Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет41/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 204-б.


142
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
дейді. Өмір шындығын жасырмай, асырмай, сынай айтуды өте 
құнттаған, реалист, шыншыл ақын болуды аңсаған Абай, «Мұң мен 
зарды қолға» алып, жəбір көрушілікті, қасіретті өрбітіп отырған 
жағдайды «алыс-жақынға» білдіруді арман етеді, ақындығын 
бұқараның игілігіне жұмсау үшін «улы сия, ащы тіл» аямайтындығын 
білдіріп «Қыранша қарап Қырымға», ерлік жасамақ, шынды айт, сына, 
ерлігің жетпесе, онда айтарыңды айта алмай, қор боласың демек, 
адал, өршіл ойын халыққа жеткізуді тілейді. Күмілжуден сақтанып, 
жігермен ашына сөйлеу, зұлымдардың бет пердесін алып, бер жағы 
жылтырап нəуетексінгенмен, ар жағында пасықтық бар адамдардың 
халыққа жау екенін көре білді. Абай көп үшін қайрат көрсетіп, 
əділеттіктен қашып, шындыққа бас имеу ақындықты бүлдіреді, 
бұзады деп түсінді.
Абай ақындықтың бос мақтау, шындықтың шегінен шыға 
даурыққа салына сөйлеу ісіне арналмауын көп ескерді, ойдың, 
түсініктің мұндай əлпеті бар жерден шындықты күтпейді.
Өмір шындығын көрмей, оны қиялдан туған мүлтіксіз дүниеге 
айналдыруға Абай бой ұрмаған, тұрмыстың шын бейнесіне жа-
наспайтын қиялдан туған өмір көрсетуден өзін аулақ ұстайды. 
Тақыстыққа салынып, əйеңкестеніп, ойын батыл айтудан бас тартқан 
Абайды көрмейсіз. Жағдайсыз өмірдің түрлі тұсауларын үзіп, өмірді 
өзгертпек болған ақын көп көзін ашу мақсатымен талай-талай зор 
мағыналы, көркем шығармалар жазды. Халықты жақсылыққа, келе-
шекке шақырады.
Болуы неғайбыл өмірді көксеген ақындардың романтикалық, 
утопиялық түсінігін алсақ, олар шындық үшін, боларлық өмір 
үшін күресудің орнына, капиталистік, тағы басқа түрлі қарым-
қатынастардан, өмірде болған əлеуметтік қайшылықтың жағымсыз 
істерінен безініп, өздерін шын өмірден аулақ ұстап, кейде өткенді 
көксеп, көз алдындағы дүниені жөнді көрмей, алға басу ісіне дұрыс 
шақырмай, тұрмыс ісінен жырақ қалудан аман болмады. Мұндай 
ақындар алдындағы тұрмысты қанағат қылмай, кейде арманды 
өткеннен іздеп, келешекке көз салып қанығы пікір айтуға шорқақтық 
етті. Келешекке күмəнмен қарап, зарға басқан Шортанбай сияқты 
ақындар кейде өз өресін өздері тарылтып, қайда барарына жол тап-
пай састы. Халықты жегідей жегендерді көрсе де, азаптан қалай 
құтылудың лажын таппай уайымды ойлар айтты, торығушылыққа 
бой ұрды. Абай халықтың келешегіне сеніп, парасатқа, интуицияға, 
ерлікке сүйеніп, бостандыққа, надандықтан құтылуға үгіттеді. Абай 


143
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
бүгінгіден безбеді, сол өмірдің жағымсыз жақтарын қатты сынайды, 
адал ойын жүзеге асыруды ойлап, өткен өмірге бет бұрып жар салу, 
бүгінгінің қамы деп түсінбеді.
Абай романтикалық ойдан қақас болған ақын емес, ол келе-
шекке сеніп, зор үміт күтті, бірақ бұл жөнде бос қиялға салынбады. 
Өз заманындағы болып жатқан өмір ісіне терең қарап, тұрмыс ісін 
прогресшілдікпен түсінді. Бүгінгіні, ертеңгіні, өткенді білуді ойлап
болашақтың рухы қайда екенін білуге ынта салды. Абай болып жатқан 
іс, зерттеген құбылыстың беталысын мөлшерлеп айтуды құнттайды. 
Ақын шығармаларында қиял еткен арманын да айта отырды, əрине, 
Абай жасаған қиял, өмірге жанасымсыз қиял емес еді.
Қиял мен қиялдың бəрі бірдей емес екені даусыз мəселе. Орын-
ды да, орынсыз да қиял болуы мүмкін. Ал қандай қиял туралы сөз 
болу керек? Абай жасаған қиял туралы ескертейік дегеніміз, өмірге 
жанастығы бар, өмір заңына қайшы келмейтін қиял, мұндай қиялды 
кезіндегі өмірді болашақ өмірмен шендестіре көрсетіп, яғни өмірдің 
бағытын барлап, алға жөн сілтей білуден ғана көруге болады. Абай 
аңсаған қиял мен арман, мəнерсіз ойдан туған алданыш шындық емес 
еді, бостандық іздеген, прогресшіл халық тəжірибесіне сүйенген, терең 
ойлану-толғану нəтижесінде шыққан мөлшерлі шындық, бүгінгіге ғана 
қанағаттанып қоймай, өмірдің келешек өрісі қалай бет алмақ, алда 
не бар, міне солар жайында жол сілтейтін, өмірде орны бар қиял мен 
шындық еді – Абай романтикасының бір өзгешелігін осыдан көру жөн.
Шын мағынасында, реалистік түсінік пен романтикалық түсініктер, 
бір-бірінен бөлек, аралары жуыспайтын нəрселер емес деген пікірді 
дұрыс десек, бұларды бір-бірінен айырып тастаудың қажеті жоқ, өйткені 
олар бір мəнді нəрсенің, болмаса бір бағыттағы ақындардың көркемдік 
санасы мен дүние тану əлбетінің бір түрі ретінде, бірінен бірі ажырамай 
тұтас келуі мүмкін. Сондықтан Абайдың романтикалық түсінігі мен 
оның реалистік түсінігі бір-бірімен ұштасып жатады. Бүгінгі күннің 
тəжірибесіне сүйеніп, ертеңгі күн туралы болжам жасауға болмай ма? 
Тұрмыстың жақсаруы қиыншылықтарды жеңу жайында қиял етуге 
болмай ма? Жақсы, бақытты өмірге, қазіргіден артық тұрмысқа жет-
сек деп үміт жасау артық па? Абай өзінің шыншылдық, сыншылдық, 
романтикалық істерінде осы мəселелерді айрықша ескереді. Абай 
ақындығының бір құнды жағын осы ескерткендерден де байқаймыз. 
Ақын «ғылымды іздеп, дүниені көздеп», бүгінгі мен келешекке үңіледі, 
«құлағын салмас, тіліңді алмас» надандардан түңіледі. Заманына 
наразылық білдіріп:


144
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы менен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың
280
, –
деген ақын келешектен күткен арманын аңғартып, «Жақсы менен жа-
манды» айыра білген, ғылым іздеп, өнері өсіп, өркендеген қазақ елін 
көруді арман етеді.
Абайдың қырағылықпен келешекке көз жіберіп, болашақтың 
рухын сезе білуіне оның себебі – өмірге прогресшілдікпен баға бере 
білуде, адам баласы даму бағытына көз салып, күрделі мəселелерге на-
зар аудара білушілікте. Халықтың шын мүддесін көздей біліп, өмірді 
шындыққа сүйене тану да, келешегі бар өмір əлпетін жақтай білушілік 
те, болашақ заманда жақсы өмір тілейтін халықтікі екенінде. Абай 
халықты қостамаса, сонымен тілектес болмаса, онда ақын реализмнің 
өрісі кең, шыншыл, сыншыл реализм болмаған болар еді. Абай 
реализмнің енді бір үлгілі жағын осыдан аңғаруға болады.
Айрықша көңіл бөлетін мəселе: Абайдың тарихи жағдайға сəйкес 
нақтылы мінез, кескін сипат көрсете білгендігі. Өмірді, адамды бұлай 
көрсету, реализм жолында болған ақын, жазушылардың бір ескер-
ген ісі. Өмірді шын көрсету өте қиын, өте жауапты мəселе, мұндайда 
күмілжімейтін, шынды айтудан жасқанбайтын қажырлылық, зор 
ар, қырағылық, парасаттылық керек. Ақынның өмірге түсіне білуі 
қажет, тарихтың даму мəселесі мен мағлұматы болуы шарт. Көрсетіп 
отырған адамның мінезін, құлқын, еткен арманын, көздеген мақсатын, 
адамгершілігін, өзі суреттеп отырған өмірдің келешекте өркендерлік 
орны бар басым жағын көрсетіп, тұрмысқа көз салып, оның сырын 
білуге тырыспаған, прогресшілдікпен рух алмаған, өмірге жеңіл 
түсінген ақын, жазушы шындықтың тек сыртын ашқанмен, сол 
шындықтың ішкі сырын терең ашып береді, тарихи жағдайға сəйкес 
нақтылы өмір көрсетеді деу қиын. Ақын дарынды, білімді, тəрбиелі 
болғанның өзінде де, айтқан шарттарды ескермесе, онда ол өмір ісін
адамдардың сипатын толық көрсете алмақ емес.
Тарихи жағдайда болған адамдардың тек сыртқы сипатын, мінез-
құлқын көрсетіп қоймай, ол адамдардың өмірдегі күресінің мақсаты 
не екенін ескеру – бұл қандай ақын, жазушының болсын назар са-
латын мəселелерінің бірі. Өмір ісіне қатынасқан адамдардың түрлі-
түрлі ісін, психологиясын, ойын, сезімін көрсету үшін, ол адамдардың 
280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет