33
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
«Масғұт» поэмасында Абай Масғұттың ісін құптамайды. Оған
ғылым-білімнен, дəулеттен бас тартқаны үшін сын айтады. Сөйтіп,
аңыз-əңгімелердегі баяндалған уақиғаға өз заманының тілек-талабы
тұрғысынан баға береді:
Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған,
Жалғанның дəмін бұзып, қауіп қылғызған.
Ақыл мен мал екеуін асырай алмай,
Арашашы іздепті қатын-қыздан
43
.
Ертегілік сюжетті Абай өзінің ғылым-білімге,
еңбекке шақырған
ағартушылық ой-пікіріне жанастыра бағалап, өз заманының кер-
тартпа күштерін, жаңалыққа жол бермей отырған адамдарды сынау
мақсатына орай қолданады.
Абайдың ертегі, аңыздарды жаңғырта өңдей айтуды
құнттағандығын «Əзімнен»-де байқаймыз. Шығарманың сюжетін
қайдан алғандығы туралы Абай:
Бір сөзім «Мың бір түннен» оқып көрген,
Өлең қып сол сөзімді айтқым келген
44
, –
дейді.
«Əзімнің»
сақталған желісіне қарағанда, бір сұмның Əзім
сияқтылардың талайын алдап, отқа итеріп, зұлымдық істеп, пиғыл
бұзғандығы, оның өмірден жазасын тартқандығы көрсетілмек болған.
Абай ертегіге өзінше пікір қосып, уақиғаға қатысқан адамдардың
ғибратты, ғибратсыз істерін баяндамақ. Абай ертегіні тіпті өзгертіп
жібермегенмен, өз тарапынан кейбір қосымшалар енгізе отырған.
Бір іс қой əуелден-ақ ел
салтында,
Орыс, неміс болса да, қай халқында.
Пайда деп тəн саулыққа ішетұғын,
Миуадан тартқан хамір ас алдыңда
45
, –
деген сөздердің ертегінің «Мың бір түндік» нұсқасына тиісті болма-
уы мүмкін. Бұл сөздер ертегіні жаңғырта айтпақ болған Абай талабы-
нан туған сияқты.
«Шахнама» арқылы қазақ арасына тараған қиссалардың бірі –
«Қисса Рүстем» ішінде еркін айтылған сөздер аз емес. Кітаптың алғашқы
беттерінде Адам, Хауа ана,
мың жасаған Лұқпан хакім, Абулғали сина,
Қожа Ахмет Ясауи аттары аталады да содан кейін «жамағат, құлақ са-
лып тыңдасаңыз, хикаят Рүстемнен сөз бастайын» делінеді.
43
Құнанбаев Абай. Шығармалары. – Алматы: ҚМКƏБ, 1957. І т. 267-б.
44
Сонда, 270-б.
45
Дияков М. Фирдауси // Изв. АН СССР. 1940. 6-б.
34
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«Шахнамада» Иранның сонау көне кезінен ҮІІ ғасырда парсы-
ны арабтар жаулап алғанға дейінгі уақиғалар, Иран, Тұран арала-
рында
болған егестер, соғыстар сөз болады. «Шахнама» неше алу-
ан уақиғаларға, ақындық фантазияға толы, дүние жүзіне белгілі, зор
көлемді ұлы дастандардың бірі. Оның өлең жолдары – 120 000, «Ма-
хабхарата» – 200 000, «Манас» (Саяқбай нұсқасы) – 400 000, «Илиа-
да» – 18 000, «Құдіретті комедия» – 15 000 жол деп есептеледі.
«Шахнаманы» мұра етіп қалдырған Əбілқасым Фирдоуси 939-
шы жылдары дүниеге келген. 84 жасында қайтыс болған. Ақын
«Шахнаманы» жазу үшін 35 жыл өмірін сарп етіпті. Кейінгі ұрпаққа
ұмытылмас мұра қалдырғанын ескерткен ақын:
Нет, я не умру, буду вечно живой,
Я слов семена разбросал над землей.
И тот, в
ком есть разум, и
вера в ком есть,
Воздаст мне по смерти достойную честь, –
дейді.
Фирдоуси дастанында жазықсыз жандар, қайғы-қасіретке
ұшырағандар, ғашықтық жолында жан қия білгендер, ақыл иесі адам-
дар, атақ құмарлар, қан төккіштер,
құлқынынан аспайтын құныстар,
патшалар, уəзірлер, батырлар, тағы-тағылар сөз болады, табиғаттан
тыс күш иесі фенделер, ертегілі жайттар, көне заманнан алуан
түске боялған, құбылта, құлпырта жырланған істері бірінен соң бірі
тізбектеліп, самаладай сайрап жатады.
Қазақ əдебиетіне «Шахнамадан» келген сарынды «Рүстем–Зо-
рап», «Каштасиптің Арумға барып Қайсар қызы Катаюнды алғаны»,
«Қисса Рүстем», «Рүстем дастан» сияқты шығармалардан аңғарамыз.
Болсаңдар əзірінше бұған разы –
Тигендей төбем көкке тарқар шерім !
Қалдырып араб, парсы,
өзбек тілін
Өзімше өлең еттім ойға ұнарын
46
.
«Рүстем дастанның» шытырман уақиғаға, асқан фантазияға толы
жерлерінің бірін Рүстемнің əкесі Залдың дүниеге келуіне арнаған та-
раулардан аңғарасыз:
Мəлике көп ұзамай бір ұл туды,
Жасады ұл туды деп ұлы дуды.
Түк басқан тұла бойын бір ғажайып,
«Бұл не?» деп көргендердің көңілі мұңды.
Қара емес, қардай аппақ шыққан шашты,
Сап-сары,
салпы ерін, жік-жік басты.
46
Достарыңызбен бөлісу: