26
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
ауыр сөздер айтқанын да ұмытпақ емес.
Қасымның ғашықтық
білдіріп, айтқан сөзіне əдепті жауап берудің орнына тəкаппарлығын
асырып, Медғатқа шағыстырып, жазаға ұшыратқан Мария өз ісіне
жауап бермек.
Із қалдырмай кетудің жөнін тапқан,
Қыз сөзімен қинады Медғат атқан.
Кекшіл зеңгі кек алмай неге кетсін,
Байдың үйін аңдыды бағы жақтан.
Серуендеп Мария сонда гуляйт еткен,
Ұстап алып, балтамен басқа шапқан
30
.
Ойлаған ісін аяқсыз қалдырмаған
Қасым нағашысы Зұлыс
патшаға барып, көмек алып, ер жігіттер ертіп, Медғатты іздейді.
«Өлемін деп қорланып», жауынан түксінбейтін, «билеудің жолын
тапқан», өзі батыр, «өзі білгіш атаман» атанады. Ол əсіресе байларға
өш, «ағаш толы зəңгілер» ісін қостап,
құрметтеген адам болып та
көзге түседі.
Əсіресе байларға рахым етпес,
Ағаш толы зəңгінің бəрі ниеттес.
Сорлы болған жандарға тағы əдеті
Бір жақсылық қылады естен кетпес
31
.
Қасымның əйелдер теңдігін қостаған азамат екені көрсетілу
үшін оның Ғазиза мен Сəлімге еткен жақсылығы айтылады. Қасым
бірін-бірі ұнатқан екі жасты өз қолымен табыстырады, оларға ағалық
адал ниет білдіреді. Қатал əкенің
қиянатына төтеп бере алмай, ішқұса
болған Ғазизаның жолы болып, бақыты ашылуына себеп болған
Қасым болады.
Мұрат байдың қызы Ғазиза, оған ғашық болған кедей жігіт
Сəлім адал ниетті жастар. Бұлардың да Қасым сияқты
Мұрат бай мен
Медғаттың əділетсіздігіне өз тұсынан көрсеткен қарсылықтары бар.
Ғазиза:
Сəлімге
ауған көңілім бар, қайта алмаймын,
Өтірікші дүниеде атанбаймын.
Жүрегімнің билігі бір өзімде,
Өлтірсең де қайтам деп айта алмаймын
32
, –
дейді.
30
Мағауия. Медғат–Қасым // Қазақ ССР ҒА архиві. П. 1915. 170-б.
31
Сонда, 172-б.
32
Сонда, 180-б.
27
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Жөн сөзге құлақ салмаған, əкелік мейірім білдірмеген Мұратбай
қызының
еркімен ерге баруын қостамайды, оның аузына өрескел
сөздер түседі, надандығын, адуындығын шегіне жеткізеді.
Сол-ақ екен ашылды кəпір мінез, – деді:
– Ей, қызым, не менен, не онан без,
Сол сықылды бір итті менсінесің
Өлтірермін, қайт, – деді, сөзіңнен тез
33
.
Мұратбай мен Медғаттың жазасын қалай тартқаны айтылады.
Қасым дұшпанымен бетпе-бет кездесуге асығады. Мұрат бай мен
Медғат бастаған топпен шайқасар алдында:
Отқа бірге кіріскен жолдастарым,
Аянбай қамданыңдар бүгін бəрің
34
, –
деп бұйрық береді.
Бұл жердегі Қасым бір жөннен өзінің айбынды атаман екендігін
бірден аңғартқандай. Екі жақ қылыштасқан егес үстінде Мұратбай
өледі, Медғат қолға түседі.
Медғатты тауып алды, іздеп жүріп,
Алып ұрып, тізерлеп, байлап қойды.
Тізеге шыдасын ба,
талып қалды
35
.
Рақымсыз, тəкаппар Медғат залым, қиянаты алдынан шығып,
жаза тартады.
Медғатты дірілдетіп, суға апарды,
Өз жазасын өзіне қылып салды
36
.
«Қисса Дағыстан Жүсіптің» бір ерекшелігін ескерткен
М.О.Əуезов: «Дағыстан» поэмасы адам
образын көрсетуде қызық
уақиғалы тартыс түйіндерін туғызуда өте шебер қалыптасқан»
37
, –
дейді.
Шығармада кекшілдік кернеп, бір-бірімен жауласқан, ақ-қараға
қарамай қанжарласқанды көресіз. Бұлардың бірі дүлейлігін, зорлығын
асырып, қылыш жұмсаса, енді бірі бас қорғап қан төгеді. Шығарманың
өн бойында жайы баяндалған Жүсіп
өзгенің өзінен асқанын көрсе,
іші күйген «қанды көз қан ішер болып туған» зор кеуде, жазықсыз
жандардың қазасына сан рет ортақ болған, қарғысқа ұшыраған «қаны
қызса, қанжарын қайтармайтындардың» бірі. «Оның мергендігі менен
33
Достарыңызбен бөлісу: