Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет13/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107
Байланысты:
full

 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Часть ІІІ. СПб., 
1870. 339-б.


46
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«Шəкір–Шəкіраттағы» басты идеялық сарын – адалдық, 
арлылық, табандылыққа қасиеттеу. Шəкір мен Шəкірат жамандыққа, 
арамдыққа баспайтын, қандай қиыншылықты көріп, азап шексе де, 
табандылық көрсете алатын, өз бастарының намысын қорғай білетін, 
сонымен бірге басқа да жақсылық істеу қолдарынан келетін адам-
дар. Ертегіден бұлардан басқа əр түрлі кейіпкерді, олардың мінезін, 
алуан іс-əрекеттер көреміз. Көрсе қызар жеңілдікке бой алдырғыш 
патшаның жас тоқалының арам ниеті, жазықсыз жанды қаралап, 
өлімге қимақ болған жауыздық əрекеті əшкереленеді. Сонымен бірге 
өсек-жалаға сеніп, баласын өлімге бұйырып, ақ-қараны айыра алмай, 
алжасқан патша зұлымдық, қулық-арамдық пен мəртебеге қолы жет-
кен ел билеушілер, мал үшін, байлық үшін кісіге қастық істеу, қазаға 
ұшыратудан бас тартпайтын саудагерлердің кейпі, істеген істері 
бейнеленеді. Қақ-соқпен, жамандықпен ісі жоқ, өз күнін өзі көрген 
кемпір, шал жəне балықшылар жайы баяндалады.
Бойын құмарлық жеңген өгей шеше Шəкірді өзінің бұзық ойына 
көндірмек болады. Көнбеген Шəкірдің басын қатерге түсірмек ниетке 
кіреді.
Патшаға «балаң мені масқараламақ болды, қайтсең де оның көзін 
жой» деп жалбарынады. Патшаның «өлтіріңдер» деп жіберген адам-
дары Шəкірді иен далаға апарып тастап кетеді. Шəкірат інісімен бірге 
«қол ұстасып», беттері ауған жаққа кетеді. Олар бір жерге келіп, ты-
ныстап жатқан кезде, Шəкірді жылан арбап өлтіреді. Інісінен айры-
лып, жалғыз келе жатқан Шəкірат топырлаған, қорқып, үрейленген 
жандарды көреді, сөйтсе бір айдаһар елдің адамдарын жұтып жеп, 
күн көрсетпейді екен. Шəкірат сол айдаһарды сөзге келтіріп, жылына 
белгілі мөлшерде алым алып тұруға көндіреді. Ол ел Шəкіратты пат-
ша қояды.
Өліп қалған Шəкірді дүние кезген шал мен кемпір тірілтіп алып, 
батасын беріп, қоя береді. Шəкір ағасы патша болып тұрған елге келеді. 
Бір үйде жылап отырған кемпір мен шалды көреді. Олардың жалғыз 
қызын ертеңгі күн айдаһар жұтпақ екен. Шəкір айдаһарды өлтіріп, 
қызды ажалдан құтқарады, кемпір-шалды қуантады. Айдаһармен 
алысып, талықсып жатқан Шəкірді есін жиғызбай өлтіріп, атақты 
өздері алмақ болып, екі жігіт оны мүлде есінен тандырып, құмға 
көміп кетеді. Қыздың əке-шешесі Шəкірді көмілген жерінен тауып 
алып, күтеді. Шəкірдің тірі екенін біліп қойған əлгі екеу оны ұстап 
алып, енді өлтірмек болып келе жатқанда:


47
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Бір адамды суға құрбан етуші едік,
Аман-есен сəлемет кетуші едік
55
, –
деп жүрген саудагерлерге кездеседі. Соларға Шəкірді сатып кетеді.
Шəкір өз бармағын өзі кесіп, қанын суға ағызып, керуеншілерді 
қауіпті дариядан өткізеді, ырза болған керуендер оған «үш түйе жүк» 
береді. Шəкір бұл жүктеріне базардан сандық сатып алса, ішінде 
бір сұлу қыз жатыр. Ол қызды күншіл керуеншілер тартып ала-
ды да, Шəкірді сандыққа салып, суға ағызып жібереді. Сұлу қызды 
керуеншілер Шəкірдің ағасы Шəкірат патшаға сыйлап көп пұл алады. 
Қыздың қойнында сақталған қағазда Шəкірдің жайы айтылған екен. 
Шəкірат інісінің тірі екенін біліп қуанады. Іздетіп, оның бір жерде бір 
патшаның қызын алып, ел билеп тұрғанын біледі. Шəкірат інісімен 
көріседі. «Екі өкшесі жарылып, мойнына қоржын салып» жүрген 
əкесін қайта таққа отырғызып, өзінің адалдығын елге танытады.
Өмір құбылыстарын суреттеу, баяндау, адамның бейнесін жа-
сау, сюжет құру, уақиғаны дамыту, тіл, стиль ерекшеліктері жайы-
нан алғанда, «Шəкір–Шəкірат» та ертегі-аңызға тəн көркемдік амал-
тəсілдерге толы. Өлеңмен əңгімелеп жазылса да, өзінің ертегілік 
қалпын, өзгешеліктерін түгел сақтаған.
Шығармада айдаһардың суреттелуі, өлген адамды тірілту сияқты 
ғажайып істердің айтылуы онда ертегілік қиял, фантастиканың мол 
екенін аңғартады.
Не керемет сиқырлы, тылсымды дүние өте-мөте «Шаһмаранда» 
мол. «Шаһмаранның» түпкі, басты сарыны – адамды өлімнен 
құтқаратын жол іздеу, өлімнен сақтайтын шөп табу. Қалайда, бұл 
шығарманың мəнділігі адамның күш-қуаты, ақылы, дүниенің, 
табиғаттың сырын білуге қабілеттілігі шексіз деген түйінде жатыр.
Оқымысты, білгір Даниял адамды ажалдан құтқаратын шөп бар 
дегенді кітаптан оқып, соны іздеп табуды мақсат етеді. Бұл əрекетімен 
ол құдайға қарсылық білдіреді, оның өміріне мойынсұнбай, адамға 
мəңгілік өмір бермек болады. Жебірейіл періште шариғатқа бұрыс 
іс істемек болды деп, Даниялдың қолын қағып, қағаздарын суға ша-
шып жібереді. Даниял ниетін іске асыра алмай, əйеліне: «енді мен 
өлгеннен кейін туған балама қалған кітап-қағаздарымды табыс ет», 
– деп өсиет етеді. Даниял өліп, одан қалған бала Жамсып ержетіп, 
жігіт болады. Ол жанында бірнеше кісімен отынға барып жүріп, беті 
таспен жабулы, іші балға толы бір құдыққа тап болады. Жолдаста-
ры Жамсыпқа сол балдан керегінше алғызып, өзін құдыққа тастап 
55
Қисса Шəкір-Шəкірат. – Қазан, 1890. 19-б.


48
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
кетеді. Осы құдықтың астынан бір саңылау, жол тауып, əрі қарай 
жүрген Жамсып жыландардың, айдаһарлардың тұратын мекеніне 
тап болады. Бұлардың патшасы Шаһмаран (шын аты – Имлихса) 
– басы адам, денесі жылан, адамша сөйлейтін ғажайып мақлұқат 
бейнесінде суреттеледі. Одан кейін шығармада Шаһмаран Жамсыпқа 
өзінің көрген-білгендерін баян етеді. Шаһмаранның неше түрлі 
ағаш, шөптің қасиеттерін, адамға нендей пайдасы бар екенін айтып 
сөйлейтін білгірлігі бар. Ол дүниенің, табиғаттың көп сырын біледі. 
Шаһмаранның баяндауында көз алдыңыздан адам көріп-білмеген 
ғажайып хайуанаттар дүниесі, таңқаларлық адам нəсілі мақлұқтар, 
пайғамбар-періштелер, түрлі теңіз ғажайыбы, аспанды, жер астын ме-
кендеген жəндіктер өтіп жатады. Сөйлейтін керемет балықтар, жылан-
айдаһарлар, ит мініп жүретін маймылдар, жезтырнақтар, үлкендігі 
мысықтай құмырсқалар, түрлі-түрлі құстар – осылардың елі-жұртын, 
патшалығын аралап, шетіне шыға алмай жүресіз. Ұшатын қанатты ат 
та бар, көз көрмес жерге бір сəтте жеткізіп тастайды. Осының бəрі 
ғажайып ертегі, көркем фантастика, қызықты қиял түрінде берілген. 
Жер мен көк, теңіз-су, табиғат құбылыстары жайлы миф, аңыздар 
діни ұғымдармен де шендесіп жататынын айтпауға болмайды. Мы-
салы, шығармада жерді өгіз көтеріп тұр, өгіз кеменің үстінде, кеме 
балықтың үстінде тұр, балықтың асты – теңіз, теңіздің асты – жел, 
оның асты – қараңғылық деп баяндалады. Сол сияқты Адам ата мен 
Хауа ананың бейіштен шығуы жайлы діни миф те келтірілген.
Бірақ, қалайда, «Шаһмаранда» ғылым, білімді уағыздау үлкен 
орын алады. «Ғылым хикмет» ісіне мəн бермеген, атаққұмар Ғақап 
молданың жайы айтылады. Ол Шаһмаранды ұстап алады. Ондағы 
мақсаты – суын аяққа сүртсе, теңізге батырмайтын қасиетті ағашты 
Шаһмаранға тапқызып, сол ағаштың күшімен талай-талай теңізден 
өтіп, Қап тауына жетпек. Сүлейменнің жүзігін қолға түсіріп, даңқты 
патша болмақ. Бірақ қиянатшыл молда дегеніне жете алмай апат бо-
лады. Ғақап молдаға Шаһмаранды ұстап беруге себепші болған дін 
жолын қуған Балқия патша да ғылымның бағасын, қасиетін ұға ал-
май, суын ішсе, кісі өлмейтін қасиетті шөптен мақрұм қалады.
Һəр шөпке əртүрлі сөз көп еді ғой,
Осындай пайдалы сөз жоқ еді ғой.
Сығып менің суымды ішкен адам,
Ауырмайды, өлмейді деп еді ғой.
Сіздер неге сол шөпті алмадыңыз,
Суын сығып ауызға салмадыңыз?
56

56
Шаһмаран. – Қазан, 1901. 304-б.


49
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
дейді Шаһмаран. Осы сөздің аңғарынан шын баянды іс, дінге сену 
емес, дүниенің сырын білу, ғылым іздеу деген ой түйіні танылады.
Жамсып айдаһарлар мекенінен кетіп, жер үстіне шыққаннан 
соң, бір уақыттарда патша сырқаттанып, уəзірі бұл дерттің жалғыз 
ғана емі бар, ол Шаһмаран деген жыланның патшасын тауып, соны 
жеу керек дейді. Шаһмаранды көрдім, білдім деген кісі табылмаған 
соң, оны көрген кісінің денесінің аласы болады деп, уəзірі елді түгел 
моншаға түсіреді. Осымен Жамсып қолға түседі. Өлтірмек болып 
қысқан соң, жанынан шошып, уəзірінің бұйрығын орындамақ болады. 
Шаһмаранды ұстап беруге қимай, қатты қиналады. Бірақ Шаһмаран 
қолға түседі. Жолда Шаһмаран Жамсыпқа : «мені өз қолыңмен сойма, 
бір қайнап шыққан сорпамды ішпе, екінші қайнап шыққан сорпаны 
өзің іш» дейді. Шаһмаранның айтқанын істеп, Жамсып дүниенің сы-
рын түгел білетін ғалым-білімпаз болады. Жер, су, ағаш, шөп, бəрі де 
Жамсыпқа қандай қасиеттері бар екенін сөйлеп беретін болады. Ата-
сы Даниял мұра ғып тастап кеткен «аманат қағаздарды», кітаптарды 
оқып, білімі кемелденіп, өнері арта түседі:
Жамсып ол қағаздарға көзін салды,
Қайсы жерде алтын бар, қайда күміс,
Көмілген орындарын біліп алды,
Ғылым хикмет Жамбысың білді бек кеп.
Қасиетін сөйлейді ағаш пен шөп
57
.
Ақылы асқан ғалым болғандықтан, патшаның бас уəзірі де бо-
лады.
«Шаһмаран» – негізінде ескі заманда, ертеде туған миф-
аңыздардың жиынтығы. Шығарманың ұтымды, күшті идеялық са-
рындары дүние жүзі əдебиетінде көркем қиялдың тамаша үлгісі 
болған ежелгі грек мифологиясындағы Прометей бейнесіне үйлес, 
жалғас келетін секілді. Прометейдің құдайға қарсылық еткеніне 
қарамай, адам баласына от алып бергені, түрлі ғылым-білім, өнер 
үйреткені, адамды ауру-дерттен емдеп жазудың сырын ашқаны осы 
қиялдан туған ұшқыр алып көркем бейненің тамаша сипаттарын 
танытса, «Шаһмарандағы» адамды өлімнен құтқаратын шөп іздеу, 
дүниенің, табиғаттың сырын білу, түрлі ағаш, шөптің қасиетін тану, 
соның бəрін адамның пайдасына асыруға ұмтылу сияқты мотивтер де 
сөзсіз өз заманында озат ой-қиялдан туған.
Махаббат дастаны болғанымен, «Сейпілмəлік» те миф, ертегілік 
қиялға толы. Мұнда дию, перілер, аузынан от шығатын, адамның 
57
Шаһмаран. – Қазан, 1901. 110-б.


50
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
етін жейтіндер қаптап жүреді. Сейпілмəлік – Мысыр патшасы 
Қасымның баласы. Сейпілмəлікке əкесі бір жүзік пен тон сыйлай-
ды. Жүзік – Сүлейменнің жүзігі. Аңыз бойынша, жүзікке құдайдың 
аты жазылған, оның қасиеті – ие болған адамның мақлұқат, жын-
перілерге əмірі жүреді. Осы жүзіктің көмегімен Сейпілмəлік жын-
перілерді бағындырып, диюларды соғысып жеңеді. Əкесі сыйлаған 
тонды ашып, Сейпілмəлік пері қызының суретін көреді. Сол қызға 
ғашық болып, іздеп шығады. Осы жолда талай-талай азапты бастан 
кешеді. Оны маймылдар ұстап алады, диюлар зынданға салады. 
Осындай қыруар қиыншылықты жеңіп, бəрінен құтылады.
Анадан айдай болып туған жарым,
Он үш жылдай жолыңда мен бір зарың.
Рақым қылып, жүзіңді бір көрмедім,
Қайтейін мен жолыңда ынтызарың.
Алдымнан жүз мың пəле шықса-дағы,
Жолымда өлімді бір ойға алмадым
58
, –
деп аңсаған ғашық жары Бəдіғұлжамалмен көріседі. Сейпілмəліктің 
нұрын көрген Бəдіғұлжамал ғашықтық сезімі бойын алып, талып 
түседі. «Пері оттан, адам топырақтан жаралған», екеуміздің махаб-
батымыз баянды болар ма екен деп күдіктенсе де, «жолыңда құрбан 
болған мен көбелек, отқа түссем жанбаймын, өлерім жоқ» деген 
Сейпілмəліктің шын сүйіспеншілігіне көңілі еріп, оған өмірлік жар 
болып қосылады. Бəдіғұлжамалды алып, Сейпілмəлік аман-есен 
еліне келеді.
Мифтік элементтер мен қиял «Жүсіп–Зылихадан» да көп 
орын алған. Жүсіпті күндегендер құл қып сатып жібереді. Ол көп 
жыл қорлық көріп, азап шегіп, ақыры Мысыр патшасының əйелі 
Зылиханың қызметші-құлы боп жүреді. Зылиха Жүсіпке қырық жыл 
бойы ғашық болады, уайымнан сарғайып, «толған айдай жүзінен» 
айрылады, əбден қартаяды. Шашы ағарады, көзі кетіп, соқыр бола-
ды. Ғашық отына күйген Зылиханың аузынан шыққан ыстық лебізіне 
қамшының сабы жанады.
Зылиха айтты көрдің бе менің жаным,
Қырық жылдай көңіліме түсті уайым.
Қамшының сабы неге отқа жанды,
Сол отты маған салды бар құдайым.
Ол күйдірді қырық жылдан бері мені...
59
58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет