137
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
2. Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
3. Қиянатшыл болуды естен кеткіз.
4. Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
5. Бір бес надан оңбассың... жəне тағысын-тағылар.
Абай осындай өсиет сөздерін өмірді терең түсінгендігіне сүйене
айтады жəне оның ақыл сөздері, қазақ халқының өзгешеліктеріне
байланысты туған, көпке арналған үлгілі сөздер болып келеді.
Абай өз заманының əділетсіздіктерін, бұзықтарын, ұлықтарын,
мейірімсіз байларын тағы-тағыларды қатты сынап, марғау өмірдің
сұрықсыз уəкілдеріне тіксіне қарады. Ол ескі өмірді аңсап жатпады.
Шиден шекпен, матамен əдіптеткен жырым балақ шалбар, мықшима
етік, үлкен кісі, дəндəку, күлəпара, тобылғыдан жасалған құрысқақ,
пыстан сияқты өз заманынан бұрынғы өмір елесін ақын көксемеді.
Ондайлардың сырылуы өмір заңынан туған деп түсінген Абай артқа
шола қарап, қазіргі жағдайға көз салып, алдын аңғармақ болып, келе-
шектен үміттенеді.
Абай қазақ жағдайындағы капиталистік əуенді көріп, даңғыл жол
сауда-саттық жолы шығар деп, соны місе тұтпаса да, бірақ осының
өзінде заманына қарай бір мəн бар ма екен? Бұл да бір қоғам өмірінің
жаңалығы шығар деп қалған сияқты. Кейде саудагерлердің де өмірде
қажетті орны бар екенін көргісі келеді, олар ел жеген ұлық, не:
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар жалмауыз...
269
Сыбырдан басқа сыры жоқ,
Шаруаға қыры жоқ
270
, –
сияқты кеселді пысықтардан көп игі сияқты, олар қоғам ісіне аз да
болса пайдалы деп білген Абай жазғытұрым «Жаңа бұлмен жамырап
жүрген» саудагерлерден шошынбайды. Бұлар мүлгіп жатқан өмірге
қозғау салып, ел арасына ауыс-түйіс туғызғандар болып көрінеді.
Шортанбай: ел арасына ала-құлалық кірді, біреу – кедей,
енді біреу – зəлім, біреуден-біреу амалмен асып, орға жығысып,
жанталасқандар бар.
Бай кедейді көрмеді,
Кедей байға ермеді.
269
Достарыңызбен бөлісу: