Диплом жұмысының пәні. Қазақ тілінің стилистика саласы, оның ақпараттық-прагматикалық ауқымы, функционалдық лингвистикадағы соңғы кезде қалыптасып отырған тілдік ерекшеліктер Диплом жұмысының негізгі пәні болып саналады. Отандық лингвистикада әлеуметтік факторлардың әсерін тіл біліміне байланыстыра, сабақтастыра отырып қарастыру.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру. Заңдық құжаттардың лингвистика үшін қандай маңызы бар екендігін көрсету. Сонымен қатар ең негізгі мәселе, заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттамасын ашып көрсету. Қазақ мемлекеттілігі қалыптасқанннан бері қаншама заң актілері қабылданып, күнделікті қолданысқа енгізіліп жатыр. Солардың барлығының тақырыптық ерекшеліктерін талдау. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері осыларды қамтиды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы.Алғаш рет заңдық құжаттардың тақырыптары зерттеу нысанына айналды. Заң тақырыптарының құрылымындағы ақпараттық, прагматикалық, танымдық қызмет талданып көрсетілді. Сонымен қатар тақырыптардың басқа да айрықша белгілері Диплом жұмысында сараланды.
Диплом жұмысының нәтижелері.Диплом жұмысында мынандай негізгі нәтижелер бөліп алынды:
- Функционалдық стиль саласында ресми-іскер стильдің зерттелуі тіл білімінің көптеген салалары үшін өте қажетті фактор болып табылады.
-Заңдық құжаттардың зерттелуі, тілдік тұрғыдан қарастырылуы заң шығарушы органның қызметін жеңілдетіп, олардың ресми-іскер салада нақты бекітілген талаптар тұрғысынан жазылуына мүмкіндік береді.
- Заң тақырыптарының барлығы анықталған түрде клишелер мен штамптарға қатысты болады. олардың негізгі тілдік бірліктері де осы болып есептеледі.
-Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарынан үлгілер келтіріліп, олардың тақырыптарына, ондағы ерекшеліктеріне назар аударылды.
-Заңдық құжаттардағы тақырыптардың синтаксистік құрылымы, қызметі алғаш рет сөз болды.
Зерттеудің дерек көздері:Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) атты және Р. Т. Қожабекованың «Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшелігі» атты диссертациялық жұмысы, Л. Дүйсембекованың «Ресми-іскер стиль» атты монографиясы, Д. Әлкебаеваның «Прагмастилистика» атты оқу құралы, М. Мамабетованың «Ресми-іскери тіл белгісі – клише тұлғалар» атты еңбегі, Қазақстан Республикасында қабылданған заңдық құжаттардың тақырыптары пайдаланылды.
Сонымен қатар А. С. Попованың «Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие» атты диссертациялық жұмысы, И. Р. Гальперин «Текст как обьект лингвистического исследования» атты монографиясы, С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты еңбегі зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері болып есептеледі.