131
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Заманның ұсқынынан шошынушылық
Асан айтты деген
əңгімелерден де сезіле бастаса, осы секілді ой сарыны Дулат, Шортан-
байдан бұрын ақындық дəуір өткізген Бұқарда да аз емес еді. Желмаяға
мініп, жерұйық іздеу, қой үстіне бозторғай жұмыртқалағандай заман
көксеу Асан айтқандарынан сезілетін еді десек, «кісісі жүзге келмей
өлмеген, қойы екі қабат қоздаған» жай іздеуді Бұқардан көреміз.
Алдыңғы ақындарды ескерусіз қалдырмаған Абай өткенге көз
жіберіп, қазіргі жағдайдың кемшілігін сынап ашына сөйлейді, ке-
лешек жақсы өмірден үміттенеді. Өзінің ақындық ісін надандықпен
күресу, жұртқа үлгі беру, жігерлендіру,
көпшіліктің ойын ояту ісіне
арнайды; ерлік, бірлік кетсе, тірлік не болмақ? Келешек не болмақ?
Заман тапшылығына ұшырағанын:
Кетті бірлік,
Сөнді ерлік.
Енді кімге беттемек
250
, –
деп қынжылды, уайымдады. Ел ішінде əлдеқандай əкімшілік күшіне
айналған пасықтарды шенейді, ел арасына іріткі салған жалақор,
арызқорлардың халықтың сау денесіне жабысқан індет екенін
түсіндірді.
Бұқардың:
Жиделі-Байсын жеріңіз –
Кісісі жүзге келмей өлмеген.
Қойы екі қабат қоздаған
251
, –
деген сөздері оның өзінше кеңшілік, теңшілік іздегені еді де-
сек айтқанын, ізгі идея сезілген түрлі ой, аңыз əңгімелерді тіпті
ұқыптамады, олардан керекті түйін жасалады деу де қиын. Халық
қамы үшін
желмаямен жер кезіп, жерұйық іздеген Асан əңгімесі, бол-
маса адам баласымен қоса күллі жан иесін аяп гуманистік зор қиял
айтылған:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер?, –
деген сөздер де ұлы ақынға ой салған шығар. Мұндай сөздердің
ақынның сезіміне əсер етіп, бұқарашыл болуына, халық қамын ойлау
ісіне əлдеқандай дəнекер болуы таңданарлық нəрсе емес. Бір-біріне
күн көрсетпеген адамдарды, елдерді көрген ақын халыққа жақсы өмір
тілеп, аз толғанбаған.
250
Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 1948. 108-б.
251
Қазақ ССР ҒА архивы. Бұқар шығармалары. 3-б.
132
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Абайдан бұрын халық арасына пікір таратып, еңбектенген
қазақ
ақындары заманына, шамасына қарай талай-талай ой-
лар айтқан. Сондай ақындардың бірі Бұқар соғыс ашпақ болған
Абылайға:
Өтіңменен жарылма,
Басына мұнша көтерген.
Жұртқа жаулық сағынба
252
,
деп ел қамын ойла, жұрт күйзелісін, өз шамаңды да байқа, халық
мүддесінен асам деп арындама дегенді айтады. Бұқар ойының
əлдеқандай жалғасы ретінде пікір білдірген Дулат:
Өсіру де еліңнен,
Кешіру де еліңнен,
Бақыт та елден қонады,
Дəулет те елден қонады,
Еліменен ер жетіп
Емендей
өсіп толады
253
, –
деп азаматтың алтын бесігі – өсірген елі екенін ескертеді, халықтың
күйзелмей жарқын өмірмен жадырап еркіндікте болуын тілейді.
Бұқар Абылайды ақылға көндіріп, оны жауласудан тыймақ: ел
бейбітшіліктен айырылып, бүліншілікке ұшырамасын, бір тілегің
мынау болсын:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа
254
, –
дейді.
Еркіндік іздеген Бұқар халықтармен тату тұр, орыспен егеспе,
кешегі хан төгіскен қалмақтармен де жауласпа деген тілегін мына
жолдардан білдіреді:
Отының
болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан
255
, –
деп қалмақ қызын жатсынба, өз күшіңді көпсінбе, басқа халықтармен
жағыса біл деген сияқты өсиеттерін айрықша ескертеді, өзінің
соғысшылыққа қарсы екендігін ашық айтады.
Абай тек өз елін мадақтап, өзге елдерге күле қарайтындардың
өрескел істеріне көз тігеді, əр жұрттың өзара ажуаласуы татулық ісіне
252
ТƏИ архивы. Бұқар шығармалары, 8-б.
253
Сонда. Дулат Байбатайұлы шығармалары. 60-б.
254
Сонда. Бұқар шығармалары. 18-б.
255
Сонда. Бұқар шығармалары. 10-б.
133
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
дəнекер емес, бұл өмір ісіне дұрыс түсінбегендіктен туып жүрген бір
əдет деп түсінеді. «Шүлдіреген тəжік, түйеден
қорыққан ноғай, ноғай
дегенше ноқай десеңші, бакалшік ноғай, ауылды көрсе, шапқан жа-
ман сасыра бас орыс»
256
– деген сияқты кекету ажуаласуды еске ала
келіп, басқа халықтарға күле қарап, олардан бойды аулақ ұстап, өзге
елдің керектісінен үлгі алудан қашуды қостамайды. «Орысша оқу
керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыста тұр. За-
лалынан қашық бол, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын
білмек керек»
257
, – дейді. Басқа халықтың «пайдасына» ортақ болудың
лажын
табу шарт, өзің өсу үшін өзге халықтармен айласпай болмай-
ды, халықтар достығы болмаса, бір елді екінші елдің кемітуі қалмаса,
шын даму, өркендеу қиын деген қорытынды жасайды.
Абай намысқа, адамшылыққа бағына отырып, дамуды тілейді.
Өткен өміріміздің де үлгілі жақтары бар еді, рас, бұрынғы біздің ата-
бабаларымыздың бұл замандылардан білімі, күтімі, сыпайылығы,
тілі, тазалығы төмен болған»
258
бірақ олардың намысқорлығы,
берекешілдігі артықша еді. Алалықтан қашып, ұйымшыл болуды тілеп
тұратындығы кейінгіге ғибрат боларлық қасиеттері еді деп түсінеді.
Кемшілікті тек қазбалаумен ғана болмай өміріміздің керекті,
пайда-
лы жақтарын көрумен бірге, жақсыны іске асыра білу, осы бағытта
əрекет жасау қажет. Тек кемшілікті айтуға тақыстанып, дұрысты
көрмей бойкүйездікке салынудан не өнбек? Ойды дұрыс тəрбиелемей,
жалақорлыққа бой ұрсаң, алдымен керектіні көре білмесең, оны
ел игілігіне жарата білмесең, онда сенің кім болғаның? – демек.
Жақсылықтан жақсылық туатынын да біл, жамандықтың қабындап
кетпеуіне сақ бол, түймедей кемшілікті түйедей етіп көрсетудің түбі
қауіп, өзіңді, ойыңды бұзып, жалақорлыққа салынғандығың, зиян
көрсетем
деп өзіңнің зиянды болғаның, намысқорлық, ұйымшылдық,
өзара жақсы ниетшіл болушылық зор қасиет деп білген Абай, бір жан-
нан бұрынғыларды қостап, олардың айтқандарын қайталап: «Алтау ала
болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», – дейді.
Бұқар Абылайдың халықтан алыстап, атақ іздеп, жауынгерлікке,
төрешілдікке салынбауын ескертеді:
Қатын алма төреден,
Қатын алсаң төреден,
256
Достарыңызбен бөлісу: