Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет105/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
full

 Əуезов М. Абай жолы. І кітап. – Алматы, 1955. 211-б.


304
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
лын мынадай сөздерден көресіз: «Оразбай – ақшыл, Медеуге ұқсас, 
семізше, ақ көз соқыр, сақалы шамалы, ер пішінді кісі»
583
. «Жиреншенің 
сақалы үлкен, беті, көзі, мұрны томпақ, сыртқары кісі еді, қалжыңбас, 
күлегеш, аузы тоқтамайтын»
584
. Мұхтар осындай мағлұматтар жинау 
үстінде кейіпкерлерін қалай сөйлету жөнінде ойына келгендерін де 
жазып отырады. Абай туралы жинаған материалдардың бір жерінен: 
«Дəндеген қарсақ құлағымен ін қазады. Өтірік айтқан жерде көп 
тұрма. Жамандыққа жақсылықпен орай бер» деген дау айтуға бола-
ды. Онда жақсылыққа нені орай етесің. Анығында жамандыққа əділ 
бол. «Жақсылыққа жақсылық қарыз орай болсын» деу керек. Абайға 
осыны бір айтқызу қажет. Достыққа достық қарыз іс. Дұшпаныңа 
əділ болды. Осыдан шығару керек»
585
, – деп оқисыз.
Мұхтар Əуезов Абай туралы роман жазбас бұрын ақын жайын-
да көлемді ғылыми мақалалар жариялады. Ол Абайдың өз заманы 
жайындағы ойын зерттеуші əдебиетшіл ретінде көп алдына бір сала 
дарынды жазушы болып та терең мағыналы көркем топшылаулар 
жасайды, ғылыми түсініктерімен көркемдік түсініктерін үйлестірді, 
көркем тілмен де, ғылыми тілмен де жайы баяндалған Абай арасын 
ажыратпауды құнттайды.
Қазақ халқының өмірі реалистікпен кең жəне көркем терең 
баяндалған «Абай жолында» заман уəкілдерінің талайы іс-əрекетімен 
сапырылыса өтіп жатады. Қоғам құбылыстарын бойына мол 
сыйғызған бұл эпопея елдің рухани үлгісі болған Абайдың өмірі, 
үміті, арманы, айтысы,тартысы, халыққа еткен еңбегін көп сөз етеді. 
Халық қамқоры, «қалың елім қазағым» деген Абайдың асыл ойы – 
адал жандардың жүрегіне ұялап, сана-сезімін билеп, болашаққа мег-
зегендей. «Шабытты ақын көңілі көз алдыңа дала емес – шексіз, кең 
тынық теңіз жүзін көргендей: сол теңізге, өмір тарих мол мұхитына 
бір кеме жалғыз жалауын көтеріп жол тартты. Алға басып, белгісіз 
болса да, ғажайып шұғылалы бір жағаға ұзақ сапарға басты, ол кеме 
жалауында «Тартыс», «Үміт» деген ұран бар. Халық өмірін үстіне 
арқалаған сол кеме «келешек» деген жағаға қарай тартты. Бұл «Абай 
кемесі», кең жайқын əлемде сенімді түзу жол сызып, маңып барады. 
Алға барады, ұзап барады. Биіктен қиян, алыс көкжиекке қадалып 
қараған Абай көзі, ой көзі сол кемені оң сапарға ұзатып, талмастан 
телміре қарап қалыпты»
586
.
583
 Əуезов М. ЛММА, ПКР, І, П. 29. 166-б.
584
Сонда, 153-б.
585
Сонда, 99-б.
586
 Əуезов М. Абай жолы. II кітап. – Алматы, 1955. 439-б.


305
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Заман таланттарынан ұрпаққа қалған мұралардың ойқастаған 
асқары болады, «Шахнама» «Отелло», «Евгений Онегин» «Реви-
зор», «Соғыс жəне бейбітшілік», «Сегіз аяқ» осындай шығармалар 
десек, «Абай жолы» да аталған нұсқалар қатарында. «Абай» рома-
нын неше рет қайталап оқысам, сонша рет əрдайым жаңа бір ой, жаңа 
бір көркемдік, бұрын оқығанда байқамай кеткен терендік табам»
587

– дейді белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов.
Шынды көлеңкелемей дұрыс көрсету үшін автордың субъективтік 
түсінігі объективтік өмірден шет қалмауға шарт. Автордың айғайлаған 
тенденцияға үйірлігінен көркем шығармаға нұқсан келетін кез де бар, 
көрсетілген өмір уəкілдері дараланбай, белгілі бір заманның, ортаның 
адамы болмай, жат жандар болып қалу бар. Адамдардың жалпы 
өзгешеліктерімен бірге жалқы өзгешеліктерін ескерген Мұхтар 
жайы баяндалған адамдардың заман уəкілдері болып көрінуіне 
назар салған, олардың хал-ахуал, іс-əрекетін, арманын, үмітін, 
сезім дүниесін бір-бірін ажырата бейнелейді. Алуан адамдардың 
моральдық-психологиялық өзгешеліктері заманына сай көрсетіледі. 
Ел ішінің жақсысы, жаманы, байы, кедейі, ақыны, əншісі, өнерпазы, 
шүлені, болысы, биі, сұмы, қуы, ұрысы, ұлығы тағысын-тағылар сыр-
сипатын ашады. Сол кездегі салт-сана, жол-жора сөз болады. Өмір 
уақиғалары, құбылыстары қиыса, топтаса келіп, біртұтас тұлға жа-
сайды, адақ-адақ қалпында көркемдік мəн алып, жүйеге келмеген 
бытыраңқы фактілердің дарындылықпен композициялық қалыпқа 
келтірудің нақтылы үлгісін көресіз. Сан алуан, шым-шытырақ, қым-
қиғаш істер дүркін-дүркін ұшырасады, тоғысады, үйлеседі, оғаш 
көрінерлік, шығарманың сынын бұзарлық дардиған оқшау көріністер 
жоқ, көркемдік, идеялық жөнінен өзін ақтамаған кейіпкер таппай-
сыз, түрлі көріністердің бірін алып тастасаңыз, эпопеяның тұлғасына 
нұқсан келгендей, иісі халықтың бір кездегі тұтас өмірін бір шығарма 
аясына шеберлікпен сыйғыза білу бар.
Шығармадан дүлейлердің өктемдігіне ұшырап, надандық 
құшағында булыққан, асыл арманы іске асырылмай өмірі өксіген жан-
дарды аз таппайсыз. Əділетсіздікке төтеп берер күш əлі шамалы. Та-
лайлар азаптанады, қиналады. Қам көңіл, шерменде жандар көресіз.
«Абай жолынан» философиялық, көркемдік шешім тапқан үш 
даналық байқалады. Оның бірі – халық туғызған даналық, екіншісі – 
Абай даналығы, үшіншісі – Абай заманы жайын баяндау нəтижесінде 
587


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет