Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет22/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107
 Шайхысыламұлы Ж. Қисса Айман–Шолпан. – Қазан, 1894. 14-б.
134
Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 17-б.
135
 Сонда, 11-б.


79
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Айман «қабырғасы қатпаған жас бала» деп Шолпанды аяп, ол 
көрер қиыншылықты өзіне жүктейді. Адал, əділ апа екенін ақтап, 
алдымен Шолпанның босанғанын мақұл көреді. Бұл қыздардың жан 
қиысқан татулығы да, туысқандық сезімдері де өзгеше. Айман өзіне 
сенімді «Шырағым, егер бармасаң, бір күннен кейін отын алып, от 
жағып, күң болып кетерсің, мен ешкімнің қорлығына көнбеймін де, 
өлмеймін де»
136
деп, Шолпанды ақылға көндіреді. Айман Шолпанның 
жасық болмай, жауға сыр білдірмейтін қайратты болуын, жазықсыз 
іске мойындамауын ескертеді. Адал жолда азап көрген арман емес, 
жат алдында еңсеңді түсірме, «дұшпанға бекер пенде болғаныңды 
мойындағанымыз жарамас»
137
– дейді.
Айман жұрт жұмысына басшылық еткен, көптің алғысын алған, 
жуандық салыстырып, елді мезілегендер ісін əшкерелеген, əйелдер 
теңдігін қостаған, жауласып, шабысып, елді күйзелту сияқтылардың 
баянсыздығын түсіндірген. Көтібардың ауылын шаппақ болып, байла-
нып келген Əлібекті ақылға көндіріп, егесті жанжалсыз тындырудың 
да лажын тапқан Айман.
Екеуі не қылса да, бітпек болды,
Ойлапты бітісуге жақсы жолды.
Екі жақтан малды аман қайтарғызып,
Маманға Арыстанды күйеу қылды.
Айман қыз елден сөйтіп алды бата,
Ісінде болмаған соң зəре қата
138
.
«Серғазыда» жиырма екі жасында жесір қалған əйел еріне арнаған 
жоқтау сөздерінде өмірге түңіле қарайды. Қалайда бұл шығармаға сол 
кездегі теріс түсінік, ресми көзқарас əсер еткен. Мұнымен қатар, одан 
өткен кездегі қазақ қауымының көптеген шындықтарын байқайсыз. 
Күйігі асқан жесір əйел:
Көзімнің жасын тыяйын,
Албыраған ақша бет
Сүйегіне таяйын.
Мөлдіреген қара көз
Жылауменен ояйын
139
, –
дейді. Ерінің жақсы жақтарын айтып: «Қаптауындай қорғаныш, 
арғымақ аттай серігім еді, жарлыға мейірімді еді, оның барында 
136
Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 7-б.
137
Сонда, 19-б.
138
Сонда, 19-б
139
Қисса Серғазы. – Қазан, 1907. 8-б.


80
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
алшақтап жүрген күнім өтті, тасыған көңілім су сепкендей басылды, 
енді жылай-жылай жүрермін» – деп қамығады.
Көңілі толық көпшілім,
Ғаріпке жəрдем болғандай.
Көркі кетті үйіңнің
Бəйшешегі солғандай
140
.
Бұл сөздерден жесір қалған əйелдің ауыр халде қалатыны да 
көрінгендей.
«Ихсан–Марияда» да жесір қалып, күйікті болған жас əйел жайы 
сөз болады. Шығарма тілдік, сюжеттік жөнінен «Серғазыға» ұқсас, 
уақиға жоқтау түрінде баяндалады. Мұнда да:
Мөлдіреген қара көз,
Жылауменен ояйын
141
, –
деген жолдар бар. Серғазының тақуалығын ескерткен сөзде:
Жайнамазын жайдырған,
Жанына шайды қойдырған, –
делінсе, Ихсанның тақуалығы жайында мынадай сөздер бар:
Оқалап тіктім жайнамаз,
Оқыдыңыз бес намаз
142
.
Ихсанда Серғазыдай «құдай деген» адамның бірі ретінде 
көрсетілмек, ол да туған-туысқаны, əйеліне қадірлі, Ихсанның əйелі 
де ерін күйіне жырлайды:
Биік таудың басында,
Тұнып бір аққан бұлағым.
Дария суды жағалай
Балғын бір өскен құрағым
143
.
Бұл əйелдер сөздерінен адам рухын əлсіреткен ауыр заман 
бейнесі көрінеді. Олар ол кездегі өмірдің жесір əйелге берер ауыр 
азабы бар екенін де ойлап, аһ ұрғандар сияқты, ауыздарына:
Жалғызым, қалқам сен үшін,
Дүниеде жылап өтейін
144
, –
деген сөздер түседі.
«Фершіл қызда» дəрігерлік білім алып, ел ішіне келген жас 
қыздың теңдік іздегені сөз болады. Бұл шығарманың бір құндылығы 
140
Қисса Серғазы. – Қазан, 1907. 4-б.
141
Сонда, 3-б.
142
Қисса Ихсан–Мария. – Қазан, 1912. 18-б.
143
Қисса Серғазы. – Қазан, 1907. 6-б.
144
Қисса Ихсан–Мария. – Қазан, 1912. 14-б.


81
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
– əйел теңдігін мəселе етіп көрсетуінде. Қыз «өзімді сөзден жеңген 
теңіме тием» деп серт береді. Қыз бен жігіттің айтысы беріледі. Сөз 
үстінде жігіттің əйелі бар екенін білген қыз:
Ақ көлдің оты жақсы, суы тəтті,
Бір аққу талып келіп, қона қайтты.
Аққудың оттайтұғын оты басқа,
Жемісі маңайында болса жақсы.
Ақ көлде от жоқ болса, су да опасыз,
Ей, мырза, осы арасын ойлап тапшы
145
, –
деп əйел үстіне баруды ар көретінін аңғартады. «Бұзылған шырыш 
болсаң, маңайында жеміс жоқ тақыр көл боласың, қонақтайтын мен 
жоқ» деп тұжыра сөйлейді.
Жайы баяндалған жігіт пен қыздың түсініктері бір-біріне 
жуыспайды. Жігіт надандық шырмауында жүргендігін білдірсе, 
қыз əділдікті, мəдениеттілікті аңсаған, қалың малға қарсы, əйел 
теңдігін тілеген адам болып көрінеді. Дандайси сөйлеген қаракесек 
Қаз дауысты Қазыбек бидің немересі:
Жақсы болсаң, аламын қатын қылып,
От жаққан жаман болсаң, күң боларсың.
Қызыл тілдің қиналған бір олжасы,
Сатсам да, басың жас қой, пұл боларсың, –
дейді.
Жігіттің тұрпайы сөздерінен түңілген қыз аузына:
Шошқаның ең үлкені қара қабан,
Бас қостым жақсылармен ода заман.
Мысыққа ойын, тышқанға өлім керек,
Қалады құмар болып сендей жаман, – 
деген сөздер түседі.
«Қалқаман–Мамырда» өткен кездегі қазақ халқының көне өмірі 
көрсетіледі. Арманы ақталмаған жастар жайы сөз болады, заманының 
өктем өкілдерінің теріс істері сыналады. Шығармада, дəл «Еңлік–
Кебектегідей», егескен азулы екі ру, елдің асқынған дауы баяндал-
майды, бір ру ішіндегі адамдардың өзара кектесіп, кісі өлтіріскені сөз 
болады. Жайы баяндалған Мамыр мен Қалқаманның тағдыры, көрген 
зорлықтары кейде Еңлік пен Кебекке ұқсас келгенмен, бірақ олардың 
істері, мінездері, түсініктері бір өреде емес. Қалқаманның Кебек-
тей ел үшін «жанын сыйлаған» батыр екені айтылмайды. Қалқаман 
ғашықтығын діни ұғымдарға сүйене түсіндіреді.
145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет