Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет21/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107
 Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 18-б.
130
 Сонда, 3-б.


77
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
деп ақыл айтқандарға көнбей қояды. Ол Көтібардың шамына тиерлік 
асқақ сөздер айтады. «Елінде мендей байы жоқ, үйіне ақ тамбаған, 
қамыс үйдің астында жатқан кедей, біздің елден үй таңдап не 
қылады?» дейді. Төрт аяқты мал кімде жоқ, ол кімге арман, батырлық 
жолы бір бөлек деп түсінген Маманды дандайсытуды көп алдында на-
мыс көрген Көтібар егестің тек шабысумен аяқталғанын мəлімдейді.
Саған мен ерлігімді білдірмесем,
Сенімен бір жылатып, күлгізбесем,
Мақтанғаның сабаңның мойны болса,
Төрт бөліп керегеге ілгізбесем
131
.
Ақынның Арыстанға «Қымыздың қызуына желік қылған, 
кек қылып шайтан сөзді неге керек» деп айтқызуына қарағанда, 
Көтібардың егесті өршітпеуі керек еді. Ауыл шапқаны, Айман мен 
Шолпанды жайдақ түйеге мінгізгендігі, үш əйелі бола тұра, Айман-
нан үміттеніп, əуреленгендігі, жұрт тыныштығынан қара басы на-
мысын артық көргендігі үшін Көтібар сыналды. «Жырдың аяғында 
күпілдек, даңғой Көтібар ойлаған ойының бірде-біріне жете алмай, 
ел келемежіне қалып, Айманға уəкіл ата болуды қанағат етеді»
132
делінеді.
Рас, Маман, Көтібар арасынан шыққан дауға Айман мен Шолпан 
дегенмен күйіп кете жаздайды. Алайда, Көтібар Маманды бір тұқыртқан, 
оны «бір жылатып, бір күлгізген» бір ойын орындаған адам болып та 
көрінгендей. Автор оны үнемі қараламайды. «Бəйге алып, ер Көтібар 
елге қайтты. Ішінен Маман батыр қайғы тартты. Жалғанда Көтібардай 
болған бар ма. Жігіттер бұл жалғанды көңіліңе алма» делінеді. Ол 
орынды сөзге құлақ аспайтын, айтқанымнан қайтпан деп қарысқан, 
бірбеткей тентек те емес, кішіпейіл, кешірімшіл екенін де аңғартады. 
Айманның да, Шолпанның да теңіне кетуіне кедергі істемейді, кешегі 
араздасқан адамдармен кексіз татуласады, қатесін мойнына алғандай. 
Маман жуандық көрсетіп, қазақтардың қонағын сыйлайтын, алыстан 
келгенге сыйлы орын беретін салтын бұзбаса, онда Көтібар Маманға 
егесіп, оның ауылын шаппаған да болатын сияқты.
Айман қолда келе жатқан кезінің өзінде жолшыбай тілеулес 
адамдар тауып үлгерді, заманының түрлі жол-жорасына жетілген
ойы алғыр, сөзге ұста екенін танытады. Амалсыз айлаға көшкен Ай-
ман Көтібарды сөзбен шырмап, есек дəмелі етіп қояды. Ол іштей ма-
сайрап, Айман аруды алармын деп ойлайды. Айман Теңге ойлағандай, 
131 
Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 5-б.
132
Қазақ əдебиетінің тарихы. – Алматы: ҚазақССР ҒА баспасы, 1960. 572-б.


78
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Көтібардың аулына «күң» болып келмей, еңсесі биік келеді. 
Көтібардың ержетпеген баласы Есетті де ақылына көндіріп, айтқанын 
орындатады. Ауылға енді тақалған Айманды күндесі көріп, əдейі то-
сып алып, бір мұқатып кетпек: «Мақтаған ат арты күң осы ма» деп 
кекете сөйлеген Теңгені көп тепсіндірмей оп-оңай жуасытады.
Базарға Теңге болсаң, пұл боларсың,
Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың,
Батырдың айтқан сөзі рас болса,
Қолыма су құятын күң боларсың
133
, –
деп басындырмай, басып тастайды.
«Кигені Айман қыздың көкше кебіс, Жігіттер қарай қойшы қыз 
тұлғасын. Арыстан бұл сұлудың тілін алды, Айманның һəр бір түрлі 
айласы бар, Секілді бойы көркем, биік шынар» деген сөздер Айманның 
артықшылығын айтуға арналады. Айман басына қиын-қыстау іс 
түскенде қайрат көрсетеді. Ол кейде Қорен ханның тұлпарын амал-
мен қолына түсірген, беліне семсер іліп, енді Сансызбаймен кетуге 
қамданған Жібекке де ұқсап кетеді. Айман амалын тауып Көтібардың 
Күреңін қолға түсіреді, қару асынады, Əлібектің алдынан шығады.
Айман қыз Күрең атқа алды мініп,
Алтын балдақ қылышын беліне іліп.
Я, батыр, атың тұрмай барады деп,
Дауыстап сөз сөйлейді жетіп келіп
134
.
Айман тұтқыннан қалай құтылу лажын есепке алады. Жауы-
на қай күні шабуыл жасалуы керек екенін алдын ала белгілейді. Ол 
Əлібектің ерте де, кеш те қалмай, мезгілді күннен кешікпеуін Шол-
паннан айтып жібереді.
Əлібекке сəлем де,
Аты болса, байласын.
Азаматын сайласын.
Өткір алмас қаруын,
Өткір қылып қайрасын.
Алпыс күн тəмам біткенше,
Тауыспасын айласын.
Алпыс күн тəмам біткенде,
Кешігіп тағы қалмасын
135
.
133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет