2.2 Орфография және орфоэпия заңдылықтарын оқушыларға игерту, сауаттылық деңгейін көтеру ерекшеліктері
Тіл дыбыстары сөз ішінде; сөз арасында біріне-бірі әсер етіп отырады, сондықтан сөздің жазылуы мен айтылуы сай келе бермейді.
Жазылуы А й т ы л у ы
педагог педагок
басшы бащы
ашса ашша
тұзшы тұщы
бөдене бөдене
құдық кұдұқ
ала ат алат
ақ лақ ағлақ
Орфография деп белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтады.
Орфография тілдегі сөздердің, олардың грамматикалық формаларының біркелкі жазылу нормасын белгілейді. Тілдің орфографиясын үкімет бекітеді. Үкімет қабылдаған, бекіткен сөздердің жазылу нормасын сактап жазу әрбір азаматқа міндетті болып табылады [14,71б.].
Орфоэпия сөздің дұрыс айтылу нормасын белгілейді. Дұрыс жазу қандай міндетті болса, дұрыс сөйлеу де сондай міндетті, өйткені дұрыс жазу мен дұрыс сөйлеу — мәдениеттіліктің басты белгілерінің бірі.
Дауыты а, ә әріптері. А, ә — жуанды — жіңішкелі жұп дауысты дыбыстардың әріптері.
Езулік ашық, жуан дауысты дыбыстың әрпі а сөздің барлық буынында жазылады. Мысалы: адам, бала, дала, азамат т. б.
Езулік ашық, жіңішке дауысты дыбыстың әрпі ә сөздің бірінші буынында ғана қолданылады. Мысалы: әмір, әсер, әкім, әзір, әзер, бәле, бәкі, бәлкім, сәтен, пәтуа, бәлі, рәсуа, кәдік зәбір, т.б.
Айтылуда а дыбысының ә болып естілуі жиі кездеседі. Мысалы: жай (жәй), шай (шәй), жаяу (жәяу), жайлау (жәйлау), рәсуа (рәсуә), жауһар (жәуһәр), жиһанкез (жиһәнкез), т.б.
Еріндік, ашық дауысты ө, о дыбыстарының әріптері сөздің басқы буынында жазылады. Мысалы: өнер, қол, орақ, өзен, өмір, орта. Орыс тілінен енген сездерде о әрпі орын талғамайды. Мысалы: кино, океанолог, забой, динамо.
Ө— жіңішке, О — жуан дауысты дыбыстың әрпі.
Сөздің алдыңғы буынында ө әрпі болса, одан кейінгі буындағы е айтылуда ө болады, бірақ е жазылады. Мысалы: өнер (өнөр), көне (көнө), өжет (өжөт), өсер (өсөр), өрен (өрөн), көлем (көлөм), көмей (көмөй), шөлейт (шөлөйт), бөгел (бөгөл), бөгет (бөгөт) т, б.
Достарыңызбен бөлісу: |