БАҚЫЛАУ ДИКТАНТЫ
Ей, перзентім,ойыңа тоқып алғын,ата-анаға құрмет-ізет қылуды мойынға алу ләзім.
Себебі баланың түп негізі – ата-ана болып табылады.Ата-анамды не үшән құрметтеймән деген ойды ойыңа алушы болма.олар сен үшін өлуге даяр тұрады...Сен соны білуің керек.
Егер әрбір перзент ақылды, дана болса, ата-анасының мейір махаббаты үшін ештеңені орындаудан бас тартпайды...Ата-ананың жұмысы – сені тәрбиелеп өсіру,сені жақсылыққа үйрету .
Ата-ананың көңілін ешуақытта ренжітуші болма,олардың жан жүрегіне түсірме.
Сен ата –анаңның қақын дін жағынан өтей алмасаң да,ақыл-санамен,адамгершілікпен өте.Қарашы,ата-анаң саған жанын салып,қамқорлық жасауда.Ал сен оларға кереғар іс істесең, онда сен ешқандай жақсылыққа лайық емессің.Себебі адам ата-ананың қадірін білмесе, басқа біреудің жақсылығына баға бере алмайды.Егер перзентінің өзіңді құрметтегенін қаласаң,онда сен де ата-анаңды құрметте.Себебі, ата-анаңа не істесең, балаң саған соны істейді..
Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң, сен туралы олардың дұғасы қабыл болады.
« Кабуснамадан»
Шығармашылық диктант
Берілген тапсырманы оқып, қарасөзбен әңгімелеп бер.
Қазақтың әдеті көп дәстүрімен,
Мен-дағы оның бәрін жақсы білем.
Ата-ана қартайғанда бел бүгіліп,
Құрметтеп сыйлайды оны ел жүгініп,
Тәтті дәм,асыл киім дегендері –
Қарттікі әр қазақтың үйіндегі.
/ Ф.Оңғарсынова /
Кімде-кімнің үйінде ұартайып отырған «әке-шешесі « қонағы болады,ол үйіне құдайдың одан артық құрметтә өкілі келеді деп ойламасын,егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап қамқорлық жасаса,ата-аналары оның отбасының құты болп табылады.
/ Платон /
Көру диктанты
Тұзды баспа.
Шоқты шашпа.
Күлкі болма елге,
Езуіңді керме.
Ақыл-есің бүтінде,
Кісіге қарай түкірме.
Ұлттық салттан бұлжыма,
Жұма күні кір жума.
Сақ болғайсың ойыныңа,
Белбеу салма мойыныңа.
Әдепсіздікті сақта,
Есікті теуіп ашпа.
Достарыңызбен бөлісу: |