Закриянова Асия Файзрахманқызы 403 «ә» тобы Қазақ тілінен фонетика тарауын оқыту


нт, мт дыбыстарына аяқталғанда, оларға дауыссыздан басталатын қосымшалар ы, і



бет13/18
Дата22.03.2023
өлшемі382 Kb.
#75673
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
нт, мт дыбыстарына аяқталғанда, оларға дауыссыздан басталатын қосымшалар ы, і дәнекер әріптері арқылы жалғанады. Мысалы: фонд-ы-ны, киоск-і-ден объект-і-лер, митинг-і-де, факт-і-ге, акт-і-нің т. б.
Я, Ю әріптері мынадай орындарда қолданылады:
1. Я, ю әріптері йу, йа дыбыстарын таңбалайды: тоят, қоян, ою, қою, юрист, аяз.
Айуан (хайуан), миуа, хиуа, бейуақ осы қалпында жазылады.
2. и дыбысына біткен етістіктерге тұйық етістік пен көсемшенің -у, -а жұрнақтары жалғанғанда, ю, я болып жазылады: ки + укию, жи+ужию, қи + ақия, жи + ажия, сый+усыю, тый + утыю, сый + асия,
Ітый + атыя. Йы, йі дыбыстарына аяқталған сезде де у жұрнағы ю больга жазылады. Мысалы: байы+убаю, \кейі+укею.
3. Орыс тілінен енген сөздерде я, ю әріптері жалаң а, у дыбыстарын таңбалайды. Мысалы: октябрь (октабрь) поляк (полак), полюс (полус), бюро (буро).
К-қ, ғ-г дыбыстары жуан-жіңішке жұп болып қолданылады. Сондықтан жуан буында қ, ғ жазылады да, жіңішке буында к, г әріптері жазылады. Мысалы: қал, қаз, қақ, көк, күл, көмек, қағаз, гүл. Қалған дауыссыздар жуан-жіңішке болып бөлінбей, жуан буынды сөзде де, жіңішке буынды сөзде де қолданыла береді. Мыса­лы: бар, бер, сан, сен, базар, безер.
Қазақ тілінде п, б, ф, в дыбыстары қатаң, ұяң бо­лып жұптасып келеді.
п, б дыбыстары сөзде алмасып та қолданылады. Мұндай сөздердің әдеби тілдегіден басқа ауызекі тілде, диалектіде екінші варианты болады. Мысалы: байымдау-пайымдау, бәле пәле, балау палау, балуан палуан.
Б, в дыбыстарына аяқталған орыс тілінен енген сөздер кейде — қатаң п дыбысымен айтылады, бірақ б, в жазылады. Мысалы: клуп клуб, актип актив, арап араб, коллектип коллектив.
Кейбір түбір сөздерде қос дауыссыз дыбыс қатар қолданылады. Мысалы: атта, ыссы, махаббат, касса, коммуна, әлбетте.
Түбірдің соңғы дыбысынан басталатын қосымша түбірге жалғанғанда, сөзде қос дауыссыз дыбыс пайда бо­лады: ас + саасса, ат+ тыатты, соқ + қысоққы, шап + пашаппа т.б.
Мұндай жағдайда қос дауыссыздардың біреуін түсіру сөздің мағынасына әсер етеді, сондықтан олар түспей қолданылады. Мысалы: аттаата, ассааса, аттыаты.
Орыс тілінен енген сездер қос дауыссыз дыбысқа аяқталса, оған қосымша қосылғанда, біреуі түсіп қалады, ол мағынаға әсер етпейді. Мысалы: класқа классқа емес, грамдай граммдай емес, металды металлды емес.
Егер жалқы есім сөздер қос дауыссызға аяқталса, қосымша жалғанғанда да, ол дыбыстар түспей жазылады: Гриммге, Покрасста т.б. Мұндай сөздерге дәл сол дыбыстардан басталатын қосымша жалғанғанда ғана, бір дауыссыз түсіп қалады. Мысалы: Гриммен Гримм-мен емес, Филиппен Филипппен емес.
Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, өлеңнің әрбір жолы бас әріптен басталып жазылады.
Адам аттары бас әріппен жазылады. Мысалы: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов.
Кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттер жалқы есімнің алдынан келсе, бас әріппен жазылады: Жаяу Мұса, Ер Төстік, Ақсақ Темір, Тентек Ояз т.б. Тұрақты эпитеттер жалқы есімнің соңынан келсе, кіші әріппен жазылады: Аяз би, Қобыланды батыр, Қамар сұлу, Ақан сері, Біржан сал т.б.
Екі я үш сөзден құралған корея, индонезия, бирма, тайланд, вьетнам сияқты халықтарының аты-жөндерінің (әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Ким Ир Сен, Хо Ши Мин, У Ну.
Екі сөзден құралған фамилиялар бас әріппен дефис арқылы жазылады. Галкина-Федорук, Жолио-Кюри, Салтыков-Щедрин, Мамин-Сибиряк.
Тәжік, әзірбайжан, түрік аттарындағы заде, оғлы, паша сияқты сөздер кіші әріппен дефис арқылы жазылады. Ағамалы-оғлы, Тұрсын-заде, Измаил-бей, Осман-паша.
Басқа тілден енген кісі аттарындағы артикль, демеуліктер дефиссіз кіші әріппен бөлек жазылады: Лопе де Вега, Бодуэн де Куртене, Леонардо да Винчи, фон Бис марк, фон дер Гольц т.б.
Бірінші бөлімі «дон» болып келген кісі аттары, егер екінші бөлімі өз бетімен қолданылмаса, дефис арқылы бас әріппен жазылады: Дон-Кихот, Дон-Жуан. Егер дон мырза (господин) деген мағынада қолданылса, кіші әріппен дефиссіз бөлек жазылады: дон Базилио, дон Педро.
Қазақша әкесінің атына қосылатын ұлы, қызы деген сөздер бірігіп жазылады: Момышұлы, Хасенқызы.
Жан-жануарларға қойылған аттар бас әріппен жа­зылады: Барыс, Тарлан, Қарашегір, Құлагер, Тузик.
Географиялық және астрономиялық атаулар бас әріп­тен жазылады: Қарағанды, Семей, Павлодар, Жасыбай, Ертіс, Нұра, Көкше, Москва, Целиноград өлкесі, Хакас автономиялық облысы.
Географиялық атаулар күрделі сөзден болса, олардың әр сөзі бас әріппен жазылады. Орехово-Зуево, Нью-Йорк, Солтүстік Двина, Орта Азия, Кіші Азия, Күңгей Алатау, Қырғыз Алатауы, Жаман Алакөл, Кіші Қараой, Сары Кеңгір, Форт Шевченко, Шет Ырғыз, Шеткі Шу, Батыс Двина, Кривой Рог, Ясная Поляна, Белая Церковъ, Великие Луки, Шығыс Европа, Лос-Анжелос, Күн, Ай, Шолпан, Жер, Үркер, Жетіқарақшы, Марс, Сатурн.
Еліміздің аты, одақтас республикалар аты, халықтық-демократиялық елдердің аты бас әріппен жазыла­ды: Монғол Халық Республикасы, Вьетнам Демократиялық Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы.
Түрлі мекемелердің, ұйымдардың, ғылыми институттардың арнаулы үйлердің аттарының тек басқы сөзі бас әріппен басталып жазылады: Сауда министрлігі, Мемлекеттік банк, Еңбек қорғау институты, Педагогикалық ғылымдар академиясы, Мәдениет паркі, Оқытушылар үйі. Мұндай атаулардың алдында қосалқы анықтауыштары болса, оның бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Ленин орденді мемлекеттік Опера және балет театры.
Жоғарғы құрмет атақтарының, орден аттарының, телеграф агенттіктерінің әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Совет Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері, Совет Одағының Маршалы, Министрлер Советінің Председателі, Франс Пресс, Еңбек Қызыл Ту ордені.
Аса маңызды документтердің, тарихи дәуірлердің, революциялардың, соғыстардың, оқиғалардың аттары бас әріппен жазылады, күрделі болса, бірінші әрпі бас әріп­пен жазылады: Ұлы Отан соғысы, Халықаралық әйелдер күні, Бірінші мамыр.
Ресми документтердегі шартты атау ретіндегі қаратпа сөздердің әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Жоғарғы Мәртебелі Председатель Мырза.
Фабрика, завод, трест, комбинат, спорт қоғамдары, кәсіпорын, шахта, кинотеатр, кітап, газет, журнал, медаль аттары тырнақшаға алынып, бірінші сөзі бас әріппен жазылады: «Правда», «Қазақстан» кинотеатры, «Қарағанды 47-бис» шахтасы, «Абай» романы, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Динамо» спорт қоғамы, «Қазақстан мектебі» журналы, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалы.
Түбір сөздердің негізгі тұлғалары өзгертілмей жазылады. Мысалы: адам, бақыт, бар, екен, комитет, агроном, касса т.б.
Тілде айтылуы өзгеріп қалыптасқан басқа тілден енген сездер, сол қалыптасқан қалпында жазылады. Мысалы: жәшік, газет, бәтеңке, әділ, мектеп, пейіл, тәсіл т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет