Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет19/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   107
Байланысты:
full

 Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 27-б.
117
Сонда, 33-б.
118
Сонда, 23-б.


73
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Қособадан тосқан қанішер Бекежан бар. Жібекке берген уəдесін 
бұзып, Төлегеннің енді кешігуіне болмайды, ажалдан қорқып, бетінен 
қайту оған жол емес. Базарбайдың қырсығынан оның бұрынғыдай 
қасына ерген «сексен жігіт қосшы, он бес жігіт басшысы» жоқ. 
Дастанның екінші бөліміндегі Базарбай – қайғысы асқан, кінəсін 
мойындаған, «көзі көр болып, көңілі жер болып, санаменен сарғайып, 
қайғыменен қарайып»
119
, өкініш жанышқан жан.
Сансызбай ғашықтық жолына түспеді, көбінесе оның 
намысқорлығы, батырлығы сөз болады. Ол жекпе-жекте Қорен хан-
ды өлтіреді. Жібекті зорлықтан құтқарады, ел шаба келген көп қолға 
тойтарыс береді. Төлеген інісіне айтқан өсиетінде: «қолына семсер 
ал, астыңа арғымақ мін, үстіне сауыт ки», – деген. Мысалы: 
Алтын балтаң, ақ семсер,
Саған арнап соқтырып
Салдырып қойдым сандыққа.
Аш беліңе ілгейсің, 
Бадана көзді кіреуке
Тоғыз қабат көк сауыт
Саған арнап соқтырып,
Будырып кеттім кілемге,
Оны үстіңе кигейсің
120
, –
дейді.
Дастандағы Бекежан – күншіл, қара ниетті қарақшы. Ақын оған 
адамшылық қасиет беруді артық көрген. Ол Төлегенді жазықсыз 
өлтіріп, Жібекті алып, масайрамақ. Оның Төлегенге өшпенділігі сон-
ша, қасындағы қарақшыларымен аңдысып келіп, жан тəсілін бергелі 
жатқан Төлегеннің басына құзғындай үймелеп, оның қалай қиналып 
өлгенін көріп кенелмек, сөйтіп те кегін тарқатпақ.
Атаңа нəлет, алпыс ит,
Жанын өзі берсін деп
Қорлықпенен өлсін деп
Анталап келіп тұрады
121
.
Жібекті күйзеліске ұшыратпақ болғанның бірі Қорен хан – то-
пас, зорлықшыл, тасыр мінезді адам. Ол «қызыңды бермесең, еліңді 
шабам» деп, Сырлыбайға əлек салады. Қореннің баяғының батырын-
дай жекпе-жекке тайынбай баратыны да, орынды сөзге жол беретін 
119
Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 29-б.
120
Сонда, 23-б.
121
 Сонда, 20-б.


74
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
ұстамдылығы бар екені де сөз болады. Қалайда Қорен Бекежан 
сияқты зұлым емес.
Шеге ақын Төлеген, Сансызбайдың ақылгөйі болса, Қаршыға 
ақын Жібекті балапандай баулиды, одан бар ақылын аямайды. 
Бұлар, əсіресе, жаңа тілек жастардың сыйлайтын адамдары. Оларды 
тыңдамаса, Базарбай сияқты адуын ескішілдер тыңдамайды. Сырлы-
бай сасқанда, сөз тауып, Қоренді қаһарынан қайтарған, Жібек пен 
Төлегенді оң жолға сілтеген – Қаршыға. Шеге туралы Төлеген:
Елімнің ақыны, көсемі,
Батыр Шеге дер еді.
Ақылға дана кен еді
122
, –
дейді.
Төлегенді атақ, байлық, батырлық қызықтырмайды, ол бір пəк 
адам бейнесінде көрсетілмек.
Бір сұлу алмай, шешеке-ау,
Сірə да, көңілім тынар ма?
Талап қылған ісінен
Ат басын ерлер бұра ма?
123
Батырлық, байлық кімде жоқ
Ғашықтық жөні бір басқа
124
, –
деген Төлеген жақсы жар іздейді, Жібекті табады.
Алты қазға арналған сөзде Төлегеннің аянышты өлімі, махаббат 
аңсаған таза жүрегі, өкініші, ата-ана, ел-жұртына деген сүйіспеншілігі, 
сырын ашып бермек болған талаппен бірге, Бекежанның зұлымдығы 
шегіне жете əшкереленеді.
Əуелеп ұшқан алты қаз,
Атайын десем, оғым аз.
Қонар болсаң, жануар,
Міне, майдан, міне, саз...
Баратұғын жеріне
Жетпей кетті дегейсің,
Қособаның жолында
Қоса кетті дегейсің.
Маңдайынан аққан қан,
Жоса кетті дегейсің
125
.
122
Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 18-б.
123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет