(-те) жалғанған.
Сөйтіп, түбір мен қосымша жуан, жіңішке дауыстылар жағынан да бірімен-бірі үндескен.
Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бірімен-бірі ұқсауын үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; б) дыбыс үндестігі.
Сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі немесе сингармонизм деп атаймыз.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы, ата, ана, ағаш, баба, баға, бақыт, нан, сана, намыс, екі, егіз, жер, көк, күн, өріс, сен, төсе т.б.
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөзде араласып келеді:
1. Басқа тілдерден қазақ тіліне енген сөздерде, мысалы: кітап, геолог, кино, қазір, зағип, математика. 2. Біріккен сөз бен қос сөздерде араласып келеді, Мысалы: шекара, баспасөз, ақкіс, алай-түлей, аман-есен, ала-бөле, асты-үсті, асығыс-үсігіс. Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынына үндесе жалғанады. Мысалы: кітап-ты қазір-гі, математика-дан, баспасөз-ден, шекара-ға, аман-есен -дік, бақыт-ты, өмір-ге, асау-дан, жет-ер, өнер-лі т.б.
Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды. Ондай қосымшалар көп емес.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
1. Көмектес септік жалғауы. Мысалы: даламен, санамен, айламен, ықыласпен, қонақпен. 2. -нікі (-дікі, -тікі), -тай, -тал, -дар, -еке, -тар. Мысалы, қаланікі, әкетай, өсімтал, діндар, ағаеке, кіріптар. 3. -бей, -би, -кер, -гер, -к,ор, -паз, -қой, -кеш, -хана, кес. Мысалы: бейшара, бисаят, жұмыскер, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш, емхана, зиянкес. 4. -ов, -ова, -ев, -ева, -ин, - ина. Мысалы: Хасенов, Есепова, Қанаев, Жұмағазина. Сингармонизм заңы бойынша жалғанатын қосымшалар мынадай жағдайда бұл заңға бағынбай қолданылады:
1. Соңғы буында ә дыбысы бар сөздерге қосымша жуан жалғанады. Мысалы: кінәлау, күмәндану. 2. X дыбысына аяқталған сөздерге қосымша жуан жалғанады. Мысалы: тарихтан, цехта, цехтар, штрихты. 3. Соңғы бітеу, тұйық буынды ю дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: парашютке, полюске. 4. Соңғы бітеу, тұйық буында я дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге жуан қосымша жалғанады. Мысалы: зарядтар, полярлық, поляктар. 5. Рк, рг, кт, кс, нк, лк, нг, нктсияқты дыбыстар тіркесіне аяқталған орыс тілінен енген сөздерге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: паркте, хирургтер, Томскіден, фактісіз, шлангісін, полкте. 6. Кль, брь, дльдыбыстарына аяқталған сөздерге және бір буынды жіңішкелік белгіге аяқталған сөзге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: ансамбльдің, октябрьде, бинокльден, рульді. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі немесе ассимиляция деп аталады.
Қол, көз деген сөздер үнді дыбысқа аяқталып тұр, оған ұяңнан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: қолда, көзден. Мектеп, қас деген сөздердің соңғы дыбыстары қатаң болғандықтан, оған ұяңнан басталатын қосымша емес, қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: мектептер, қастық. Бұл мысалдарда түбірдің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысына әсер етіп тұр. Кейде, керісінше, соңғы дыбыс өзінен бұрын тұрған дыбысқа әсер етіп, оны өзгертеді. Мысалы: мектеп-мектебі, көк-көгі. Қатар келген дыбыстардың алдыңғысы соңғысына, соңғысы өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуіне қарай дыбыс үндестігі (ассимиляция) екіге бөлінеді:
1) Ілгерінді ықпал (прогрессивтік ассимиляция)
2) Кейінді ықпал (регрессивтіқ ассимиляция). Ілгерінді ықпал. Сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы алғашқы дыбыстың соңғы дыбысқа өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал (прогрессивтік ассимиляция) деп атаймыз[13, 51б.].
Ілгерінді ықпал мынадай жерлерде кездеседі: а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, оған жалғанатын, дауыссыздан басталатын қосымша үнді немесе ұяң дыбыстардан бастады. Мысалы: терезе-лер, адам-ға, қаз-дар, ү-йден, ба-ғана-лар, қыз-ды, өнер-дің, әке-ге, жан-ға, әлем,-нен, сана-лы т. б.
ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң дыбысқа аяқталса, оған жалғанатын, дауыссыздан басталатын қосымша қатаңнан басталады. Мысалы: мектеп-ке, қасық-ты, есеп-тер, азамат-тар, көрік-ті, өндіріс-тің, қарындас-қа т. б.