Инфантьев П. Этнографические рассказы. – С.-Петербург, 1890. 3-б.
284
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
екінші елге түңіле қарау жөн бе? Адамды еңбегіне, парасатына,
адамшылығына қарай бағаламай, тұқымына, нəсіліне қарап бағалау
надандыққа апармаса, жақсы жолға бастамайды деген сияқты ой
білдіреді. Автор ақсүйекпін деп өрекпігендерді, ана тілінде, яғни орыс
тілінде сөйлеуді шам көріп, француз тілінде сөйлеуді мəдениеттілік
дейтін орыстарды ауызға алады. Қарапайым қазақ қызынан туған
Виктор Славинды орыс князьдарына қарсы қояды. Оны ақсүйекпін
деп шіренгендерден білімді, тəрбиелі, өрелі, ұстамды етіп көрсетеді.
Автор жайы баяндалған адамдардың ішкі-тысқы дүниесін, іс-
əрекетін, психологиялық толғаныстарын толығырақ баяндамақ болған.
Шығармада көбірек сөз болған кейіпкердің бірі – Славин. Славин
аштыққа ұшыраған, кəріптік көрген, жанталас үстінде Ермолаев деген
казак орыс алдауына түсіп, жүкті болған қазақ қызынан туады.
Ермолаев бұл əйелге жақсылық етпейді. Нəрестесін құшақтап,
жалғыз кеткен жас ана азап шегеді, қайыр сұрайды, баласын басқаға
беріп жібереді. Славин бір ақсүйек əйелдің асыранды ұлы болып
өседі. Ол княжна Софьяның қолына түскен хаттың бір жерінде тегін,
жерін еске алғандай: «Бұрын болмаған даланы сонша неге аңсаймын.
Европа елдерінің шартты мəдениеті, сыры маған қанық. Мен қоғам
ішінде өстім, оның əдетіне үйрендім. Олай болса, сезіміме, ойыма
сол қоғам əдеттері таңбасын салуы керек еді, ал бірақ олай емес,
керісінше. Түсімде шексіз-шексіз дала жəне сəйгүлік аттарға мініп
зырлатқан табиғаттың жабайы жандарын көрем. Мен олардың өзіме
таныс əндерін естігендеймін. Дариядай кең, көк майсалы, қаптаған
сансыз мал қызықтырады»
575
.
В.Ушаков Славиннің топас, алуан ақсүйектердің кесіріне
ұшырағандығын қынжыла баяндайды. Білімді жасты князь-
сымақтардың қор еткенін көреді. Славиннің «Киргиз-кайсак» тектес
болуы айып па? деген сұрақ қойылады. Нəсіпшілер, надан əкенің
əмірін екі етуден тайсалған, уəдесінен танған княжна Софьяның
жасықтығы, жалтақтығы сөз болады. Автор князь Любский мен
граф Ремишев арасында болған дауға айрықша мəн береді. Олардың
нəсіл жөніндегі түсініктері арнайы айтылады. Князь Любский: «Сла-
вин киргиз-кайсак нəсілінен, орыс ақсүйегінің қызына оны атасты-
ру өрескел», – десе, Ремишев: «адамды біліміне, адамшылығына,
еңбегіне қарай бағалаған мақұл», – дегенді айтады.
«Славин қазақ еді» делінгені болмаса, оның көп жерде қазақ
екені көрінбейді. Автордың бір ойынша, «Славин қазақ қызынан
575
Ушаков В. Киргиз-кайсак. – М., 1830. 13-б.
285
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
туғандықтан, қазақ болып қалмақ. Оның өскен ортасы, ақсүйектік
тəрбиесіне қарай қалыптасқанын көре-тұра, ол орыс болып кетпеген
еді», – дегісі келді. «Қазақтар арасынан Славин сияқты парасатты
адамдар шығуы шам ба» демек болған авторлардың қазақтар өмірін
білмей жорамалдап, сырттай тон пішкен кездерін де көресіз. Славин
– Петербург жастарының талапты, білімді, тəрбиелі дегендерінің бірі.
Ол «көздері шоқтай жайнаған сымбатты жігіт», жолдастарына қандай
қадірлі, шет тілдерге де шебер, музыкадан да хабарсыз емес, өзі əнші,
тамаша офицер; əскер қызметкері ретінде оны тосқан үлкен карьера
бар.
Қазақ нəсілдес бұл адам дарындылығы, парасаттылығымен көзге
түсе береді. Қара шаруалар мен кəріп-кəсірлерге жан тартып тұрады.
Ол өз нəсілін қадір тұтады. Тегін жасырып, Софьяны алудан бас тар-
тады. Бірақ Славин көп арманынан мақрұм қалады. Князьсымақтар
зорлығын асырады. «Ол екі аяқты хайуан князь Любскийдің құрбаны
болды» делінеді.
Ушаков Славиннің шыққан тегін арнайы сөз етеді. Оған: «мен
екі елдің уəкілімін, бір жағынан – қазақ, екінші жағынан – қазақ-
орыспын, көшпелі елден шықтым, дала баласымын, елді көргім
келеді, мүмкін қазақтардың ордасына ұшырармын, кей шақта сол да-
лада болғандай сезінемін», – дегенді айтқызады. «Диванда отырған
Славинды елгезек күтушілері бəйек болып жүрген Азияның айдын-
ды əміршісі дерсің. Оның ақылына зақым келді. Қазақтарды ойлап,
сандырақтай бастады».
Славиннің шешесі қаталдық, рақымсыздық, əділетсіздік,
кəріпшілік көріп, жаны жасыған адам ретінде бейнеленеді. Автор
оның туғанда қойған атын да атамайды. Матренаның орыстардан бір
үйренгені – иконаға қарап шұлғи беру. Ол мүлəйімсіген монашкаға
ұқсап та тұрады. В. Ушаков Матренаның ауыр халін, жас баламен
қаңғып жүрген кездерін аянышты етіп баяндамақ болған. Ауыр
күндерінің бірін еске алған Матрена: «Қыс болса тақап қалған еді.
Бала мені азапқа салды. Ордада мал жұтап жатты. Ішерге ас болмады.
Қайыр сұрадым. Баламды саттым. Оның бір дұрыс адамның қолында
өскені мақұл болар деген ойға келдім», – дейді.
Автор туған, көрмеген қазақ даласы туралы Славинды талай
толғандырса, оның шыққан түбі қазақ екенін қайта-қайта айтса, Сла-
винге: «Игі ісімді бағалар деп ақымақ болыппын. Шафағаттылық
туралы аузы тынбайтын мəдениетті қоғам мүшелерінің істейтіндері,
міне, осы... Отаным. Көшпелі қазақ даласы. Сендердің ішінде
286
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
неге қалмады екен?», – дегізсе, өз елінде, жерінде ес біліп, түсінігі
қалыптасқан дерлік Матренаның халқын, жерін бір мезет есіне алма-
уы қалай? Ол сонша неге түңілген. Ол халқының бірде-бір жақсы ісін
көрмей өскен бе? – Автор шалағайлық жасамаса, Матренаны дұрыс
көрсете, бұл сұрақтар тумаған болар еді. Ушаков былай да бақыты
ашылмаған, өмір тақсіретін көре-көре қажыған Матренаны икона
көрсе құр жібермейтін шоқынғыш етіп жібереді.
«Қара көздері жарқ-жұрқ еткен, кейпі түскен, қоңыр түсті
ашаң əйел үйге кірді. Ол иконаға қарап шоқынып алды да, Славинге
құрметпен бас иді. Үн-түнсіз Славиннің бұйрығын күтті» делінеді.
Өмірі орыс арасында өткен Матренаның монашка іспеттеніп кеткені,
құл мұжыққа тиіп, «құлдар» қауымына қосылғаннан басқа тапқаны
айтылмайды.
В.Ушаков бала мен ана арасындағы əңгімені дөрекі баяндайды.
Ананы баласы алдында мүсəпірсітеді. Ана баласымен дидарласуға
келген мəртебелі ана ретінде суреттелмейді, ол тергеуші баланың
қатал бұйрығын тосып тұрған бөгде жан. Автор ананы өз баласына
тағзым еткізеді. «Славин: – Атыңыз кім? Əйел тізесін бүгіп отырып:
– Атым – Матрена деп жауап берді. – Еріңіз қайда? Матрена – ерге
бармаған едім деп қарапайым жауап қайтарады. Абыржып қалған
Славин даусын көтеріп: Күйеуіңіз болмаған ба? Онда баланың əкесі
кім? Əйел көзін төмен салып қызарып кетті, үндемеді», – делінеді.
Жағымсыз кейіпкерлер ретінде бейнеленген ақсүйектердің бірі
– князь Павел Любский. Ол бекпін деп дандайсынғаны болмаса,
өнері, білімі, сіңірген еңбегі жоқ, ата даңқын арқаланып, өзгелерді
жəбірлеуге үйір, халыққа жаны жат, ұрт мінезді ескішіл адам. Ол
қарапайым ортадан шыққан адамдарды менсінбейтін нəсілшілдігімен
де оқшау тұрады. Ол ақсүйектер арасын жайлаған теріс көзқарас,
салт-сананы қостайды. Бір-бірін ұнатысқан жастардың арасына
іріткі салғалы жүрген князь Любский туралы граф Решимов: «Есек-
ке ұқсаған мына қырсық Славин мен Софьяның некесін бұзбақ», –
дейді. Любскийдің ойынша, орыс князінен туған қызға қазақ, қалмақ,
қарақалпақ, башқұрт үйленді деудің өзі айып.
«Қазақтар, қалмақтар, қарақалпақтар тағы солар сияқты дала
тұрғындары табыла берер... Орыс ханымына қазақ үйленіпті деген
сұмдықты Любский тұқымы естімек емес» дейді. Любский келеңсіз
ойдың адамы. Алайда, оның надандығына жол ашық, өйткені ондай-
ларды қостайтын ақсүйектер тобы бар еді.
Княжна Софья адамгершілігі, тəрбиесі, білімі үшін ұнатқан
ғашығы киргиз-кайсак Славиннен айниды. Бостандығын, махабба-
287
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
тын ойлап, табандылық, батылдық көрсете алмайды. Адуын əкесінің
əмірінен шыға алмаған Софья: «айтқанын екі ете алмаймын. Міне,
ғашықтық айғағы мына жүзікті... мұны Славин беріп еді. Өле-
өлгенше қолымнан тастамаспын деп едім. Күйеуімнен кеттім, енді
оның əйелі емеспін», – дейді.
«Бикей-Мауляна» қазақтар мен орыстардың мəдениет, əдебиет,
салт-сана жағынан алшақ жатқан бір кезін аңғартады. Автор тоғыз
саққа жүгірткен ойын олай бір, былай бір бұрып бұлтаққа сала-
ды. Бір-біріне қайшы ойлар айтады. Ол бірде қазақ өмірінен алып
сипаттаған адамдарды дұрыс көрсетпек болса, бірде оларды орынсыз
қомсынады, «степные дикари» деп тіл тигізеді. Шығарма уақиғасы
Жайық, Орал бойын жайлаған, Орынбор барып кəсіп еткен Бөкей Ор-
дасы қазақтары арасында 1830 жылдары болған нақтылы іс ретінде
баяндалады. Автор: «Бұл əңгіме бастан-аяқ болған істің айғағы,
оны жасанды көріністермен ажарлап, өндеп, толықтырып жатудың
еш қажеті болмайды. Барлық уақиғалар сол болған қалпында сөз
болады»
576
дейді.
Повестің түрлі бөлімдері жымдасып жатпайды. Мауляна мен Би-
кей уақиғасы ара-арасынан толып жатқан этнографиялық, тағы басқа
мағлұматтар мол орын алған. Əңгіменің желісін орынсыз үзе бергенін
мойындаған автор: «Əңгіме былай қалып, тағы да басқа жаққа ауып
кеттім» деп те қояды. Жазушы бір көріністен екінші көрініске орын-
сыз жиі ауыса бергендіктен, шығарма аламыштанған, оның жанрлық
тұлғасына нұқсан келген. Автор Бикей, Мауляна уақиғасын, қыз бен
жігіттің алуан түрлі сезім толқындарын сөз ете отыра, сол кездегі
қазақтардың əдет-ғұрпы, жол-жобасы, барымта, құн, бақсы-балгер,
киім-кешек, той-томалақ тағы-тағылар жайында да ой білдіреді.
Даль қазақ өміріне Ушаковтан əлдеқайда жуық келген. Дальдің
қазақ өмірі көріністерімен таныс екені, оның Ушаков құсап сырт-
тан тон пішпей, дəлді бір болған іске, қазақ тіршілігіне сүйене оты-
рып ой айтқаны сезіледі. Автор қазақ арасында: шалқыған байлар,
дандайсыған жуандар, ар-ұяты мол адал ниетті əйелдер, қарапайым
шаруалар, азап шеккен кедейлер бар екенін көреді. «Кей қазақтар
мыңдап мал айдаса, кей жарлылардың бір үйлі жаны бір ешкінің
сүтіне қарап қаңырауда» – дейді.
Орынборда сауда-саттық істерінің қалай жүргізілетіні,
саудагерлердің қазақтардың мал-мүлкін тегін алып, өз пұлдарын
қымбат сатып, момын елді жеп жүргені сөз болады. Бұхардан, Хи-
576
Даль В. Бикей-Мауляна.– С.-Петербург, 1861. Т. V. 186-б.
288
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
уадан, Қытайдан қаншама заттар келеді, əдемі кілем, асыл тас,
құлпырған жібек дейсің бе – бəрі бар. Ал біз орыстар Орта Азия
халықтарымен дұрыс сауда-саттық жүргізе алмай отырмыз, олармен
қарым-қатынасты жақсарту шамалы.
Каспийде бірдебір орыс сауда кемесін көрмейсің. Сауда ісінің
тізгінің парсы, татар, əрмандарға беріп қойдық. Өз арамызда пып-
пысық, айлалы орыс саудагерлері аз беріп, көп алғанды ғана біледі.
Саудагерлік өнер көрсетпей отыр. «Бұл арадағы орыс саудагерлері
елу тиын беріп, бес сом алатынына көзі жетсе ғана сауда жасайды», –
делінеді.
Автор əке мен баланың арасындағы егесті бастау үшін оқшау
уақиға ұсынады. Есенгелдінің бəйбішесінен туған қыз қайтыс бо-
лады да, оның қайын-жұрты қалың малды қайтаруды талап етеді.
Алғанын қайта беруден бас тартқан Есенгелді кіші əйелінен туған
Бикеймен аналас қызын өлген қыздың орнына беріп жібереді. Бикей
намыс шақырады. Туысымды сатқандар, қосымша алған қалыңмалды
бөліспедіңдер, бəйбішеден туған бір қыздың қалыңмалын мен алам,
əйтпесе есебіміз бітпейді деп қиғылық салады.
Орыс ұлықтары мен Орта Азия елдерінен шыққан əкімдер арасын-
да қиян-кескі қастасу болғаны, олардың реті келсе, бір-бірін жаулап
жүргені сөз болады. 1758 жылдан 1832 жылға шейін киргиз-кайсақтар
3797 адамды тұтқындаған. Бірдебір адам шығын болмаған, ең бір жай-
лы жыл 1830-жылдар болды. Бірте-бірте өзара қатынас түзеліп келеді.
1837–1840 жылдар əредігінде хиуалықтар бірдебір орыс адамын
тұтқындаған жоқ. Тұтқындағыларды қайтару онайға түспейтін. «Орыс
тұтқындарын босатпақ болғандарды, олардың хатын тасығандарды
хиуалықтар асатын, кескілейтін, отқа жағатын», – делінеді.
Міне, осынау бір ауыр жағдайда орыс тұтқындарына болы-
сып, оларды құлдықтан құтқару жолында ерлік еткен, орыстар мен
қазақтар арасына əлдеқандай дəнекер болған адам ретінде бейне-
ленбек кейіпкерлердің бірі – Бикей. Ол қолға түссе асылатынын,
жағылатынын біле тұра, орыс тұтқындарынан хат-хабар əкеледі.
«Осы хатты əкелген Есенгелдінің баласы Бикейге жүз сом ақша, бес
кез қызыл сукно берілсін», – делінеді. Бикейдің ержүрек талапты
жігіт екені, қонақшылдығы, беделділігі, сөзін өткізе білетіндігі тағы-
тағылар айтылды.
Бикей «дала аруы» Маулянаға ғашық. Автор Москваның
сұлулары Маулянаға тең келе қояр ма екен? дегісі келеді де, жалма-
жан жалт береді, дөкір сөздер айтады. Мұндайда толқымалы ойын
289
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
тоғыз саққа жүгірткен автордың ішкі ниетін айыру қиын, ол тек
ернінің емеурінін білдіргендей. Қазақ жанды адамды түсінерлік
өресі жоқ екенін, шалағайлығын аңғартады. Жалтаққа салған ав-
тор Маулянаның мақтауын асырдым деген сөздерінде: «Егер сіз
далаға, оның жабайы əйелдері мен еркектеріне аздап бой үйреткен
болсаңыз... Бұл қоңыр түсті адамның келісті кірпік, көз, қас, еріні,
маржаңдай тізілген тістері, біздің кейде қуыршаққа ұқсаған (ғафу
етіңіз) Москва, Питер сұлуларына қандай өң берген болар еді. Оның
шығыңқы жалпақ беті маған теріс əсер етпейді», – дейді.
Бикей мен Мауляна той үстінде танысады, бір-бірін ұғысқандай.
Бұларды күндеген Бикейдің арам ағасы, Маулянаның көсе күйеуі
Жанкүшік кектенеді. Той үстінде Бикейге қошемет көрсеткендердің
шуын естіген Жанкүшік бойын ыза кернеп, тойға жиналғандар ішінен
шығып кетеді.
Ол енді бұдан былай қолдан келген қастығын істеп бақпақ. 80-ге
келіп алжасқан, адуын əкесін – Есенгелдіні азғырады. «Бикей əкесі
сенің де, ағалары біздің де сөзін елемейді. Көзің тірісінде орныңды
алмақ» деген сияқты толып жатқан жаланы қаптатады. Ол туралы ав-
тор: «Жанкүшік барып тұрған айуан еді», – дейді.
Автор повестің ара-арасында ас беру, ат шаптыру, балуан
күрестіру, айтыс, ду-думан өткізу жайын арнайы сөз етеді. Қазақтар
жол-жора, салт-санасын кəдірлейтін халық. Орыс «зəкүні мен
абақтысынан» үрейленеді. «Біздің сарайдай абақтыларымыз» олардың
аза бойын қаза етеді, сайлап алған билері, қадірменді ақсақалдары
айтқанын тыңдап үйренген. Хан-қара, ақсүйек, қарасүйек де-
ген сөздерді естігеніңізде, хандарына, ақсүйектеріне бас шұлғып
жүрген қазақтарды табар ма екенсің? Олар еркіндікті сүйеді, орыс
крепостнойлықтары сияқты пəнгіп кетпеген. «Крепостнойлықтар –
үнсіз құлдар, қазақтар өздерін ерікті санайды, олар сұлтандарына да
жөнді бағынбайды». Бұлар арасына тараған індеттер: барымталасу,
құн даулау, қалыңмал. Қазақтардың ерлері де, əйелдері де ержүрек
келеді. Қазақ əйелдерін «бейне бір амазонкалар дерсің», – дейді автор.
Бикей де, Мауляна да барымташыларға тойтарыс берген, ерлігі,
айлалығымен көзге түскен, бір-біріне сай адал адамдар ретінде де
бейнеленеді. Есенгелдінің аулына ат ойнатқан барымташылар ай-
дап кеткен көп малды Бикей ерлікпен айырып алады, талай адамның
алғысын алады, ер жігіт атанады.
Оның қаскөй, қорқақ ағаларының ынжықтығы осы барымта
тұсында бір көрінеді. Есенгелдінің аулын ойрандағандар Мауляна
290
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
аулына да шабуыл жасайды. Көп тұтқындарға қоса Маулянаны ала
кетеді. Айлалы, ер жүрек қыз орайын тауып, айдап келе жатқандардың
бірін аттан жұлып түсіріп, оның жүйрік атына мініп, көзбе-көз
құтылып кетеді. Шапқыншыларды қуып келе жатқан Бикейдің алды-
нан шығады. Автор: «Бикей мен Мауляна үлкен абыроймен қайтты.
Жұрт: «Бикей жігіт, Бикей батыр, Бикей сұлтан, хан десті», – дейді.
Бикей айттырған қалыңдығына көңілі толмай, Мауляна-
ны таңдайды. Аңсап қосылған екі жастың рухы өсіп, көңілдері
көншігендей. Бикей де, Мауляна да қиыншылыққа қоса көнген, жан
қиысқан ер жандар, тату зайыптар. Мауляна қазақ тіршілігіне икемделіп
өскен ақ саусақтықтан аман, шаруашыл, адал жас. Ол қалыңға кетпей,
қалағанын таба білгендігімен де адамшылық өресін танытқандай.
Жалпы баяндалған кейіпкерлер туралы біркелкі дұрыс сөз айтқан
автор кейде қисынсыз ойға жол береді. Қазақтар қоғамдық тəртіп
көрмеген, жөңкіліп көшіп жүргендер деп те түсінеді. Бұлардың дəйім
айтып жүретін эпостық жырлары да жоқ сияқты. «Қозы Көрпеш – Баян
сұлу», «Бозжігіт», «Ер Тарғын», «Алпамыс» тағы сандаған дастандар
ауыз əдебиетінің жетілген түрі, салалары болғанын Даль білмейді. Ол
бір сөзінде: «Қазақтар көбінесе тау, ағаш су, түйе... көзіне көрінгеннің
бəрін қалай болса солай өлеңге қоса береді, мəнерсіз бірдемені жы-
рым деп айта береді», – дейді.
Автор қазақтарды бірде кемітсе, бірде оған жан тартқандай. Бұл
халықта оянбаған дарындылық, рухани күш бар: өнер-білімге жол
ашылмай, теңсіздік оларды шырмап жүр демек те болады.
Ауыл-аймағына беделді адам ретінде бейнеленген Бикейдің
кейбір оқыс істері де сөз болады, оның ескі ұғым аясынан аса алмаған
қарапайымдылығы айтылады. Ол кейде ағаларының мал-мүлкіне қол
салады. «Сендер – менің малшыларым, дауылда, жауында қақаған
қыста мал азабын көре беріңдер. Бəрібір мал менің малым, керегімді
тартып алсам да, қолымды кім қағады», – деп күш көрсетеді. Бұрыннан
қатты күндеп жүрген Қонақбай мен Жанкүшік енді қалай да Бикейдің
көзін жою амалына кіріседі. Есенгелдіні Бикейге айдап салады, əке
мен баланы араздастырады. Ашуы шектен асқан Есенгелді «Көздері
шатынап, еріндері дірілдеп, қалш-қалш етеді. Шақырыңдар. Мен оның
əкесімін... Бикейді не өлі, не тірі қолыма əкеліңдер!» – деп бұйырады.
Осы сөзді көптен күткен Қонақбай мен Жанкүшік енді өрлене, қуана
түседі. Екіленіп Бикейге келеді. Бикей бұларды жадырап қарсы ала-
ды. Олардың балағаттау сөздеріне мəн бермейді. Жанкүшік өте бір
зілдей затпен бар пəрменімен Бикейді ұрып жібереді. Басы қақ айры-
лып кеткен Бикей атының жалын құшып, жан тапсырады.
291
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
«Бикей-Маулянада» жайы баяндалған кейіпкерлердің бірі –
Жанкүшік ар, ұят дегеннен жұрдай. Ол сұлтандардың əмірін орын-
дап та талайлардың қазасына ортақ болған қанішер. Жанкүшік Мау-
лянаны мұқатпақ, «маған тиесің, жесірімсің» деп дікілдейді. Оның
күбіте сөйлеген тұрпайы сөздеріне, арам ісіне шыдамаған қаралы
əйел Жанкүшікке қанжар ала ұмтылады. Ол азар қашып құтылады.
Маулянадан үмітін мүлде үзетін болады.
Жарынан айрылған, қорлықтан басқа көрері қалмаған Мауляна
жылаудан бас алмай, жас гүлдей солады. Бостандық іздеген ер қыз
ауыр заманның, надан ортаның дүлей күшіне ұшырап, мерт болады.
«Ол жазды күні, күйеуі қайтыс болуына жыл толмай 22 жасында 1932
жылы қайтыс болады», – делінеді.
А.Ивановский Ноғайбай ақынның өлеңдерімен таныстыру
арқылы көптеген ойлар айтады. Ноғайбай жұрт ұнатып тыңдаған,
жыры əсіресе кедей-кепшік, жатақтар арасынан мызғымас орын
тапқан, халықтың ауыр халін көріп күйзелген, елдің еркіндігін
аңсаған, ізгі ниетті майталман ақын ретінде сөз болады. Оның поэзия-
сы мұңға, шерге жəне кекке, ызаға толы. Ноғайбай: «Қайғы-қасіретті
сілкіп тастармыз, жаңа өмір көрерміз, ол шақта мен де өзгеремін:
екі шекті домбырамның құлағын басқаша бұрармын, күй де, əн де
жаңарар»
577
, – деп сенеді. А.Ивановский берген мағлұматтарға
қарағанда, Ноғайбай жырларында халықтың мұңы бар, сондықтан
оның сөзін тыңдауға əр тараптан андыздап келіп жатқан топ-топ
қазақтарды көресіз.
Жиналған ду-думан, той-томалақ үшін емес, ел уайымын,
езілгендер жайын баяндаған өлеңдерді есту үшін жиналады. Ноғайбай
өз басы қайғысына қоса ел басына түскен ауыртпалықты жырлайды.
Шерлене айтқан сөздерінде: «Мен анадан жыр етіп туғанда күн бе
еді, түн бе еді? Білмеймін. Егер күндіз болса, аспанда жарқыраған
күн жоқ еді. Оның алтын сəулесі жақындағы тауға, алыстағы далаға,
мен туған лашық үйге түспеген-тін. Егер түн болса, күміс ай көкте
жүзбеді, жұлдыздар жымыңдап күлмеді. Түнекте тудым, айналаны
қоршаған қараңғылық», – дейді.
А.Ивановский Ноғайбайдың дарындылығына, төгілген жы-
рына, домбыраға шеберлігіне таңданады. Бұл сияқты мағыналы,
əсерлі, көркем сөзді қазақ ақыны аузынан бір естігенім осы жолы
болды. Ноғайбай өлеңдері өмірі өксігендерге, қорлық көргендерге
577
Достарыңызбен бөлісу: |