Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет12/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107
 Жүсіпбек Ш. Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны. – Қазан, 1900. 19-б.
50
Сұлу қыз. – Қазан, 1909. 7-б.
51
 Ақылбек С. Қисса Мағшұғнама. – Қазан, 1911.


43
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Батырдың шешесі «алпыс жылдай» жүкті болып, күндерде бір күн 
Нұрбатырды табады. Оны бесікте жатқанда диюлар ұрлап кетеді. 
Диюлардың ішінде өсіп, ана тілін білмегендіктен, Нұрбатыр ар-
тынан іздеп келген туыстарының сөзіне түсінбегендік салдарынан 
жатырқайды, тентектік көрсетеді, ақыры шыққан тегін тауып, дию-
лардан кетеді. Нұрбатырдың асқан күші:
Жайын келді кемені жұтайын деп,
Жолдастары қорықты есі кетіп,
Нұрбатыр қарсы барды бұл жайынға,
Бұрылғанда құйрығын ұстай алды.
Кемені жайын сүйреп харап қылды
52
, –
деп суреттеледі.
Қаһарманды таппас бұрын оның шешесі «жетпіс ай» жүкті бо-
лып жүреді. Жаңа туған нəрестені «жетпіс қатын» кілемге салып, 
азар көтеріп, дарияның жағасына апарғаны баяндалады. Қаһарман ер 
жетіп, батыр болады.
Жайын келді кемені жұтайын деп,
Тоғыз жолдас қарады есі кетіп.
Қаһарман қарсы барды заһар шашып,
Жайын кетті бұрылып, кейін қашып,
Бұрылғанда құйрығын ұстай алды,
Кемені жайын сүйреп ойран қылды
53
.
Сөйтіп екі алыптың екеуі де жайынды құйрығынан ұстап алып, 
жібермей қоюға күштері қаптап келгендер болып көзге түседі. 
Бұлардың туысы, істері де ұқсас.
Рас, қиссашыл ақындардың ішінде дарынды сөз шеберлері 
кездеседі. Бұлардың көбі орта қол ақындар сияқты көрінсе де, бірақ 
мəселе олардың ақындық талантының кеңдігі, шеберлігі жетпегенінде 
емес. Өздерінің түсінігі солай, сондай əдеби дəстүрді ұстаған. 
Қиссашыл ақындарды сөз еткенде осы жағдайды еске ұстаған жөн.
Олар қисса, хикаяларды фольклорлық үлгілерге ұштастыра 
шығарған. Кейде ақындардың белгілі бір уақиғаның сюжетін ба-
яндап берудің өзін де місе тұтқандығы да аңғарылады. Аңыз, 
əңгімелердің, ертегі дастандардың шытырман уақиға желісін
ғажайып фантастикалық сипатын сырттай қызықтаушылық, олардың 
идеялық, мазмұндық қасиет-құнын жете бағалай алмаушылық та 
болғаны байқалады.
52
Нұрбатыр. – Петербург, 1897. 7-б.
53
Қисса Қаһарман. 1913. 8-б.


44
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Қисса-хикаялар əлеуметтік бағыты, мазмұны, идеялық-көркемдік 
құндылығы жағынан əр түрлі болғандықтан, алдымен оларды топтап, 
жіктеп алмақ шарт.
Біздіңше, бұларды негізінен бірнеше топқа бөлуге болады. 
Бірінші – көбінесе дінді уағыздайтын, исламның қағидаларын, діни 
ұғым-нанымдарды насихаттауға бағытталған «Жұм-жұма», «Сал-
сал», «Сейітбаттал» сияқты шығармалар.
Екінші – көршілес елдер мен басқа шығыс халықтарының 
ежелгі аңыз-əңгімелері, халық романдары мен поэмалары жəне 
классикалық əдебиет өкілдерінің – Фирдоуси, Науаи, Низами сияқты 
ұлы ақындарының поэма-дастандары. «Шаһмаран», «Сейпілмəлік», 
«Бозжігіт», «ҚасымЖомарт», «Баһрам», «Жирун», «Ілияс», «Абул-
харас», «Шəкір–Шəкірат», араб елінің ертегісі «Мың бір түн», үнді 
ертегісі, классик ақындар Фирдоуси, Фзули, Науаи, Низами дастан 
етіп жазған «Шахнама», «Лəйлі–Мəжнүн», «Таһир–Зуһра», «Фар-
хат–Шырын», «Ескендір» секілді шығармалар. Бұлар қазақ халқы 
мен туысқан халықтар, шығыс елдері арасындағы мəдени қарым-
қатынастың алдыңғы қатарлы өнеге-дəстүрлерін дамытады. Ескі 
ұғым-нанымдар, кертартпа идеялардың ізі ара-тұра кездескенімен, 
бұл топтағы ертегі-аңыз, поэмалар – негізінде, халықтық сипаттағы 
шығармалар. Ертегі-аңызға тəн көркемдік, ақындық қиял, фантасти-
ка, мифтік сарындар оларда да көп орын алған, алайда мұның бəрі 
өзінше халықтың тілек-мақсаттарына, ниет-арманына сəйкес келеді. 
Бұл топқа діни мифологияға негізделгенімен, өз кезіндегі ғибратты, 
құнды идеяларды көркем бейнелеген махаббат жайлы дастан, 
өзіндік тарихи мəні бар «Лəйлі–Мəжнүн» сияқты шығармаларды да 
жатқызуға болады.
Үшінші – шығыс сюжетіне құрылған, бірақ қазақ əдебиетіне 
сіңісті болып, қазақ фольклорының дəстүрлерімен ұштасып, 
төл шығарма сипаттас болып кеткен «Бозжігіт», «Марғуба», 
«Мұңлық–Зарлық» сияқты шығармалар. Бұлар қазақ əдебиетінің 
үлгі-дəстүрлерімен терең қабысып, кісі аттары, образды бейнелеу, 
уақиғаны баяндау ерекшеліктері мүлде жаңғырып, қазақ əдебиетінің 
өзіндік тумасына айналған.
Тегінде осы салаға мына шығармаларды жатқызуға болады деп, 
дəлдеп, жіктеп бөліп алу қиын. Себебі көптеген шығармаларда осын-
дай жаңа орта, жаңа жағдайда, қазақ ақындарының айтуында өзгеріп, 
қазақ ұғымына жақындап, жаңғырғандықтың ізі бар. Жоғарыда аталған 
шығармалардың бірталайынан да осы жайды байқауға болады. Бұл 


45
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
қазақ ақындарының шығарманы қазақ өміріне жақындастырып, қазақ 
поэзиясының дəстүрлеріне жанастырып, тыңдаушыларына ұғымды 
етпек болған талабынан туған көрінеді.
Мысалы, «Бозжігіттің» 1881 жылы араб əрпімен жарияланған 
нұсқаларында Бозжігіт Бағдат шаһы Ғабдолланың жалғыз баласы, 
оның сүйген жары Сахыпжамал Таһмас ханның қызы деп баяндалса, 
1871 жылы академик В.В.Радлов орыс əрпімен Петербургте бастырған 
нұсқасында: «Жігіттің аты Босжігіт екен, қыздың аты Қарашаш екен. 
Босжігіттің туысының аты белгісіз екен
54
, – деп келеді. Міне, осы бір 
шығарманың екі басылуындағы айырмасынан-ақ оны қазақ ұғымына 
жақындастыру процесін байқауға болады. Радлов жариялаған нұсқа 
таза қазақ тілімен жазылған, көркемдігі, жалпы құндылығы жағынан 
ол, сөзсіз, 1881 жылы басылғаннан артып түседі. Мұнда 1881 жылғы 
нұсқадағыдай уақиғаны кейде қара сөзбен баяндау да жоқ, үнемі 
өлеңмен айтылады.
Халықтық сипаттағы аңыз-ертегілер мен дастан-поэмалардың бас-
ты идеялық мотивтері адам өмірін қалайда жақсарту, өмірде кездесетін 
ауыр азаптан, қиыншылықтан оңай құтылуды мақсат ету, табиғатты 
меңгеру, оның сұрапыл күштерін бағындыруға, адамға қызмет еткізуге 
ұмтылу секілді боп келеді. Бұлардың құнды, бағалы жағы – оларға 
адамның күш-қуатын небір керемет, ғажайып күштерді жеңе алатыны-
на сенім бар. Идеялық-тақырыптық жағынан алғанда, «Таһир–Зуһра», 
«Лəйлі–Мəжнүн», «Сейпілмəлік», «Бозжігіт» сүйіспеншілік сезімін 
ардақтайтын махаббат дастаны болса, «Абулхарас», «Шаһмаранда» 
дүниенің, табиғаттың əр түрлі сырын білу, ғылым-білімге ұмтылуға 
шақыру идеясы үлкен орын алады. «Шаһмарандағы» – басты бір сарын 
адамды өлімнен құтқарудың амалын іздеу. «Мұңлық–Зарлықта» ананың 
махаббатын ардақтау, ата-анасын баласынан айырған күндестік, арамдық 
сыры сияқты пасық ниетті, іс-əрекетті əшкерелеу мақсат етілген.
Бұл дастандарда кейіпкерлердің сиқырлық істері, дуалап 
көзбайлаушылық, басқа сондай керемет қасиеттері бола береді. Бірақ 
мұның бəрі жамандық үшін емес, ізгі, адал іс-əрекет үшін жұмсалады. 
Мұны, мысалы, «Шəкір–Шəкіраттан» анық көруге болады. Шəкір – 
өте-мөте əркімге қылған жақсылығымен, кісіге рақымдылығымен 
көзге түсті. Шығармада оның адамға еткен қызметі, баянды іске бас-
тайтын ерлігін мол суреттейді. Ол талайды ауыр азаптан құтқарушы 
бейнесінде көрінеді.
54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет