тақырыптардың адресатқа мазмұнды және прагматикалық бағдар берудің жалыпға бірдей қызмет ететін тілдік норма ретінде қабылданған тәсіл екендігін байқауға болады. Мәтін тақырыптары тек құжат мазмұнын ашып қана қоймайды, қоғамдық сана мен болмыстағы өзгерістерді де білдіретін тілдік бірлік қызметін атқарады. Кез келген мәтінде қолданылатын тілдік бірліктердің прагматкиалық деңгейі түрліше болатыны белгілі. Тілдік бірліктердің прагматикалық маңызы туралы сөз қозғағанда, ең алдымен тақырыптардың ролі басты назарда болуы керек. Себебі жоғарыда айтылғандай мәтінге қатысты ең алғашқы ақпарат олардың тақырыптары арқылы беріледі. «Прагматизм» ғылым мен философиядағы теориялық идеялардың нәтижесінде ғана емес, қоғамдық-әлеуметтік қатынас жағдайында ғылымның іргелі, қолданбалы салаларында нақты практикалық міндеттерді шешу мақсатынан да туындады. Мұндай міндеттер коммуникативті әсер етудің ең тиімді деген жолдарын, стратегиясы мен тактикасын көрсетуді талап етті. Мұндай практикалық міндеттерді орындаудың теориялық базасы лингвистикалық прагматика болды. «Тіл білімінің қазіргі жай-күйі қарым-қатынастың түрлі жағдайындағы тілдік бірліктердің қызмтін талдауға ерекше мән берілуімен сипатталады», - деп жазады И. М. Копыленко өз еңбегінде.
Мәтін тақырыптарына ерекше тілдік бірлік ретінде талдау жасау, оны негізгі прагматикалық компоненттердің бірі ретінде қарастыру бұл мәселеге жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізеді. Мәтін тақырыптары – жүйелі түрде қолданылатын тілдік бірліктер. Олар кез келген мәтіннің құрамдас бөлігі ретінде мәтіннің мазмұнын ашатын, мәтініндегі алғашқы ақпаратты жеткізетін тілдік таңбаның ерекше түрі. Олар мәтін тақырыбы қызметінде жұмсалып, құжат мәнін ашатын ерекше құрал ретінде қызмет атқарады. Тақырыптарға қатысты жазылған ғылыми еңбектердің барлығы да тақырыптардың мәтінінің мағыналық доминанты болып табылатындығын көрсетіп отыр.
Мәтін тақырыптары құрылымына, құрамына қарамастан, үш негізгі қызметті атқарады. Олар: атауыштық, ақпараттық жне прагматикалық. Бұл негізгі үш қызмет бір-бірімен тығыз байланысты. Мәтін тақырыының атауыштық қызметі мәтіннің белгілі бір атаумен таңбалануымен, мәтіннің аты ретінде қолданылуымен байланысты. Кез келген мәтін тақырыптары мәтіннің жалпы прагматикалық бағытын жасай алады. И. Р. Гальперин атап көрсеткендей: «әр мәтін туралы белгілі бір деңгейдегі ақпарат сол мәтіннің тақырыбы арқылы да алдын ала беріліп отырады».
Ғылыми еңбектерге жасалған шолу орыс тіл ілімінде публицистьикалық, көркем әдеби мәтін тақырыптары туралы бірқатар еңбектің бар екендігін көрсетеді.
Номинатив бірліктен немесе Фердинанд де Соссюр тілімен айтсақ, сигнификаттан заң тақырыптарының басты айырмашылығы: «белгілі бір заттың биологиялық, табиғи байланысы жоқ акуисткалық бейнесі емес, оның мазмұнымен тіелей байланысты өзге деңгейдегі атау болуында». Тілдегі болып жатқан өзгерістер, белгілі бір тілдік құбылыстың өшіп, екінші біреінің туып, жандана бастауы ешбір себепсіз болмайды. Әр заманның ағымына қарай жанрлардың өсетіні, өнетіні, жоғалып жаңадан қайта туатыны бар. Белгілі кезеңдегі жаңалық, өзгерістер жалпы тілдің дамуы барысынан, қоғамдық қажттіліктен, тілдің ішкі заңдылықтарының негізінде туындап отырады. Тілдің белгілі бір кезеңдегі тармағын зерттегеннің өзінде де, сол жалпы тілдің даму заңдылығынан бөлінбей, сол дамудың желісінде қаралады. Зерттеуші Р. А. Будаговтың пікірінше, «тілдің дамуы оның өткен кезеңінен ғана емес, қазіргі сәтінен де байқалады, тілдегі тарихи құбылыстар оның қазіргі сәтінен көрініп отырса, қазіргі дәрежесіне жетуі тарихи дамуынан танылады».
Тілдегі әрбір құбылыс белгілі бір дәрежеде қоғамдық құбылыстармен тығыз байланысты. «Тілдік құбылыстар арасындағы байланыстар мен олардың сипаттары тарихи жағдайларға байланысты құбылып өзгереді. Тілдің тарихын, тілдік құбылыстардың туып, қалыптасу тарихын зерттегенде оның қалыптасу негізінде, басқа құбылыстармен қандай айырмашылығы барын анықтау қажет».
Тақырып ұлттық мәдени ақпараттың қайнар көзі. Тақырып мәтін мен идея арасындағы көпір. Кез келген құрамдағы болмысына қарай тақырып анық берілуі тиіс. Тақырып мәтіннің ең күшті, басты позициясы болып табылады.
Зерттеуші Л. В. Бойкованың газет тақырыбына берген дәйексөзінде ; газеттің ең негізгі басты элементі оның тақырыбы дей келе, «Заглавие, определенное И. В. Арнольд как «сильная позиция», является мини текстом по отношению к макротексту (Ю. М. Лотман), степень его автосемантики неодинакова в разных текстах».
Тіл иесі халықтың басынан өткен, өмір шындығына сай туған, сан салалы тақырыптарды арқау етеді.
Жалпы тіл білімінде тақырыптардың өзіне тән қасиеттері мен құрылымдарын сипаттауға өткен ғасырдың 20-30 жылдарында-ақ талпыныс жасалған болатын. Және бұл зерттеу саласы орыс тіл біліміндегі тілші ғалымдардың ортақ ізденіс жүргізуіне себеп болды. Төңкерістен кейін, әсіресе кеңестік тіл білімінде тақырып мәселесі қолға алына бастады (мәселен, Г. О. Винокурдың «Тіл мәдениеті», 1924 және А. М. Селищеваның «Төңкеріс дәуірінің тілі», 1928 атты еңбектері жарық көрді). Бұл жылдары бәрінен бұрын газет мақаласындағы тақырыптар газет тілі ұғымы «көркемдік, поэтикалық сипатын» жоғалтқан тіл (Г. О. Винокур) екендігіне және барынша мол тілдік қалыптасқан бірліктер, клишелер кездесетіндігіне қарамастан, арнайы лингво-стилистикалық зерттеулердің нысанына айналды. Оның ішінде газет тақырыптарындағы клишелерге қатысты француз ғалымы Ш. Баллидің мынадай пікірі бар еді: «Газет стилін клишелер көрсетіп тұрады. Бұл тіл бірлігінсіз дұрыс және жылдам жазу мүмкін емес». (Ш. Балли. «Француз стилистикасы»). Газет тақырыптарын зерттеу оны штамп, тілдік шаблондар мен стереотиптерге қатыстылығына қарай сыни бағалар берілсе де тоқтамады.
Г. О. Винокурдың «Тіл мәдениеті» кітабы сонымен қатар газет мәтінінің тақырыбына штамп сөздерді қолдануды газет сөзіне зиян келтіретін, оның айқындығын әлсіретіп, таптаурын ететін құбылыс деп жазған болатын. Дайын тұрған клише сөздерді, стереотиптерді, шаблондарды қолдану журналистің өз бетімен ізденуіне мүмкіндік бермейді, оқырманның газетке деген көзқарасының дұрыс қалыптаспауына себеп болады деп бағалады. Ғалымдардың бұл пайдалы кеңеспен келіспеске лажы да қалмады.
2. Тек соңғы кездерде ғана жалпы мәтін тақырыптарының құрылымын зерттеу мәселесін айқындау мүмкін болып отыр. Бұл зерттеу саласының , ең алдымен, функционалдық стильдер аясында қарастырылатынын ғалымдар баса айтады [30, 83].
Қазіргі кездегі тіл білімі үшін тақырыптың құрылымын жеткілікті деңгейде сипаттау мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Ол үшін тақырыпты синхрондық тұрғыдан қарастыру қажеттігі белгілі болды (Б. И. Фомин «Тақырыптардың синтаксистік құрылымы» «Орыс тілі. Мақалалар мен зерттеулер. М. Ломоносов атындағы ММУ-дің ғылыми жазбалары»; С. П. Суворов. «Ағылшын газет тақырыптарының стиліндегі өзгешеліктер («Жұмысшы») газетінің материалдары бойынша «Тіл және стиль» жинағында «Мысль» баспасы», Москва, 1965; З. Д. Блисковский. «Атау әрқашан да маңызды», Москва, 1962).
Сонымен қатар газет тақырыптарының құрылымының даму тарихына қатысты мәселелер қойған жұмыстар да пайда болды (мысалы, А. С. Дубовая, «Роман тілдерін салыстырмалы және типологиялық зерттеу бойынша координациялық талқылау. Баяндамалар мен хабарламалар тезисі» кітабындағы «Француз тілінде XVII ғасырдан ХХ ғасыр басына дейінгі газет тақырыптарының құрылымының дамуы» мақаласы, Ресей Тіл білімі институты, Ленинград, 1964; жекелей алғанда, «Орыс тілін орыс еместерге үйрету тәжірибесінен» деген жинақтағы В. Г. Костомаровтың «Газет тілін бақылау; газет тақырыптары» атты мақаласы. «»Мысль) баспасы, Москва, 1965).
3. Осыған қарап отырып, газет тіліндегі сияқты басқа мәтіндердегі тақырыптардың автордың, оқырманның және сөз болып отырған анықталған нәрсені талап ететіндігі байқалады, яғни тақырыптан кейін не туралы қозғалатындығы маңызды мәселе болып отыр. Тақырыптың төрт қызметін атап көрсетсек болады:
Біріншіден, тақырыпқа коммуникативтік қызмет тән, бұл бойынша тақырып белгілі бір нәрсе туралы хабардар етіп тұрады.
Екіншіден, тақырыпқа аппелятивтік қызмет тән, ол оқырманмен тікелей байланысты, сондықтан тақырып оқырманға белгілі бір нәрсе туралы тек хабар беріп қана қоймайды, сонымен қатар оған белгілі бір деңгейде әсер етеді. Тақырыптың бұл қызметін былайша түсіндірсек болады, мысалы заң мәтіндеріндегі тақырыптар мемлекеттегі қабылданған заңдық құқықтар туралы хабардар етеді. Оны оқыған кез келген адам сол заңның аясында өзінің не істеу керектігін, міндеттерін немесе басқа біреудің міндеттерін ұғынады. Мысалы, бұған дәлел ретінде «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы Заңының» тақырыптарын келтірсек болады. Ондағы тақырыптар Заңдағы мәтіндердің мазмұнын көрсетеді:
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
Қаржы полициясы органдарының мінедеттері
Қаржы полициясы органдары қызметінің құқықтық негізі
Қаржы полициясы органдарының ұйымдастырылу және қызмет ету принциптері
Қаржы полициясының жүйесі және қызметінің ұйымдастырылуы
Қаржы полициясының жүйесі
Уәкілетті орган
Уәкілетті органның басшысы
3-тарау
Қаржы полициясы органдарының міндеттері
Қаржы полициясы органдарының құқықтары
4-тарау
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің білек күшін, арнайы құралдар мен қару қолдануы
Білек күшін және арнайы құралдар қолдану
Қару қолдану
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің білек күшін, арнайы құралдарды және қаруды қолдануы жөніндегі шектеулер
5-тарау
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
Қаржы полициясы органдары қызметкерінің еңбегін құқықтық реттеу және оның құқықтық жағдайы
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің қызмет өткеруі
Қаржы полициясы органдарында қызметте болудың шекті жасы
Қаржы полициясы органдарындағы қызметті тоқтатудың негіздері
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің арнайы атақтары
6-тарау
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қорғау
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамтамасыз ету
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің демалыстары
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайдағы кепілдіктер
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің тұрғын үй құқықтары
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қорғаудың өзге де шаралары
Қорытынды және өтпелі ережелер
Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі мен олардың іс-әрекеттеріне шағым жасау құқығы
Осы Заңды қолданысқа енгізу
Үшіншіден, мәтіндегі тақырыптар белгілі бір тұлғаның көзқарасына, ұстанымына сай келіп отырады.
Төртінші қызметі, тақырыптар бір мәтінді екіншісінен айырып, олардың арасын шектеп тұрады.
4. Тақырыптың құрылымы оның синтаксистік құрылысының қолданылу тәсілінде көрінеді. Заң тақырыбының синтаксисіне мыналар тән болып келеді:
1. «Мен», «және» деп келетін жалғаулық шылаулар белгілі бір ойды толық жеткізу үшін оларды салаластырып, байланыстырады. Қазақстан Республикасының Баланың құқықтары туралы Заңындағы тақырыптардан бұл ерекшелікті байқауға болады:
«Баланы алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды әсерінен қорғау
Баланы жезөкшелік пен порнографиядан қорғау
Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
«Немесе» деп келетін талғаулық мәнді шылаулардың кездесуі
Баланы есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан қорғау»
2. Синтаксистік құрылымда сонымен қатар бірыңғай мүшелердің келуі Заң тақырыптарында кездесіп отырады:
Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы
Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы
Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеті
Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекемелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу
3. Заң тақырыптарының көбінесе тұйық етістікпен аяқталып отыратындығы ондағы жиі ұшырасатын құбылыс:
Бала және қоғамдық ақпарат құралдары
Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу.
Мәлімет беруге бағытталған сөйлеу актісі тілдік бірліктердің көмегімен жүзеге асырылады. Лингвистикалық прагматикадағы сөйлеу актісі теориясының бірінші деңгейі іс қағаздар тілінде белгілі бір қалыпқа түскен тілдік бірліктер – іс қағаздарының тақырыптары арқылы көрініс табады. Ерекше назар аударатын бір мәселе – көркем әдебиет стилінде, публицистикалық стильде, ішінара ғылыми стильде әр мәтіннің өз тақырыбы болатын болса, ресми-іс қағаздар стилінде мәтін тақырыбы қызметін негізінен іс қағаздарының атаулары атқарады. Іс қағаздары шығу, жасалу сатысына қарай түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінетіні белгілі. Түпнұсқалық іс қағаз түріне кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатса, көшірмелік іс қағазына түпнұсқаның мәтін сол күйінде, өзгеріссіз алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. Екінші сатылы іс қағазы болып табылатын құжаттардың атаулары да стандарт тілдік бірлікке айналып, қалыпқа түскен және олар да іс қағаз тақырыптары ретінде қолданылады.
Іс қағазының атауы тақырыптың басында, ортасында, соңында берілгеніне қарамастан, ол басыңқы қызмет атқарады. Ал мына тақырыпты іс қағаз атауы оның жанрлық түрін көрсету үшін ғана қолданылғанымен, мұнда да негізгі ақпараттық қызметті атқарып тұр. Мысалы,
Қазақстан Республикасының президентінің Қаулысы
әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің мәртебесі туралы
Әдетте, мұндай құрылымның бірінші бөлігі, яғни іс қағазының атауы көрсетілген бөлігі қосымша мәлімет беруші компонент ретінде кіші қаріптермен беріледі де, екінші бөлігі, яғни мәтін тақырыбы негізгі мәліметті беруші компонент ретінде үлкен қаріптермен теріледі. Бірақ жоғарыда айтылғандай доминанттық қызмет іс қағазының атауы көрсетілген бөлікте.
И. Р. Гальперин «Текст как обьект лингвистического исследования» деген еңбегінде мұндай кешенді түрде берілетін тақырптарды тезис-тақырып ретінде қарастырады [35,103]. Іс қағаздарында кездесетін мұндай кешенді тақырыптар жоғарыда айтылғандай, көбінесе екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлік типтес құжаттарда қайталанып келетін болғандықтан, мысалы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы, Қазақстан Республикасының Заңы т.б., бұл бөлікті тұрақты элемент ретінде қарастыруға болады. Бірінші бөлікте құжат типі мен оны шығарушы ұйым атап көрсетіледі. Екінші бөлік көбінесе анықтаушы, айқындаушы қызмет атқаратындықтан, мысалы, Қазақстан Рспубликасының Білім және Ғылым министрлігі Ғылым академиясы мен оның ведомстволық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы, ол ауыспалы элемент ретінде қарастырылады.
Тезис-тақырыптардың бірінші бөлігінің құрамына іс қағаз атауы кіретін атаулы сөйлемнен жасалады да, екінші бөлігі туралы, жайлы, жайында, жөнінде шылауларының бірімен келетін зат есімді немесе «етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі» [37, 527] қимыл есімді құрылымнан тұрады. Мысалы,
Қазақстан Республикасы үкіметінің Қаулысы
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы
«Жалпы кез келген мәтін тақырыбына қойылатын негізгі талаптың бірі олар мүмкіндігінше қысқа, мүмкіндігінше нақты болу керек іс қағазының тақырыбында қимыл атауын қолдану тақырып мазмұнын ашу үшін қолданылатын сөздерді мүмкіндігінше қысқартуға септігін тигізеді. Аталған іс қағаздарының көпшілігі жалпыхалықтық сипатта болып келеді, онда халықтың барлығы хабардар болуға тиіс, белгілі бөлігі орындауға тиіс іс-әрекет сөз болғанымен, тақырыпта сол іс-әрекеттің жалпы, жинақталған, тұжырымдалған атауы тыңдаушыға мәтіндегі бүкіл іс-қимылдың барысынан ақпарат жеткізу қызметін атқарады» [38, 86].
Қазақстан Республикасының Заңы.
Баланың құқықтары туралы
Жалпы ережелер
Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның қолданылуы
Қазақстан республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
Балалардың тең құқықтылығы
Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясаттың мақсаттары
Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде өкілеттіктері
Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
Баланың денсаулық сақтауға құқығы
Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы
Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы
Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы
Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы
Баланың мүліктік құқықтары
Баланың тұрғын үйге құқығы
Баланың білім алуға құқығы
Баланың еңбек бостандығына құқығы
Баланың мемлекеттік көмекке құқығы
Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу
Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
Баланың міндеттері
Бала және отбасы
Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы
Баланың отбасындағы құқықтары
Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттік қолдау
Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеті
Баланың ата-анасымен бірге тұру құқығы
Баланың өзінен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат
Бала асырап алу
Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекемелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйымдар
Мүгедек баланың құқықтары
Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары
Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек
Бала және қоғам
Ұлттық және әлемдік мәдениетке баулу
Бала және дін
Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау
Баланы алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды әсерінен қорғау
Баланы есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан қорғау
Бала және қоғамдық ақпарат құралдары
Баланы жезөкшелік пен порнографиядан қорғау
Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
Баланың заңды өкілдері
Мемлекеттік органдар мен баланың құқықтарын қорғау
Осы Заңды орындау кезінде дауларды шешудің сот тәртібі
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттік баяндама
Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау
Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етуден ерекшеліктері
Бала жауапкершілігінің ерекшеліктері
Баланың мінез-құлқына әсер етудің ерекшеліктері
Қорытынды ережелер
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын іске асыруды үйлестіруі
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы заңдарының сақталуына бақылау жасау
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұымдардың қызметін үйлестіру
Нормативтік құқықтық актілер туралы заң
Жалпы ережелері
Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның қолданылу саласы
Нормативтік құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері
Нолрмативтік құқықтық актілер сатысы
Нормативтік құқықтық актілердің тікелей қолданылуы
Әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары
Қазақстан Республикасы Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілерді дайындауды жоспарлау
Қазақстан Республикасы Парламентінің заң актілерін дайындауды жоспарлау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жосбасы жұмыстарын жоспарлау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілер дайындау жөніндегі тапсырмалары
Орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының өзге орталық органдары құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлау ерекшеліктері
Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар
Нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеу тәртібі
Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу
Нормативтік құқықтық актінің реквизиттері
Нормативтік құқықтық актінің құрылымы
Нормативтік құқықтық актінің мәтінін жазу мәнеріне қойылатын талаптар
Нормативтік құқықтық актілерде басқа актілердің баптарына сілтеме жасау және актілерде басқа актілердің баптарын келтіру
Нормативтік құқықтық актілердің баптарына басқа баптарға сілтеме жасау
Нормативтік құқықтық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінің мәжілісіне енгізу
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама
Ғылыми сараптаманың міндеттері
Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамаға жіберу кезіндегі бастамашылық
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мен оны күшіне енгізу тәртібі
Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілеу
Нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу тәртібі
Жаңа нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілердің және олардың бөліктерінің күші жойылды деп тану, оларды өзгерту мен толықтыру
Қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілдік берілген адамдар
Нормативтік құқықтық актілерді жариялау
Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялаудың міндеттілігі
Заң актілерін ресми жариялау
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау
Нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын толық жарияламауға жол бермеу
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау
Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
Нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу уақыты
Нормативтік құқықтық актінің кері күші
Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енгізілуі шарты ретінде мемлекеттік тіркеу
Нормативтік құқықтық актінің қолданылу мерзімі
Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
Нормативтік құқықтық акітілердің кеңістік жағынан қолданылуы
Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар бойынша қолданылуы
Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету шаралары
Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру
Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру реттері мен жағдайлары
Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру мен есепке алу
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру
Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебі
Нормативтік құқықтық актілердің жариялылығы
Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Жалпы ережелер
Заңның мақсаттары
Заңның қолданылу аясы
Монополияға қарсы заңдар
Негізгі ұғымдар
Монополияға қарсы орган
Монополияға қарсы органның міндеттері
Монополияға қарсы органның атқаратын жұмыстары
Монополияға қарсы органның қызметі
Монополияға қарсы органның өкілеттігі
Монополияға қарсы органның ақпаратқа қол жеткізу құқығы
Монополияға қарсы орган жанындағы сарапшылар кеңестері
Монополистік қызмет және бәсекені қорғау
Мемлекеттік органдардың бәсекені қорғау жөніндегі міндеттері
Мемлекеттік органдардың бәсекені шектеуге бағытталған актілері мен іс-әрекеттері
Рынок субьектілерінің бәсекені шектейтін келісімдері (келісілген іс-әрекеттері)
Мемлекеттік органдардың бәсекені шектейтін келісімдері (келісілген іс-әрекеттері)
Рынок субьектісінің үстем (монополиялық жағдайы)
Мемлекеттік бақылаудың жекелеген түрлері
Рынок субьектілері мен олардың бірлестіктерін құруды, қайта ұйымдастыруды, таратуды мемлекеттік бақылау
Рынок субьектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) иелену кезінде және өзге де жағдайларда монополияға қарсы заңдардың сақталуы мемлекеттік бақылау
Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субьектілерін еріксіз бөлу, бөліп шығару
Бағаларды мемлекеттік реттеуді енгізу
Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық үшін жауаптылық
Монополияға қарсы органның нұсқамаларын, шешімдерін орындаудың міндеттілігі
Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық үшін жауаптылық
Рынок субьектілерінің жауаптылығы
Рынок субьектілері басшыларының, мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының жауаптылығы
Монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешімдерін қабылдау, оларға шағым жасау және оларды орындау тәртібі
Монополияға қарсы органдардың монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы істерді қарауы
Монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешімдерін орындау тәртібі
Монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешімдеріне шағым жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы
Жалпы ережелер
Маслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметінің ұйымдастыру
Әкімдер және әкімияттар, құрылуы, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы
Қорытынды және өтпелі ережелер
Достарыңызбен бөлісу: |