О дыбысы орыс тілінен енген сездерде екпін түспегенде а, і, ы болып айтылады, бірақ о жазылады. Мысалы: бальшевик — большевик, калхоз — колхоз, трактыр — трактор, директір — директор.
Ұ, ү— жуанды-жіңішкелі жұп болып айтылатын еріндік, қысаң дауыстылардың әріптері. Бұлар көбінесе сөздің басқы буынында қолданылады.
Сөздің басқы буындағы ұ, ү дыбыстардың әсерінен соңғы буындағы ы, і дыбыстары ү, ү болып айтыла-ды, бірақ ы, і әріптері жазылады. Мысалы: құлұн — құлын, түтүн — түтін,ұзұн — ұзын, үзүк — үзік т. б.
Мына сөздерде ұ, ү әріптері сөз ортасында, сөз соңында жазылады: мазмұн, бұлбұл, дүлдүл, мәжбүр, мақұл, мағлұмат, дәстүр, байғұс.
Біріккен сөздерде ұ, ү әріптері сөз ортасында жазыла береді. Мысалы: Бибігүл, Сейтқұл, бүрсігүні.
И әрпі мынадай орындарда жазылады:
1) И әрпі жалаң и дыбысын және ый, ій дыбыстарын таңбалайды. Мысалы: кино, институт, тарихи, қиын, жиын кемиді, байиды.
Сый, тый және бұлардан таралған түбірлерде ый дыбыстары сол қалпында жазылады, Мысалы: сыйла, сыйлық, сыйлағыш, сыйлату, сыйлас, сыйғыз, сыйымды, сыйыс, тыйыл, тыйғыз, тыйым, тыйдыр,
2) Я, ю әріптерінің алдында ы, і дыбыстары и әрпімен таңбаланады. Мысалы: тақия, қария, жария, дария, дүрия, мия, сия, Әсия, Ғалия, қию, жию.
Қазақ тілінде и бірде жуан, бірде жіңішке дыбысты белгілейді. Мысалы: Иса, Имаш, риза деген сөздерде жуан дыбысты белгілесе, икем, илік, изе сияқты сөздерде и—жіңішке дыбыстың таңбасы. Бұл ереже орыс тілінен енген сөздердегі и әрпіне қатысты емес. Мысалы: республика, библиотека т. б.
У әрпі мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Қазақ тілінде у әрпі бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбысты таңбалайды. Мысалы: сусыз, улы, тау, бау, ауа, дәуір.
2. У әрпі қосарлы ыу, іу, ұу, үу дыбыстарын да белгілейді. Мысалы: жуын (жұ-уын), оқу (оқы-у), беку (бе-кі-у).
3. У әрпі жуан дыбысты да, жіңішке дыбысты да таңбалайды. Мысалы: бару, қуаныш, тау, келу, сөйлеу, біреу.
4. Бу, жу, ту, қу, жау, сау, ау, суы етістіктеріне тұйык етістіктің у жұрнағын жалғағанда, олар буу, жуу, қуу, жауу, сауу, суу болып жазылады.
Ы, і — жуан, жіңішкелі жұп болып айтылатын езулік, қысаң дыбыстар, олар сөздің барлық буынында қолданыла береді. Мысалы: ырыс, бәлім, топырақ, іші, кітап, көңіл, сырым, қызыл, жапырақ, мейірім.
Л, р дыбыстары келетін түбір сәздердің басында а, е. ә, у, ү, и дыбыстары келетін түбір сөздің басында ы, і әріптері жазылмайды: лай, рас, рет, лайық, рух, риза, рең, лезде, леген т. б. Бұл ережеге мына сөздер бағынбай жазылады: іле-шала, ілесе (шықты), іле (салып), ілу, ілулі, ілуде (біреу), іреу, іре, іру, іриді.
Ы, і әріптері сөздің түбіріне жазылғанмен, дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, сусып түсіп қалады. Ол мынадай болады:
1. Есім және етістіктерге түрлі жұрнақтар жалғанғанда; мысалы: оран (а) — орна, жиын (ал) — жинал, бұйыр (оқ)—бұйрық, қорық (ыт)—қорқыт, ойын(а)—ойна, ауыр(у)—ауру, үрік (ек)—үркек, айыр (ыл)—айрыл, уақыт(ылы)—уақтылы, қырық (ыншы)—қырқыншы, қайыр(ыл)—қайрыл, қиын (а)— қина.
2. Зат есімдерге тәуелдік жалғаулары жалғанғанда; мысалы: ойын(ы)—ойны, орын(ы)—орны, мұрын(ы) — мұрны, ерік(і)—еркі, көрік(і)—көркі, халық(ы)—халқы, ауыл(ы)—аулы.
Егер ы, і дыбыстары тәуелдік жалғауы жалғанғанда, анық естілсе немесе оларды түсіріп айтқанда, сөз мағынасы өзгеретін болса, ы, і әріптері сөзде сақталады. Мысалы: қайыра, бақыты, киімі, бұйымы, дәуірі, иығы, пейілі, қадірі, ырымы, жарымы; ұстаның көрігі (ұстаның көркі болса, мағына басқаша болады), құлақтың құлығы (оның құлқы басқа мағынада).
3) Сан есім, етістіктерге -ау-еу, у қосымшалары жалғанғанда, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы: алты (ау) — алтау, жеті (еу) — жетеу, екі (еу) — екеу, кемі (у) — кему, тоқы (у) — тоқу, оқуы (у) — оқу, жібі (у) —жібу, иі(у)—ию, кейі(у)— кею.
Орыс тілінен енген сөздер нд, лп, нк, кт, нг, мб, ск, фт,
Достарыңызбен бөлісу: |