Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет20/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   107
 Сонда, 5-б.
124
Қазақ халқының ауыз əдебиеті. – Алматы: Қазақ ССР ҒА баспасы, 1950. 548-б.
125
 Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 26-б.


75
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Жібек – ортадан оза туған, терең махаббат иесі, ер қыз. Ол өзі 
таңдаған адамға ғана қосылмақ. Жібектің Бекежанға деген кешпес 
кегі бар. Жар қадірін біліп, оның өлімін жоқтай білген Жібек алты 
ағасына айтып, Бекежанды өлтіртеді.
Мойнына арқан салады,
Сүйретіп барып алтауы
Төлегеннің жолына 
Құрбандық қылып шалады
126
.
Жібек Қореннен безінсе, содырлығын, топастығын байқап 
безінеді. Қореннің жар қадірін білмейтін, махаббаттан хабарсыз 
бақыр басты еркек екені мəлім болады. Сандалкөкті сұрата жіберген 
Жібектің жеңгесіне Қорен:
Сандалкөкті сұрама,
Тимесе Жібек тимесін.
Сандалды сұрап күймесін,
Ерлер мінер тұлпарды
Қатындар міну бола ма,
Бермеймін, жеңеше, сұрама
127
, –
дейді.
Жібектің қапияда ақыл тауып, Қоренді оп-оңай орға жыққаны 
айтылмақ. Қорен Жібектің неге бастап жүргенінен хабарсыз, оның 
семсерін асынып, Сандалкөгін мініп, жүйткізіп жүрген Жібекті көріп, 
əбігерленеді, ойы қосылмаған қызды сырттай иемденгендігі үшін 
Қорен əжуаланады.
Япырым-ау, япырым,
Байқадың ба, бозбала,
Қыз Жібектің ғафылын.
Көксандалды жүгіртіп,
Қыз Жібек менің қатыным.
Басы қатты Сандалкөк,
Тастап кетіп жүрмесін
Айналайын, Жібек-ау,
Ақырын шапшы, ақырын
128
.
Жібектің жұбанышы, қуанышы, күйініші, қайғысы, артықша ма-
хаббаты, барлығы айрықша сөз болады. Көксандалды «ұйытқытып 
заулап» келе жатқан Жібек айдынды батырға ұқсап кеткендей. 
126
Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 28-б.
127
 Сонда, 34-б.
128
Сонда, 38-б.


76
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Төлегенді қарсы алуға бара жатқан, жар есігін ашпаған жаңа тілеу 
үстіндегі сезім толқыны да, қуанышы да, күдігі де өзгеше.
Қалам ба деп ұялып,
Жан-жағына ойқастап.
Кер маралдай керіліп,
Тəңір берген екі аяқ,
Бір басарға ерініп.
Үйден шыққан Қыз Жібек
Сүмбіледей жылтылдап.
Буындары былқылдап
Айдында туған Қыз Жібек
Отауға қарай жөнелді
129
.
«Айман–Шолпан» – заманына қарай композициялық құрылысы 
жатық, реалистік сипат алған, жайы баяндалған адамдар ісі, қазақ 
өмірінің бір кездегі қалпына сай, тілі шебер шығарма. Шығарма 
заманының шындығынан қазақ қауымының салт-сана өмірінен көптеген 
құнды мағлұмат береді. Жаңа талап жастардың жарқын ойлы, əділ істі 
болуын тілеп, оларды ерлікке шақырып, əйелдерді теңсіздікте ұстауға 
қарсылық білдіргенді көресіз. Шығармада жан-жақты сипатталып, ке-
мелдене түскен кейіпкерлер – Айман мен Көтібар. Айтыс-тартысқа 
арналған түрлі уақиғалар осы екеуінің маңайына топтастырылған. 
Автордың өмірге деген түсінігін де алдымен солар арқылы байқайсыз. 
Қоғамдық келбеті айқындалып, шегіне жетпеген, алғашында Көтібарды 
қостамаса да, кейін ағасының көңілін қимай, Маманның ауылын шабуға 
қатысқан Арыстан Айманды босатпақ болып, қол жинап, Көтібардың 
ауылын шабуға келген Əлібек өздерінің ұнамды-ау деген жақтарын 
Айманның ақылын алғандығы арқасында көрсетіп жүрген сияқты. 
Арыстан Айманның айтуы бойынша Шолпанды босатады. Шолпанға 
атастырылады. Ал, Əлібек болса, ол да Айманның ақылын бұзбайды.
Шөмекей, Шекті рулары бас қосқан үлкен ас. «Хайуан мал-
ды тегіс берген, терісін бес айғырдың саба қылған» Маман бай мен 
Көтібар батыр арасынан дау шығады. «Тоғыз нарға тоғалақтап шай 
мен қант артып», шалғайдан салтанатпен келген Көтібар асқа тігілген 
алтын үйге түспек. Көтібардың алыстан келген сыйлы қонақ екенімен 
есептеспей, жуандық салыстырған, алтын үйді бермеген Маман:
Мамеке-ай, сөздің затын білмейсіз бе,
Өзге үйге орын беріп, кірмейсіз бе
130
, –
129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет