Заң тақырыптарының лингвистикалық сипаты Жұмыстың тақырыбы


Диплом жұмысының өзектілігі



бет2/8
Дата10.08.2023
өлшемі247 Kb.
#105169
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
dip -zan-taqyryptarynyn-lingvistikalyq-sipattamasy

Диплом жұмысының өзектілігі. Тақырыптарды зерттеудегі жетістіктер оның сан түрлі қырын ашудан анықтала түседі деп тұжырым жасауға болады. Тақырыптардың бұдан да басқа әр түрлі қызметтерін, қолданылу аясын зерттеу Диплом жұмысының өзектілігін айқындай түсетін ең басты фактор. Соның ішінде заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттарын қарастыру Диплом жұмысында сөз болып отырған негізгі мәселе. Ең алдымен, заң тақырыптарын сөз етпес бұрын жалпы заң мәтіндерінің лингвистикалық зерттеудегі маңызын ашып көрсеткен дұрыс.
Соңғы кезеңдердегі немесе тарихи әдеби шығармалардың тілі болмаса, басқа мәтіндер тілін зерттеген тілдік еңбекті кездестіре қою қиын. Стилистикалық тұрғыдан зерттеп, арнайы қарастыруды қажет ететін тілдік мәтіндердің түрлері жоқ емес, баршылық. Олардың әрқайсысының тілдік, мәтіндік ерекшеліктері бар екендігі де шындық. Десек те солардың өзі осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде тілдік тұрғыдан стилистиканың нысанына ілінбей, қарастырылмай келді. Ал олардың яғни әр мәтін түрінің ерекшеліктерін анықтау, тілдік заңдылықтарын айқындап, әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін, өзіндік табиғатын көрсетіп беру қазақ тіліндегі мәтіндер тілінің төселіп, жүйеленіп, нормаланып, онсыз да қоғамдық қолданыста ақсап жатқан қазақ тілінің анақұрлым кеңірек қолданылуына аз да болса сеп болары сөзсіз.
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімінде арнайы сөз болып, жеке өз алдына қарастырылып жатқан уақыты қазақ мемлекетінің өз алдына тәуелсіздік алып, қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан заң құжаттарының тілін зерттеу, олардың ерекшеліктерін танытудың, ең алдымен, заң шығару үшін де маңызы өте зор. Себебі заң шығарушы мемлекеттік органның заң құжаттарының тілдік құрылымын қатты сақтап, олардың ішінде басы артық сөз кетіп қалмауын қатаң қадағалауы қажет. Публицистикалық стильдің барлық талаптары заң мәтінінен толықтай табылуы керек. Мұндай талаптар сақталмаса, онда заң құжаттарының прагматикалық-ақпараттық қызметі солғындайды. Заң мәтіндерінің бүгінгі күн талабына сәйкес тіл білімі саласында зерттеу нысанына айнала бастағанының өзектілігі міне осында.
Заң мәтіндері туралы, жалпы ресми-іскер стильдің басқа да салалары туралы қазақ тіл білімінде біршама еңбектер жарық көрді. Бұл салада Л. Дүйсембекова, Д. Әлкебаева өнімді еңбек етіп жүр. Ғалымдардың қазақ тіл біліміндегі ресми-іскери стильдің барлық қырынан танытудағы жемісті ізденістері бұл стильдегі басқа салалардың, әсіресе заңдық құжаттардың зерттелуіне жол ашып отыр.
Заңдық құжаттардың тақырыбындағы тілдік элементтерді, олардың синтаксистік-құрылымдық ұйымдастырылуын зерттеу Диплом жұмысының ең басты қарастыратын өзекті мәселесі болып табылады. Диплом жұмысында заң тақырыптарының басқа да функциялары сарапқа салынды. Бұл қазақ тіл білімінде бүгінгі таңда қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы үшін қажетті бастама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет