Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет103/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
full

 Ивановский А. Киргизский народный поэт-певец Ногайбай: Этнографическое 
обозрение. Кн. ІІІ. – М., 1889. 101-б.


292
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
арналғандығымен де құнды. Ол халық қайғысын, жатақтар жайын 
жырлайды. Көптің мұң-мұқтажын айтуды арман етеді. Ол: «айналаң 
толған зарды естімеуге бола ма? Кең даланы құйындай баса-көктеп 
өршеленген, тау-тасты, сай-саланы аралап, сумаңдаған қайғы-
хасіретті, ауыртпалықты көрмеуге бола ма? Бұлардың бəрін де 
есіттім, көрдім», – деді деп те куəландырады.
Қазақтар туралы əңгімелер, этнографиялық очерктерден басқа 
драмалық шығармалар да көріне бастайды. Бұл тұста халық өмірінің 
сахнадан көрінуін құнттағандардың бірі – Г.Гребенщиков 1907 ж. 
«Жақсы жігіт» атты пьеса жазады. Автор пьесаның орыс тілінде де, 
қазақ тілінде де қойылуын талап етеді. Қазақ кейіпкерлері мен орыс 
кейіпкерлерінің бір шығармадан аралас орын алуының жəне бір 
үлгісін осы шығармадан көргендейсің. Орыстар мен қазақтар достаса 
біледі. Бұл елдер өмірі бір-біріне байланысты, оларды бір шығарма 
шеңберіне сыйғыза көрсетуге болады деген ойға меңзегендік 
байқалады.
Пьесаның уақиғасына – ақсақал Ақпай, оның əйелі Қадиша, ба-
ласы Сұлтанбек, жетім қыз Фатима, орыс адамы Николай Петрович 
жəне Ақпайдың көршісі Қошқарбай қатысады. Ақпай мал өсіріп, күн 
көруден басқа кəсіптің қажеттігіне түсінбеген қарапайым жан ретінде 
бейнеленеді.
Ол баласы Сұлтанбектің хат-қара танығанын, мал бағуға 
жарағанын місе көреді. «Жақсы жаза біледі, қазақша, орысша оқи 
алады. Ол əлі болыс болып кетер
578
, – дейді. Николай Петрович 
Сұлтанбектің оқи түсуін, гимназияны бітіруін қалайды. Орыс-
ша оқи берсе, баламыз жат болып кетеді, қалың мал төлеп, əйел 
алып беру керек деп жүрген Ақпай мен Қадишаны сөзге көндіреді. 
Сұлтанбектің оқыған азамат болып шығуына көмектеседі. Николай 
Петрович қазақ жастарының мəдениетті болуын ойлаған қамқорлы 
адам ретінде көрінеді. Қараңғылықта қамалып қалмау қажет, «Тек на-
дандар ғана қазақтарды қор тұтпақ. Жақсы жанды орыстар өздерінен 
кем көрмейді. Ал кем емес екендікті дəлелдеу де қажет. Сұлтанбек 
əлі-ақ талай орыстардан озар», – дейді.
Пьесада жайы баяндалған кейіпкерлердің бірі – жетім өскен 
қойшы қыз Фатима. Ол отанын емірене есіне алады: «Əкемді, аяу-
лы, мархаматты шешемді көрмей өстім. Уа, күн нұрына бөленген 
көкмайса еркін, кең далам, алтын бесігім – жер анам, сен мені ая-
лап, асырап адам еттің», – дейді. Ол зорлық-зомбылық, қиыншылық, 
578
 Гребенщиков Г. Жақсы жігіт. – М., 1907. 5-б.


293
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
жалғыздық көрсе де, бəріне төзе білген, жаны сүймеген жат адам 
талай жыл зорлап ұстаса да, Сұлтанбектің көмегімен қара ниет 
Қошқарбайдың қорлығынан құтылады.
Қошқарбай ар-ұяттан жұрдай, надандық басқан, арам нəпсі би-
леген, заманының өте бір тұрпайысы. Ол Фатиманы күштеп көндірем 
деп өзеурейді. «Қалың беріп, қыз алар мал менде жоқ, жалаңаш 
кедеймін. Маған сендей қалың төлемейтін жетім қыз керек, əйелдікке 
алам», – деп дігір салады. Жаны сүймеген жас əйелді бірнеше жыл 
зорлап ұстайды.
Пьесаның кей жерлерінде автор натуралистік жайттарға, 
орашолақ ойға жол берген. Шығарманың тіл шеберлігі де онша 
емес. Композициялық олқылықтар кездеседі. Г.Гребенщиков жетім-
жесірді жəбірлеу, көшіп-қонып жүруді мəртебе көру, қараңғылық 
тобанына көміліп, өнер-білімнен қақас қалу сияқты мəселелерді сөз 
етпек болады. Ағартушылық жұмысқа мəн береді. Шығарманың 
басты кейіпкері Сұлтанбек – ел ішіне тараған озбырлық, надандық, 
əділетсіздіктің етек алмауын тежерлік, ел еңсесін көтеруге күш 
салатын, əйелдер бостандығын қорғайтын саналы азамат болып 
көрсетілмек. Еркімен ерге баруға жол ашылмай – Фатима сияқты 
қыздардың Қошқарбайларға қор болып жүргенін көрген Сұлтанбек 
адвокат болуды неге қалағандығы туралы: «Иə, Фатиманың халы тым 
ауыр. Ол қорғансыз, оған болысар жан жоқ. Шынымды айтайын, осы-
нау қайта-қайта орала беретін уақиға менің заң факультетіне түсуіме 
себеп болды. Қазақ халқы, əсіресе қазақ əйелдерінің халы өте нашар», 
–дейді.
П.Инфантьев «Құттыбайдың сыбызғысы» деген шығармасында 
бір жетім баланың өмірін баяндау арқылы қазақ жастары орысша білім 
алса, өз өмірін көркейтуге мүмкіндік алар еді деген ойға мегземек 
сияқты. Құттыбай алтыға жетпей əке-шешеден айрылады. Жарлылық 
тақсіретін тартады, жалаң аяқ, жалаң бас қой бағады. Оның ауыл-
ауылды, үй-үйді кезіп тамақ іздеп, сорпа-су сұрап жүрген кездері сөз 
болады. Баланың адам болып шығуын ойлар кім бар? Қойшы бала 
Құттыбайға қарт шопан Ибраһим сыбызғы жасап береді. Ширақ бала 
сыбызғышы болып алады. Құттыбайдың мектепке түсуіне орыс қызы 
көмектескені айтылады. Азып-тозып жүрсе де, жасымаған жаны тірі 
өжет бала зеректігімен көзге түседі. «Сабақты жақсы үлгеріп кетті. 
Шəкірттерге де, мұғалімдерге де сүйкімді болды», – дейді.
Қазақтардың күнделікті өмірін көрсетуге арнап очерктер жазған 
орыс жазушылары кезінде пайдалы қызмет атқарды. Очерктерде 


294
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
қазақ халқының ерекшеліктері, көркемдік сана-сезімі, тамаша фан-
тазиясы, кестелі сөздері, орамды тілі сөз болады. Очерк авторлары 
қазақ сөздерін, нақылдарын шығармаларына əдейі енгізе отырады, 
қазақ сөз оралымдары, өзгешеліктерімен орыс қауымын таныстырмақ 
талап жасайды, мұны «үмітсіз шайтан», «өлген келмес, өшкен жан-
бас», «жайлау, ақсақал, барымта, бəйге, кереге, басқұр, шаңырақ, 
сырмақ» деген сөздердің сол күйінде қолданылуынан, не қазақша 
сөйлеу ыңғайына қарай бейімдеп айтқан «Пусть задавит меня албас-
ты», «одному сайтану должно быть известно» деу сияқты мысалдар-
дан байқауға болады.
Д.М.Львовичтің 1914 жылы жарияланған «По киргизской сте-
пи» атты кітабына қазақтар туралы он шақты очерк кірген. Автор 
бұл очерктерде қазақтар жайында сан түрлі мағлұматтар береді. 
«Балықшылар» атты очеркте кедейшілік салдарынан балық аулап, күн 
көруден басқа үлес тимей, кəріптікте жүрген балықшылар жайы сөз 
болды. Балықшылар өмірінің жүдеу жағына көз салған автор: «Өзен 
жағасындағы жартастар арасында, тар сайға тығыла орналасқан, ыс 
басқан қара қожалақ қос тұр. Қостың қасында – дертелері сорайған, 
қиқайған ескі арба» дейді. Автор Шимановпен таныстырады. Бұл адам 
– бір жағынан, қазақ жуандарымен табақтас болса, екінші жағынан, 
орыс ұлықтарымен ұласқан, сөйтіп талайларды қан қақсатқандардың 
бірі. Ол патшаның рұқсатымен деп те жер саудалап, қойны-қонышын 
ақшаға сықайды. Жарлы-жақыбайларға да салық түссе де, ол тек 
тиын алып бермейді. Енді бірде автор Торғай қазағы Нұрғожа Ата-
беков жайын сөз етеді. Нұрғожа таза кəсіппен күн көрген қазақ 
халқының алуан аңыздарын, ертегілерін, əдет-ғұрпын жақсы білетін 
ыспар, əр нəрсеге епті, байымды, елгезек жолдас ретінде сипатта-
лады. Нұрғожаның Шимановқа наразы екенін айту арқылы автор 
қоғамдағы кейбір теңсіздікке əдейі көз тіккен.
Д.М.Львович очерктерде сырға, сақина, белбеу, сəукеле 
сияқты заттардың шеберлікпен жасалғандығын да сөз етеді. Автор 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Сəуірде көтерілер рахмет туы» атты 
шығармаларды тыңдағанын еске алады. Қазақ ақындарының өмір 
құбылыстарын мəнеріне келтіріп, бұлжытпай айтып беруге ұста 
екеніне таңданады. «Қазақтардан мұндай шығармалар кездеседі деп 
ойламаған едім. Естігендердің ең бір терең, ең бір нəзік, асыл сезімдері 
оянғандай болды. Қазақ халқының дарқандығы, байтақ даласы, кең 
аспаны, күркіреген өзендері, жадыраған жаздары, күз-қиясы, көк 
майса көктемі көзге елестегендей болды» дегендер айтылады.


295
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Д.М.Львович кейбір очерктеріне қоғамдық мəн береді. Қазақ 
арасындағы түрлі наразылықтармен таныстырады. Кедейлер кейістері 
арнайы сөз болады. Абылай қарт «Зарзаман», «Татьянаның Онегинге 
жазған хатын» жырлап береді.
Ол: «Шортанбай ақын ел халы туралы ойлар айтқан, жақсы ас, 
ат, думан-сауық іздеп, бас күйттейтін талайсыз, талапсыздар кімді 
көркейтер? Əділ билер ыдырады, 100 үйге старшина, 1000 үйге болыс, 
бір орыс писарь тағайындалатын болды. Еркіндіктен айрылдық, елдің 
сəні кетті, алдау-арбау, пара алу, жала жабу көбейді, патша қыспаққа 
алды. Ақылына адамшылығына қарай бастық сайлау қалды, билікке 
айламен, парамен сұмдығын асырып келгендер халық қалаулысы 
емес, өз пайдасын ғана көздеген, ел сатқан қуыс кеуделерде халық 
сүйер жүрек жоқ. «Керзаманға кез келдік, шындық кетті, дүниенің 
тетігі ақшада, ақылды, адал, қайырымды кедейге күн жоқ», – дейді.
Д.М.Львович қазақтар тіршілігінің аумалы-төкпелі, тұрақсыз 
жақтарына көз салады. Көшпенді ел жұтқа ұшырап күйзеле береді, 
кешегі ауқатты шаруа бүгін тап-тақыр кедей. Құнарлы жақсы жерлер-
ге орналасып отырықшы ел болуға талпыну керек. Қазіргі кең қоныс, 
байтақ дала қазақтар үлесіне мəңгі тиген бе? Жер – еңбек еткендікі. 
Жер игілігін көрем деген қазақтар бақи көшіп жүреміз демеңдер де-
ген сияқты кеңес береді. Автор енді бір очеркте қой, қойшы жайын 
сөз етеді. Ол кездегі қойшылардың көрген азаптары, адал еңбегіне 
сай ақы ала алмай, қадірсіз болғаны айтылады. Қой жүнінен жасалған 
киізбен қазақтар керегелі үйлерін жабады, қой жүнінен шекпен, 
қоржын, басқұр тоқиды, қойдың сүтінен, етінен неше алуан тағамдар 
жасайды делінеді. Қазақтар өмірін жөнді білмей, үстірт ой айтып 
жүргендер сыналады.
Патша қол астындағы түркі тұқымдас халықтар халына көп 
үңілген көрнекті ғалымдардың бірі – Н.Веселовский 1894 жылы 
Петербургта «Киргизский рассказ о русских завоеваниях в Турке-
станском крае» деген кітап шығарды. Ол 1885 жылдары Түркістан 
өлкесінде болады, қазақтар туралы түрлі мəліметтер жинайды. 
Түркістан уақиғасы жергілікті ел əдебиетінен қандай көрініс тап-
ты екен? Ресми мəліметтерден басқаны білмей, тек орыстар берген 
ақпарларға ғана сенсек, тұрғын халық түсінігінен би хабар болар 
едік деген сияқты ойға келеді. Веселовский Түркістан уақиғасы ту-
ралы жазылған шығармаларды өзінің танысы Əкрамбай арқылы Таш-
кент маңында тұратын, Ақжар болысы Шарболат аулының қазағы 
Қалибайдан алады. Ол 1885 жылдары 80-ге келген қарт əкесінің 


296
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
айтқандарын өлеңге айналдырып, Веселовскийге жібереді. Бұл қарт 
Ақмешіт, Шымкент, Əулиеата, Ташкент қалаларына шабуыл жасаған 
патша генералы Черняевке қарсы соғысқандармен бірге тізе қосып, 
ұрысқан жүзбасы екен.
Н.Веселовский жариялаған нұсқаның бірі тікелей Түркістан 
уақиғасын баяндайды. Бұл бөлімде шығармаға арнайы ат қойылмапты. 
Шығарманың тілі шұбарлау, көркемдік дəрежесі ала-құла болғанмен
тарихи маңызы зор. Дастаннан екіұдай түсінік арнасы аңғарылады. 
Орта Азия уəкілдерінің бір жағы – елімізді, жерімізді жаулаған, 
кемпір-шал, қыз-келіншек, жас баланы қырған, өз басын оздырмақ, 
торғайдай тоздырмақ патша басқыншыларымен, оның қанішер ге-
нералы Черняевпен бітім жоқ, бағынып марқадам таппаймыз десе, 
екінші бір жақ – «дұшпанмен дос болудан» басқа лаж жоқ, көніп күн 
көреміз деген тоқтамға келеді.
Шығарма уақиғасы Черняев бастатқан патша басқыншыларының 
Ақмешітті жаулап, қарсыласқандарды қырғынға ұшыратқанын баян-
даудан басталады. Молдахан, Рүстембек, Атабек, Қанағат, Мыңбай, 
Ғалымқұл, Сəлибек соғыстары сөз болды. Ақмешіт, Əулиеата, Шым-
кент, Алматы, Мерке, Түркістан, Ташкент қалаларының қантөгіске 
ұшырағаны айтылады.
Көп мұсылман қосыны,
Атқа басты қамшыны-ай.
Бедеулерден тер ақты,
Һəуадан құйған тамшыдай.
Тізелесіп атысты
Қызыл қанға батысып,
Сауытты қанға малшыды-ай (17-б.), – 
делінеді.
Дастанда айрықша сөз болған қосын басылары – Ғалымқұл мен 
Мыңбай батыр. Бұлар патшаға, оның генералы Черняевке бас имеген, 
елі үшін, шал-кемпір, бала-шаға қамы үшін құрбан болған ерлер бо-
лып та сипатталмақ. Ғалымқұл: «шапқыншылар елімізді, жерімізді, 
шаһарымызды жаулады, қан төгіске салды. Бұл қорлыққа шыдарсың 
ба? Өлтірсек – қазы өлсек – шаһидбыз, халқымызды басқыншылардан 
қорғайық», – деген сияқты сөздермен қосындарын ерлендіреді. Ол 
Черняев жіберген елшілерге: «Қорқып бодам болмаймын, халық ал-
дында арсыз, намыссыз атанбаймын.
Елшілер сəлем айтыңдар,
Черняевтей ханыңа.


297
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Қызықпаймын
Арбалап артқан малыңа (38-б.), – 
дейді.
Ғалымқұл қазақ, қырғыз, сарт, қыпшақ арасына үндеу таратады. 
«Ерлер бедеулеріңе мініңдер! Намыс, абырой кетпесін, сыналар кез 
келді! Басқыншылар қаптады», – деп жігерлерін жанып:
Черняевті көресіз,
Кет дегенмен кетпеді,
Кет деген сөзді кектеді, –
дей келіп, «қан төгіп күшпен бағындырмақ болған жау төнді» 
дегендерді айтады.
Соғыста қаза тапқан Ғалымқұл өлер алдында қосындарымен 
қоштасып айтқан сөзінде: «Басқыншыларға бас имеңдер, бірлікті 
жоймаңдар. Ташкентті алса, бодам боласыңдар, жау үлесіне 
түсесіңдер» деп ерлікке үндеп, бірлікке шақырады.
Бұл жұртты көріп алған соң,
Есек озар тұлпардан.
Шымшық озар сұңқардан,
Сақау озар шешеннен, –
дейді.
Ғалымқұлдың жұрт үшін жанын пида еткен қамқор жан екені де 
айтылмақ. Қалалардан айрылдық, ерлер қаза тапты, жау масайрады, 
күйзелгендер енді қайда беттемек?
Бұзылар болды еліміз,
Құрыды айдын көліміз.
Бегіміз шаһид болған соң,
Дұспан болды досымыз, – 
дескендердің қайғысы үстей түседі.
Соғыс шайқастарының ең бір ауыры Шымкентте болады. Бұл 
шайқаста Қыпшақ батыры айрықша ерлік көрсетеді. (Бір күн ұрыс 
ішінде мың тоқсанын құлатады). Бұрын бірдебір сескенбеген жаула-
ры ығысқандай.
Мыңбай соғысын кейде қиссалар, кейде батырлар жыры сары-
нына сала жырлаған ақын: «бедеулер қызыл қанға малтықты», екі 
жақтан есепсіз көп адам өлгенін айтады.
Генерал Черняевтің қалаларды талқандағаны, кемпір-шал, жас 
балаға шейін қырғаны, қылыштың қыры, найзаның үші, мылтықтың, 
зеңбіректің оғымен бейбіт елді бодам еткені сөз болады:


298
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Шымкентте қалған шыға алмай,
Қыз бен қатын, ит, есек,
Бəрі атылып өледі
Өліктерге қараса,
Кəлле жатыр, дене жоқ.
Көп адам өлген атылып,
Сауыттар жатыр жыртылып.
Көметұғын адам жоқ.
Өлік жатыр көшеде
Ат, есекке басылып.
Жыршы, бір жағынан, Черняевтің озбырлығын, қанішерлігін, 
халыққа жасаған қиянатын көрсетсе, екінші жағынан, оны 
мадақтайды. Черняев «ғақылы асқан кісі екен, мұсылмандардың орыс-
ша, орыстардың мұсылманша оқуына жол ашты. Зорлық етпейтін, 
жерімізді» алмайтын болды».
Черняев тағы хат қылды.
Ағаштан шауып лəт қылды.
Сөзден қайтсам мен мұнда,
Лағнет ұрсын деп, 
Черняев жаман ант қылды, – 
дейді.
Ихандықтар уақиғасы шығармадан оқшау орын алады. Ғалымқұл, 
Мыңбай түсінігі жөнінен, олардың ісі – ел мүддесін сатып, патшаға 
жағып күн көруді мəртебе көргендердің бір айғағы сияқты. Ихандықтар 
көптен жырылып кетеді. Оп-оңай бодам бола қалады, ел мүддесін ой-
ламайды. Ғалымқұл Иханның «жақсыларын ұялтады, жамандарын 
қорқытады, отаннан бездіңдер, сатылдыңдар» деген сияқты сөздермен 
айыптайды. Ғалымқұлдың жазғыруына ұшыраған ихандықтар туралы:
Еркек бала, қыз-қатын,
Біреуін қоймай Ғалымқұл
Ташкентке қарай айдады, –
делінеді.
В.В.Радлов (1837–1918) қазақтар туралы келелі пікір айтқан, 
қазақ халқының бай фольклорын уақытында жинап, жариялап, мол 
мұра қалдырған.
Көрнекті ғалым В.Радлов: «байтақ жерді қиыр жайлап, шет қонып 
сапырысып көшіп жүрген қазақтардың тіліне жəрікшек түспеген, бұл 
халықтың тілі табиғи əсем қалпын сақтаған, елдің ана шеті мен мына 


299
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
шеті бір тілдей сөйлейді. Қазақ халқының көпшілігі исламды тек сырт-
тай қабылдайды. Намаз оқу, ораза тұтуды ұқыптамайды»
579
, – дейді.
Ол түркі халықтарының əдебиетін жинау, жариялау, зерттеу 
нəтижесінде қазақ тілі түрік тектес ішіндегі халықтың сипатын 
мол сақтаған, орамдылығы, шешендігімен оқшау тұрған тіл деген 
қорытынды жасайды, фольклор нұсқауларын сұрыптап жинағанын, 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Бозжігіттермен» қатар 
«Жұм-жұма», «Қасен-Құсайын» сияқты діни қиссалар бар екенін 
ескертеді.
В.Радлов өрелі ойлар айтқан еді десек те, кейде ол оғаш кетеді. 
Оның қазақ тіліндегі өлеңдерді «Жыр», «Өлең» деп екіге бөлуі, фоль-
клор нұсқаларын «қарасөз», «кітап сөз» деп жіктеуі, бунақты стопа 
мəнінде түсіндірмек болғаны – əрине, қазақ өлеңдерінің түрлерін, 
ұйқасты интонациялық ырғақты өзгешеліктерін үстірт түсінгендіктің 
куəсі. Ол «қара сөзді» – «үлгілі сөз», «бата сөз», «ұзатқан қыздың 
өлеңі», «жоқтаған жыр», «қайым өлең», «қара өлең», «бақсының 
сөзі», «қазақтың бұрынғы заманының батырларының өлеңі мен мы-
сал сөзі», «Батыр ертегі», «Ертегі» деп онға бөлсе, «кітап өлеңді» 
«үлкен қиссалар», «өлеңмен шығарған қысқа қиссалар», «Дін ислам 
ерлерінің қиссалары», «Дін үйрететін қиссалар» деп төртке бөледі. 
«Қарасөз» тобынан «Айт келін», «Жылама бикем», «Ақбала», «Ер 
Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қарагөз сұлу» сияқты елуден 
астам нұсқаларды кездестірсек, «Кітап өлең» тобынан «Сейпілмəлік–
Сақыпжамалды» ұшыратасыз.
В.Радловтан қалған фольклор қазынасы өзінің қоспасыз 
тазалығымен де құнды. Ол жинаған, жариялаған əдеби нұсқалардың 
кіршіксіз болуын ескерген. Аңыздардың, хикаялардың, түрлі 
өлеңдердің табиғи қалпын бұзбауды құнттаған. Мұны Ақжүністің 
Қартқожаққа айтқан сөзінен де аңғарғандайсыз.
Ей, Қартқожақ, Қартқожақ,
Атыңның басын тарт, Қожақ!
Менің немді сұрайсың?
Бұхар барсаң, қолаң бар,
Қолаңды көр де, шашым көр!
Зергер барсаң қасында
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де, басым көр!
579


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет