Ақылбай. Қисса Дағыстан Жүсіп. Қазақ ССР ҒА архиві. П. 1915. 203-б.
30
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Хасенхан өзіңнен тумады, биферзент өткен сұлтаным-ай», – деп
жырлайды. «Мені Көрұғлының баласы демейді екен. «Кісі жұртында
сұлтан болғанша, өз жұртыңда ұлтан бол» деген рас екен», – деп екі
ойлы болған Ғозхан Хонхар еліне кетіп қалады. Хонхар оны қарсы
алып, қанша сый-құрмет көрсетеді. Өз орнына хан қоймақ алдында
«Көрұғлы қолында пəлен жыл тұрып, не жақсылық көрдің?» – деп
сұрайды. Ғозхан: «Ер жақсысын, ат жақсысын Жамбылдан көрдім.
Бұл жақтың аты жаяудан қалады екен, жігіті қорқақ, адамдары бір
ағашты жонып алып, құдай етеді екен», – дегенді айтады. Бұл сөздер
Хонхар шаһтың шамына тиеді, оны дарға аспақ болып жатқанда
өкпелеп кетіп қалған баласын іздеп келген Көрұғлы Ғозханды
батырлықпен өлімнен айырып алады. Көрұғлы қызылбастармен тату-
ласады. Ғозханды еліне алып келіп, өзінің мирасқоры етеді.
Революцияға дейінгі қазақ əдебиеті көршілес, туысқан шығыс
халықтарының əдебиеті мен мəдениетінің даму процесімен тығыз
байланысты келгенін аңғартады. Қазақ əдебиеті мен қырғыз, өзбек,
тəжік, түрікмен, əзірбайжан, татар халықтары əдебиетінің арасында
ерте заманнан үзілмей келе жатқан жақындық бары байқалады.
Əдеби процестегі ұқсастық, бірлестіктер де, ауыз əдебиетіндегі
өлеңді термелеп не жырлап айту салтындағы ұқсастық сияқты
ақындық өнердің ортақ ерекшеліктері де, қазақ пен қырғыз арасында
кең өріс алған айтыс, тағы сондай кейбір бұл халықтардың поэзиясы-
на тəн лирикалық жанрлар да осы əдебиеттердің ежелгі жақындығын
көрсетеді. Бұған қоса, Қорқыт туралы аңыз, «Алпамыс батыр», «Қозы
Көрпеш – Баян сұлу» секілді ертегі аңыз бен эпикалық жырлардың
бірнеше халыққа ертеден ортақ шығарма болуы осы көршілес, туыстас
халықтардың əдебиеті тарихи тамырлас екендігін көрсетеді.
Сюжеттік мазмұндық негізі бірлес, біркелкі болғанымен, бұл
шығармалардың бірнеше халыққа ортақ нұсқалары бір-бірінің құр
қайталамасы ғана емес. Мысалы, қазақ, өзбек, қарақалпақ, тағы басқа
халықтарға ертеден белгілі «Алпамыс батыр» жырын алсақ, оның əр
тілдегі нұсқасының өзіндік ұлттық сипаты, қасиет, ерекшеліктері бар
екені белгілі. Сан жылдар бойы халық арасына кең тарап, халықпен
бірге жасасып келген «Алпамыс», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
сияқты эпикалық шығармалардың уақыт озған сайын шыңдалып
отыруы, əдебиетте халықтық, ұлттық сипаттар дараланып, дамыған
сайын халықтық əдебиетке тəн дəстүр-ерекшеліктермен біте
қайнасып, өңделе түсуі əбден орынды. Сондықтан осындай бірнеше
халыққа ортақ шығармалардың əр ұлттық нұсқасының өзіндік, дер-
31
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
бес құндылығы бар екендігін, басқа бір нұсқаның құр қайталамасы,
көлеңкесі ғана еместігін де ескерген жөн.
Қазақ əдебиетінің көршілес шығыс халықтарының əдебиетімен
байланысын, жақындығын көрсететін басқа да жайттар, фактілер
көп. Қырғыз халқының дастаны «Манастың» ішінде қазақ эпосында
белгілі Ер Көкше батырды кездестіреміз. Қырғыз, қазақ, өзбек, тəжік,
түрікмен халықтарына ортақ ертегілік сюжеттер мен кейіпкерлер
де мол. Түрікмен жəне əзірбайжан халықтарының ең бір таңдаулы
эпикалық нұсқасы «Көрұғлы» қазақ арасында да көп тараған, халық
үлкен ықыласпен ұйып тыңдайтын шығарманың бірі болған.
Сонымен бірге қазақ ішінде араб, парсы сияқты шығыс елдерінің
ертегі-аңыздары, əңгімелері кең тараған. Бұлардың қатарында араб
халқының белгілі «Мың бір түн» сияқты дүние жүзіне белгілі болған
əдебиет үлгілері өте-мөте мол жайылған нұсқа. Араб, парсы секілді
шығыс елдерінің əдеби нұсқалары қазақ арасына, бір жағынан, Орта
Азия əдебиеті арқылы Фирдоуси, Науаи, Низами жəне басқа ақындар
поэма, дастан етіп жазған шығармалары арқылы кең жайылғанын
айта кету керек.
Қазақ ішінде осы жолмен келіп тараған поэма-дастандар ішінде
«Шахнама», «Сейпілмəлік–Бəдиғұлжамал»», «Лəйлі–Мəжнүн»,
«Таһир–Зуһра» сияқты көптеген шығармалар бар.
Қазақ əдебиеті мен Орта Азия, татар мен əзірбайжан
халықтарының жəне басқа шығыс елдерінің əдебиетімен байла-
ныстар өте-мөте ХІХ ғасырдың екінші жартысында кең өріс алды.
Қазақ əдебиетінің көрнекті қайраткерлері Абай, Ыбырай, Шоқан
Орта Азия халықтарының, сондай-ақ араб, үнді халықтарының
таңдаулы əдеби нұсқаларын халық арасына тарату, оларды қазақ
əдебиетінің қорына қосу ісіне үлкен мəн берді. Шоқанның «Ма-
насты» орыс тіліне аудару ісін тұңғыш рет қолға алғаны, Абайдың
шығыс тақырыптарына «Масғұт», «Əзім», «Ескендір» сияқты
əңгіме-өлең, поэмаларын шығаруы, Ыбырайдың үнді, араб, парсы
халықтары ертегі-əңгімелерінің сюжетіне бірнеше əңгіме жазғаны
– осылардың өзі-ақ қазақ ағартушыларының шығыс əдебиетінің шы-
найы халықтық үлгілерін жоғары бағалағандығына айғақ бола алады.
Абай шығыс халықтарының ертегі-аңыздары, əңгімелері, халықтық
дастандары мен поэмаларын қазақ арасына мол таратумен бірге,
Орта Азия классикалық əдебиеті нұсқаларын, Фирдоуси, Науаи, Ни-
зами шығармаларын насихаттауға да ерекше зер салды. Шығыстық
сюжетке шығармалар жазғанда, Абай олардың уақиға желісін ба-
32
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
яндаумен бірге, идеялық нысанасын өзінше түсініп, ғибрат үшін
айтуға жарарлық нəр іздейді. Оларды өз творчестволық көрігінен
өткізіп, ағартушылық, демократтық ой-пікірлермен ұштастырады.
Сондықтан олар бастапқы түп нұсқасын өзгертіп, басқа бір реңк
алып та кетеді, өйткені ақынды шығарманың тек шығыс сарындас
желісі қанағаттандыра бермейді. Қисса, хикая жазған ақындардың
кейбіреулері фантастикаға толы аңыздарды əсірелей баяндап,
ертегілік қиялды үстемелей түсетіндері болған.
Абайдың бұл сүрлеумен жүрмей, тың жаңа бағыт ұстанғандығын
«Ескендір», «Əзім», «Масғұт» секілді поэмаларынан аңғаруға бо-
лады. Ескендір жайында қазақ арасына да тараған түрлі аңыздар
болғаны белгілі. Оны «ай мүйізді Ескендір Зұлқарнайын» деп
қасиетті адамдар санатына қосушылық та болған. Ескендірдің арнау-
лы шаштаразысы болыпты-мыс, шаштаразы Ескендірдің мүйізі бар
екенін айтып қойып, жазаға кіріптар болып өліпті-міс дескен. Абай
өзінің шығармасында Ескендірге мүйіз бітірмейді, оның шашын
құпия түрде шаштаразыға алдырмайды, бір алуан жан, ерекше қасиет
иесі есебінде көрсетіп, пір тұтып жатпайды. Оның шығармасындағы
Ескендір ашуы бар, өкініші бар, қатесі, күдігі бар адам. Оның
жаугершілікке, атақ құмарлыққа салынып, көппен есептеспей, алды-
на жан шықпай кетуі ақынға ұнамайды. Ол көп елдерді жаулап, өзіне
бағындырып, талан-таражға ұшыратқан қаһарлы жан ретінде сипат-
талады, ол көпке дейін жаугершіліктен тыиылмаған, қашан кереметті
іс көргенше ақылға мойындамаған, найзаның ұшы, қылыштың қырын
жұмсап, жұрт билемек болған адам болып көрінеді.
Ескендір мен Аристотельдің тарихта болған адамдар екені
мəлім. Абай сол тарихи адамдардың іс-əрекетін өзінше бағалайды.
Аристотель зор ақыл иесі, жаугершіліктен береке күтпеген адам бол-
са, Ескендір адам қанын судай ағызып, бейбіт елдерге күш көрсетеді.
Жазықсыз жақын жердің бəрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бəрін де бодам қылып,
Өктемдікпен қолына тартып апты
42
.
Абай Ескендірді сөз ету арқылы өктемдерге, ел жаулау-
ды құмартып, жаулық сағынып тұратындарға деген ойын ашық
айтқан, күш көрсетуді мадақ көретіндердің адам баласына келтірер
жақсылығы аз, олар өздерінің бүліншілік ісіне мəз, сондықтан
ондайлардың қауіпті ісінен сақ болу жөн демек.
42
Достарыңызбен бөлісу: |