139
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Бай мен кедей арасындағы əлеуметтік алшақтықты терең түсінген
Абай мал бағудан қолы босамай, үйінде үзбей жағып отырарлық оты-
ны да жоқ кедей, оның тон илеп, шекпен тігіп, бүрсеңдеген əйелі, жы-
лына алмай «өле жаздап» жүрген жас баласы, ондай үйдің «кемпір-
шалы бар болса қандай қиын» екенін сөз етеді. Абай кедейдің өмірін
баймен салыстыра келіп:
Кəрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі.
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы
275
, –
дейді. Отына күйіп, суығына тоңып, салпақтап малын бағып жүрген
жалшыны жасытып ұстаған мейірімсіз байды көрген ақын: «байда
мейір, жалшыда пейіл жоқ аңдыстырған екеуін құдайым-ай!» деп на-
заланады.
Абай дінді бетке ұстап мүлəйімсігендер қараңғылыққа,
надандыққа бастап, мəдениетсіздікке апарады. «Қараңғылық пердесі»
діншілдер, мұсылмандық қарыз өтегенсіп, зəлімдік жасайды деп
түсінеді. Сырты əулиесінгенмен іші арам: «Кейбірі пірге қол берген-
дерден» не қайран, олардың үйретпек түгіл, өздері надандық, арамдық
шырмауында жүргендер екенін айтады. Кейде мұңға басқан Абай:
«Молдасындай бақсының – жалғыз қалдым – тап шыным» десе де,
бірақ өзінің «мыңмен жалғыз» алысып қайрат, ерлік көрсеткендігін,
көптің ойын оятып, көзін ашу ісіне өмірін сарп еткендігін ұмытпайды.
Өнер-білім арқылы ерлікті, бірлікті жоғары ұстау арқылы келешек
кемелденбек:
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға татулас
276
, – дейді.
Абай ақындық ісін бастамас бұрын Европа жағдайында клас-
сицизм, сентиментализм ағымдары болды, өмірді романтикалық
түрде, не реалистік түрде көрсетуді құнттап, шындықты айту ке-
рек деген жазушылар тобы бар еді. Түрлі ағымдар туралы Абай ар-
наулы ойын əдейілеп айтып, теориялық еңбек жазбаған. Абайдың
көркем шығармаларынан оның өмірді ақындықпен көрсеткенде
қандай жол қолданғандығы жəне оның шыншылдығы туралы түрлі
қорытындылар жасауға болады.
275
Достарыңызбен бөлісу: