Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет23/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107
 Шайхысыламұлы Ж. Қисса Фершіл қыз. – Қазан, 1903. 8-б.


82
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Ей, Мамыр, адамды алла жаратыпты,
Хауа ананы Адамға қаратыпты.
Бірін еркек, біреуін əйел қылып,
Екеуінен көп жанды таратыпты
146
, – дейді.
Өзіне жылы жүрек жар тауып, тыншымай жүз құбылған, «қолына 
құрық алып», жылқы баққан, шаруашыл, нəзік сезімді Мамырдың 
сөздері мен мінездері де Еңлікке ұқсай бермейді. Көкенайдың 
дұшпандықпен атқан оғы тиіп, «иман айтып», қаны қашып, қолтығын 
басып тұрып қалған Мамыр өлер алдында:
Көкенай, қарғамаймын сөзіме бақ,
Ісім жоқ, бір құдайға көңілім ақ.
Мойныңа менің қаным алал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ
147
, – 
деп, рақым күткендей болады. Бұл сөз, əрине, Еңліктің өлер ал-
дында анталап келген дұшпандарының əділетсіздігін əшкерелеп, 
ерлікпен айтқан сөздеріне ұқсамайды. Еңлік дұшпандарынан марха-
бат күтпей сөйлесе, Мамыр адуын Көкенайдың көңілін алла атынан 
айтқан сөздерімен жібітпек. Сондықтан да шығар, автор Мамыр сөзін 
ілтифатқа алмаған Көкенайдың енді Қалқаманның қанын жүктемек 
болып, дау туғызғанын арнайы айтады.
Көкенай рақымсыз, егесқұмар жан ретінде сипатталады. Оның 
істері, шешімдері Бабаң айтқанына қарсы қойылады. Мамыр-
ды өлтіріп, енді Қалқаманды өлтірмей тынбаймын деп қарысқан 
Көкенайдың сөзін естіп, қиналған кəрі би туралы:
Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай,
Жазықсыз жасқа ешкімнің қаны қызбай
148
, – 
делінеді.
Шығармада айтылғандарға қарағанда, Бабаң «Орта жүзге үлгі 
айтқан», ел арасы дауды шешкен, «əрі би, əрі ғұлама» адам. Ал 
сол Бабаңның тентек Көкенайға сөзін өткізе алмай, ақыры соның 
айтқанына көніп, Қалқаманды оққа байлатуға ұйғарған шешімді 
қабылдауы Бабаң қабілетіне арнап айтқан көтеріңкі сөздерге күмəн 
келтіргендей.
«Мұңлы Мариямда» надандардың зорлығына ұшырап, бас 
бостандығына жете алмай, қиянатшылдардың азабын шегіп, қор 
болған жас қыз тағдыры сөз болады. Шығарманың негізгі сарыны-
146
Қалқаман–Мамыр. – Семипалат, 1912. 5-б.
147
Сонда, 9-б.
148
Сонда, 10-б.


83
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
нан байқалатын бір жай, автор өмірдің өкінішті жағын айту арқылы 
оқушылардың көңілін мұңға бояуды көбірек ескереді. Қамығуды 
білмейтін қаталдар қайғылы іске қынжылмайды, арамдықтан 
жалықпайды, əсіресе қорғансыз жетімдер өмірін шірітуге құмар, əйел 
теңдігін аяққа басып, арсыздық жасайтын солар демек.
Қыз байғұс теңіменен кете қалса,
Аяғы ұлы дүбір дау болады
149
, –
деген автор, бостандық іздеген əйелдер ісін сөкет көретіндердің тиыл-
май жүргенін жұртқа паш етпек.
Мариямның ағасы Нұрқан қалың алып, қарық болмақ. Оның 
əділетсіздігін көре-көре ашынған Мариям: «Сен маған қиянат қылып, 
əуелде бір сатып мал алып едің, екінші қабат сатуға ойланған екенсің, 
жоқ енді мен өз басымды өзім билермін», – деп бекінеді. Көп ұзамай 
Ғалымға кездесіп, оның:
Қадірлі шығар сұңқар өз еліне,
Буынған алтын кемер аш беліне.
Мөлдіреп мағшуғына қарап отыр,
Бұлбұлдың көзі жетпей нəдеріне
150
, –
деген құштарлық сөзін естіген Мариям өзіне сенімді жар тапқандай. 
Бірақ қыздың бұл үміті ақталмайды. Нұрқан, оның қостаушылары 
екі жастың арасына от болып түседі, ақыры оларды айырып тынады. 
Күйігі асып, лажсыздыққа ұшыраған Мариям:
Бола алмас бұрынғыдай есім бүтін,
Сыртым от, осы күнде, ішім түтін.
Дұғадан мен ғарыпты тастай көрме,
Ендігі тіріліктен жоқ үмітім
151
, –
дейді.
Ауыр заманның құрбаны болған қыз туралы «Мариям бұдан 
кейін көп ұзамай есі кіресілі-шығасылы болып, бағзы уақытта есі 
кіріп, бағзы уақытта сөйленіп жүретін еді» дегенді оқисыз.
«Гүлкəшима» – заманындағы елеулі шығармалардың бірі. Онда 
жайсыз заман, надан орта, ескі салт-сана, əйел теңдігі мəселелері 
айрықша сөз болады. Осы мəселелер жөнінде автор демократиялық ой-
ларын ортаға салады. Теріс түсініктер шеңберінен шыға алмаған адам-
дар ісін көрсету арқылы «бір ғибратты» уақиғаның жайы баяндалмақ. 
Адал арманға жол бермеген, небір жандарды лажсыздыққа ұшыратып, 
149
Мұңлы Мариям. – Қазан, 1914. 10-б.
150
Сонда, 20-б.
151
Сонда, 462-б.


84
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
зорлығын өткізген қиянатшылар əшкереленбек, жастардың аянышты 
халдері көрсетілмек. Қалыңға қыз беру, əйелдер теңдігімен есептес-
пеу, асыл жандарды қорлау қалмайды.
Лайықты күйеуге қыз, қыз күйеуге
Бұл жерін ескермейді еш біреу де.
Қыз беру, келін алу біздің жұртқа
Мал алып, мал сатқандай, мысалы сауда
152
, – 
делінеді.
Шығармада жай айтылғандардың бірі – Баймұхамет Медебай 
байдың қызы Гүлкəшима сұлуды көріп, ғашық болып қалады. Оны ой-
ласа тағаты таусылып, жанып-күйіп, көзіне жас толады, құштарлығы 
аса береді.
Сөзімді жүз қайтара жықсаңыз да,
Өлгенше рахметіңнен күдер үзбен.
Ғашықтық сізге сырлас болмақ үшін,
Күйген соң, қайғы отына кетті күшім
153
, –
деп хат жазады. Жігіттің өзі де, оның ғашық болуы да бір алуан, ол 
Гүлкəшиманың ықыласын білмей жатып, оның жолында жан қиюға 
даяр, енді Гүлкəшимадан айрылса, дүниемен қоштаспақ.
Ғашықтық қайғысынан өлгендер көп,
Мəжнүн, ғақлы зая болғандар көп.
Сүйгені бөтен жарға несіп болып,
Айрылып шыбын жаннан қалғандар көп
154
, –
деп өзіне қауіп төндіреді. Оның Гүлкəшимадан үміт үзіп, құса болып, 
«ғашықтықтың отына шыдай алмай», өзін-өзі өлтіргені айтылады. 
Баймұхаметтің теңдікке ұмтылғанын мақұлдаса да, оның əлеуметтік 
мақсаттан құр екенін, өміріне қиянат жасағандығын сынаған М. Се-
ралин:
Келсе хал пайда ойла, қазақ, елге,
Өмірді Байекеңдей берме желге.
Жəуһерін əуейілікпен отқа жаққан,
Ғибрат Баймұхамет білгендерге
155
, – дейді.
Гүлкəшиманың теңдік үшін, арманы үшін көрсеткен күрделі 
ісі онша сөз болмайды. Ол талапқа жол жоқ, лажсыз қор боп өтуге 
жазған деп іштен тынып, тек ауыр халына төзе беруді қанағат ет-
152


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет