Зачет сұрақтары


Әлеуметтану пәнінің негізгі құрылымы және қызметтері



бет3/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Әлеуметтану дифф зачет

3. Әлеуметтану пәнінің негізгі құрылымы және қызметтері.
Әлеуметтік құрылым- белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым – қатынастарды қайталанып келіп отыратын үлгiлерi . Ол тек мінез - құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес , білім алуды неке құруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңiрек контекстегі проблемаларды да қамтиды .
Әлеуметтанудың 3 қызметі бар олар:
Танымдық қызметі

  • Басқа құбылыстармен байланысын зерттеу .

  • Әлеуметтік кұбылыстардын заңдылықтарымен сипатын қарастыру

  • Әлеуметтік процесстердiн негiзiнде коғамдык өмiрдiң дамуы турасында ғылыми болжамдар жасау.

Практикалық қызметі

  • Әлеуметтік құбылыстарды теоретикалық және эмпирикалық талдау негізінде практикалық ұсыныстар енгізіледі.Бұл ұсыныстар әлеуметтік басқару механизмдерін тиімді түрде жұмыс жасауына көмек береді.

  • Басқару құрылымының қызметін әлеуметтану қамтамасыз етеді .

  • Экономиканың ұлттық қатынастардың,саяси жүйесінің дамуына басқару құрылымы әсер етеді.

Идеологиялық қызметі

  • Әлеуметтану белгілі-бір дәрежеде әлеуметтік топтардың,саяси партиялардың қызығушылығын білдіреді.

  • Әлеуметтанушының ғылыми нәтижелері оның қоғамда алатын әлеуметтік статусына тәуелді

4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының екінші түрі- ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде- құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет