Закриянова Асия Файзрахманқызы 403 «ә» тобы Қазақ тілінен фонетика тарауын оқыту



бет2/18
Дата22.03.2023
өлшемі382 Kb.
#75673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Казак тилинен фонетика тарауын окыту

Курс жұмысының зерттеу объектісі: Қазақ тілінен фонетика тарауын оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздері курстық жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады.
Курс жұмысының болжамы: Егер қазақ тілінен фонетика тарауын өтуде мұғалім ұлттық фонетика заңдылығын оқушыларға дұрыс әрі сауатты ұқтырған жағдайда, онда орфографияялық және орфоэпиялық жағынан сауатты тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында ғылыми- теориялық әдістер, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, қорытындылау әдістері қолданылды.
Курс жұмысының нәтижелері: қазақ тілінен фонетика тарауын оқыту үдерісінде фонетикалық заңдылықтарды толықтай игерген оқушы тәрбиелеу ісінде осы курстық жұмстың нәтижелерін қолдануға болады.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР


1.1 Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін оқушыларға игерту

Қазақ тілінде 42 әріп бар. Осы 42 әріптің белгілі бір жүйемен, ретпен орналасу тәртібі алфавит деп аталады. Алфавиттегі әрбір әріптің баспаша, жазбаша нұсқалары бас әрпі мен кіші әрпі, әрбір әріптің аты дұрыс көрсетіліп, оқушыларға үйретіледі. Әрбір оқушы оқулықта көрсетілген алфавит тәртібін жатқа білуге тиіс, оны біліп алудың өмірде пайдасы болатынын ескеруіміз керек: алфавиттегі әріптердің түзілу тәртібін жетік білу сөздіктермен жұмыс істегенде, әріптер тәртібін сан орнына пайдаланып жазғанда өте керек. Дауыссыз дыбыстарды үйреткенде, оқулықтағы кесте пайдаланылады. Дауыстылар мен дауыссыздарды оқытқанда, тақта көрнекілігі өте мол пайдаланылған дұрыс. Буын өткенде, буын құрайтын тек қана дауысты дыбыстар екені, дауыссыздар буын құрай алмайтыны түсіндіріледі. Дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрай алады. Буынның жазылу емлесі тасымалға байланысты айтылады [2, 15 б.]. Дыбыс пен әріп бір нәрсе емес, дыбыс айтылады, естіледі, ал әріп – сол дыбыстың жазудағы шартты белгісі, таңбасы болады, сондықтан әріп көзге көрінеді, бірақ құлаққа естілмейді. Әріп пен дыбысты шатастырмау керек. Әріп дыбыссыз белгі ретінде де қолданылады (ь,ъ). Дыбысты таңбалауы да мүмкін (а,к,е,), бір әріппен екі дыбыс та таңбаланады (я – й+а, ю – й+у).


Тіл мәдениеті сөздерді айтуда да, жазуда да бірізділіктің болуын талап етеді. Кезінде тіліміздің дыбыс жүйесі, дыбыс заңдары жете ескерілмегендіктен, қазіргі айту, жазуымызда ала-құлалық, ақау көп (бұған осы кітапты оқып шыққанда көз жететін болады). Мысалы, алдыңғы сөйлемде кездесетін қазір сөзін емлені құрметтеп, осылай жазып, айтатындармен қатар, қазыр, көбіне кәзір түрде қолдану да жарысып жүр. Олай болатыны, аралас (жуанды-жіңішкелі) буынды қазір сөзі тіліміздің үндестік заңымен үйлеспейді. Фонетиканы жете меңгергенде ғана тіліміздің дыбыстың жүйесін, дыбыстардың сырын дұрыс түсініп, әлгіндей үйлесімсіздікке жол бермеуге болады.
Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та, грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсінік беру, өзімізге мектептен таныс қатаңдану, ұяңдану сияқты дыбыстық өзгерістерді түсіндіру, қазіргі жазудың сырын түсіну қиын. Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда бо­луын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді.
Дыбыс пен әріптің айырмасы оқушыларға осылайша ажыратылып ұғындырылады.
Сөздегі дыбыстар, буындар бір-біріне ықпал жасайды, әсер етеді. Екі сөздің арасында да бір-біріне ықпал ету болады. Ілгергі дыбыс соңғыға, соңғы дыбыс ілгергіге әсерін тигезе береді, кейде өз ара ықпал етудің салдарынан екі дыбыстың екеуі де бірдей өзгеріп кететін жағдайы болады.
Үндестік заңы (сингармонизм) буын үндестігіне және дыбыс үндестігіне байланысты екені мысалдармен дәлелденеді:
тар тер
қа ке
от тан ет тен
тық ті
Бұл мысалдардан мынадай қорытынды шығарылады: түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған қосылатын қосымша жуан болады, сондай-ақ түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғанады.
Кейінгі ықпалды үйреткенде, олардың үш түрлі жағдайда, яғни түбір мен қосымшаның аралығында, біріккен сөз сыңарларының аралығында, сөз тіркестері аралығында болатыны мысалдармен дәлелденеді:
Шыжық – шыжығы,
Күрек – күрегі, жап – жабады, жауып;
Ерін+ген, ерін+беді, қос+шы,
Із+сіз, көз+сіз;
Қазжан, Найманбек; көк ешкі; көп ет, ақ адыр, айта алмады т.б.
Біріккен сөздердің аралығындағы екі дыбыстың да өзгеріп айтылатын жағдайы тоғыспалы ықпал деп аталатынын айтып, мына мысалдармен көрсетуге болады: Аман+келді, Қос+жан, Дүйсен+келді.
Екпін туралы түсінік бергенде, оның қазақ тілінде сөздің соңғы буынында болатынын айта келіп, қандай жағдайда соңғы буынға екпін түспейтінін атап көрсеткен жөн:

  1. жіктік жалғауда екіпн болмайды.

  2. –шы,-ші, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарына екпін түспейді.

  3. Болымсыз етістіктердің жұрнақтары –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе, -ге де екпін түспейді.

  4. Шылау сөздердің бірсыпырасында екпін болмайды.

Орфоэпия мен орфографияның өз ара айырмашылығын оқушыларға түсіндірудің ерекше мағңызы бар екенін ескеруіміз керек, өйткені сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы үнемі бірдей бола бермейді. Оқушыларда сөздерді не естілуінше жазу, не жазылуынша оқу жиі кездеседі. Мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін, оларды дер кезінде жөндеп отыру қажет. Ол үшін арнаулы жаттығу жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл — жазылған (көзбен көріп отырған) тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу. Ал айту (сөйлеу) оның шылауында кете береді. Тілдің фонетикалық құрылысын дұрыс меңгеру үшін алдымен осындай қате түсініктен арылу керек [3, 26б.].
Дұрысыг жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазуынан гөрі айтуы, оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Тіпті үндемей ойлау, оқу, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы — дыбыс. Әріп — сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әртүрлі (мәселен, д, d, з , т. б.) өрнектей беруге болады. Өзімізге мектептен таныс қағида: дыбысты айтамыз және есітеміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу, айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады.
Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе 1 (мәселен, о, ө, ұ, ү), кейде бір әріп (мәселен, ю, я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ъ, ъ) дыбыстық мәні жоқ.
Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен айтылуының арасында ала-құлалық тудырады. Мәселен, адам, ана, жер, кісі, ойла, ат, қара, қызыл, кел, әскер, мен т. б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы, көзсіз дегендер айтуда oқұ, ойламба, тоңға, башшы, көссүз түрінде болады. Әңгіме ды­быс туралы болған кезде әр кез сөздің айтылуы ескеріледі.
Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мүшелерінің қызметінің жемісі. Дыбыс – тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстар — тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын, материалдар қызметін атқарады [4, 56б.].
Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар толып жатқан дыбыстардың ішінен санаулы ғана дыбыс­тар типтерін (түрлерін) пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас, кез, жер, су, адам,үй, қоян, сиыр, ауыл, қала сияқты сөздерді бір-бірімен шатастырмай, мағынасын дұрыс түсінеміз. Олай болатын болса, дыбыстар (дыбыстар типі) сөзді тануға қызмет етеді.
Қазақ тілінен хабары бар әрбір адам бал, мал, қал, жал, сал, тал; жай, жақ, жап, жар, жас, жат, жау; бар, бер, бор, бұр9 бүр, бір сияқты дыбыс тіркестерінің әр түрлі сөздер екенін бірден ажыратады. Өйткені бұларда бір-біріне ұқсамайтын дыбыстар бар. Егер бір ғана сөзді (мал) тіліміздің заңына сәйкес түрлендіретін болсақ дыбыстар оларды бір-бірінен ажыратуға тағы да тірек болады (малдық, малға, малды, малы, малда т. б.).
Қысқасы, тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға (жасауға), тануға (түсінуге), ажыратуға қызмет етеді. Бұл дұрысы, фонемалардың негізгі функциясы (қызметі).
Фонема (гр. phonemaдыбыс)— сездер мен морфемалар­ды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық единицасы.
Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр түрлі ды­быстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ т дыбысы бар.
Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол дыбысы) бірде жуан (ат, от), бірде жіңішке (ет, өт), бірде еріндік (от, өт), бірде езулік (ат, ет) болып, біршама ауытқу, ерекшеліктермен немесе әр түрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон (гр. аіlos — басқа) делінеді. Сондықтан сөз дыбыс емес, фонемадан құралады десе де болады [5, 19б.].
Сингармонизм — қазақша үндестік. Олай болса, фонеманы сингармема, синема деп алғаннан гөрі үндеспе деп атасақ керекті. Үнді-европа тілдерінен түркі тілдерінің құрылымдық жүйесі қаншалықты алшақ болса, фонемадан үндеспе де соншалықты бөлек. Мәселен, орыс тілінде сөз ішінде, тіпті буын ішінде жуанды-жіңішкелі дыбыстар қатар тұра береді. Бұл қазақ тілінің табиғатына жат. Осыдан-ақ бұлардың мән-мағынасын, қызметін аңғаруға болады. Олай болса, кітаптан фонема сөзін оқығанда, ойымызда үндеспе тұрғаны мақұл.
Ендігі жерде дыбыс — сөздің өмір сүру формасы, әріп — сол дыбыстардың таңбасы деп түсінсек керек. Жоғарыда келтірілген ат, ет, от, өт сияқты сөздердің құрамындағы т әрпі — акустикалық, артикуляциялық жақтан (жасалу, айтылу, естілу жағынан) бір-біріне жуық дыбыстардың ортақ таңбасы. Ол дыбыстар бізге жуан, елеусіз көрінгенмен, сөзді сөз етуге өз үлестерін қосып тұр. Сондықтан бірінің орнына бірін қоюға болмайды және оларды бас-басына таңбалаудың қиындықтары көп. Олай болса, әліппедегі (алфавиттегі) т (айтылуы ты) әрпі жуық дыбыстардың басын біріктіріп тұрған фонеманың (үндеспе) таңбасы. Бұдан дыбыс пен фонеманың негізінен жуық (бір деп қарауға әсте болмайды) ұғым екені аңғарылады. Сондықтан бұлар бірінің орнына бірі (көбіне фонеманың орнына оның өкілі дыбыс) қолданыла да береді [6, 51 б.].
Графика (гр. жазу, сызу) тілдегі дыбыстардың шын бейнесін таныта бермейді. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген и» у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті онан да көп дыбысты немесе дыбыстардың қосындысын бейнелейді. Мәселен, бір ғана и әрпінің дыбыстық көрінісі мынадай болып келеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет